Ұлыбританияда бұрын-соңды болмаған алып компания құру керек болды. Бiрақ бұл iстi тез арада Ұлыбритания әдiлеттi саудасының бюросын (ОФТ) бақылауға кiрiстi. Өйткенi жаңа алып компания тележарнамадан рұқсат етiлген 25% қарама — қарсы 30 — 40 % кiрiстi иемдендi.
Британдық коммерциялық эфирлiк телевидениедегi жекеменшiктiң концентрациясы мен монополизациясының жаңаша дамуының инициаторы Майкл Грин болғаны қызық. Ол бiрiншi болып «Сентрел телевижн» лицензиясын сатып алып шектен тыс шығып кеткен. Бiрақ, бақылаушылар оның лорд Холликпен болатын болашақ қарым-қатынасының мiнезi туралы бiрнеше ойға келдi. Майкл Грин болашақ бiрiккен компанияның стратегиясын анықтаумен айналысады, ол лорд Холлик — күнделiктi менеджмент болатынын ресми түрде жариялаған. Ол компанияның аты ‘’Карлтон юнайтед’’ деп аталатын болды. Дегенмен, көбiсi Холлик сияқты адамның ендi барлық стратегияны Майкл Гриннiң қолына берiп қояды дегенге күмәнмен қарады. Өйткенi ол лорд Стивенстiң басылымдық компаниясымен қосылғаннан кейiн жарты жылдың iшiнде оны басшылықтан алыстатқан. Осылай екi телекомпанияның бiрiгуi таң қалдырды. 26 қарашаға дейiн журналистерге Грин мен Холлик бiрiгiп қызмет ету сұрақтары туралы сөйлесiп жатыр деп айтты. Бiрақ кейбiр бақылаушылардың байқағаны, «Карлтон» мен «Юнайтедтiң» қосылуы авантюра емес, заңдылық. Бiрiншiден, бұл екi компанияға да бағдарламаларын нығайтуға мүмкiндiк бередi. Осы көрсеткiш бойынша «Карлтон» мен «Юнайтед» бағдарлама беру көлемдерiне қарамай, британдық телевизиялардың ең әлсiздерiнiң бiрi. Екiншiден, 40 млн. Фунт стерлингке дейiн қаражатты үнемдей алады, керексiз шығынды жояды. Ал егер iс жүзеге аспаған жағдайда сахнаға Ұлыбританияның коммерциялық эфирлiк телевидениесiнiң үшiншi орынға «Гранада груп» шығады. «Гранада груп» — «Гранада телевижн» телевизиялық топтамасы Джерри Робинсонның басшылығымен коммерциялық эфирлiк телевидения ассоциасының «Ай — ти – ви» бағдарламасының үлкен бөлiгiн дайындайды. Осы уақытта мынадай сыбыс тарай бастады: британдық телевиденияның төртiншi iрi «ойыншысы» шотландиялық «Скоттиш мидиа» компаниясы «Джинджер мидиа груп» компаниясын сатып алады деп сөз тарады. Бұл компанияның акциясының көбiн әйгiлi британдық телевизия мен радио жүргiзушiсi Крис Эванс иемдендi. Бұл компания поп және рок музыкасын беретiн ұлттық «Вирджин» радиостанциясына ие. Егер «Скоттиш мидиа», «Вирджин» радиосынан басқа телестудияларға ие. «Джинджер» компаниясын сатып алса, онда бұл шотландтық телекомпаниясы Ұлыбритания телевидениесiнде салмақты үшiншi «ойыншының» орнына тұрып алуға мүмкiндiгi болады. Осылайша Ұлыбританияның жекеменшiк эфирлiк телеиндустиряда басшылыққа үлкен күрес басталды. Крис Смиттiң айтуы бойынша, бұл күрес екi жылдан кейiн барлық индустрия екi немесе бiр адамның қолында болуы мүмкiн.