Орынды сын
Аплатон бір топ достарының арасында отырған Сократқа: ―Өткенде
көпшіліктің көзінше бір досыңды жазғырдың. Сол сөздеріңді жеке айтсаң да болмас па?‖ – дейді. Сократ сонда: ―Мені бұлай жазғырғанша, өзің де маған жеке айтсаң болар еді ғой‖, – деп өзгеге сын айтпас бұрын, сол ақылды өзі орындау керегін білдіреді.