Аяғымды қысады

Аяғымды қысады
Көне Римнің атақты генералының әйелі перідей сұлу болады. Оның мәдениеттілігі, көркем мінезі, өзін ұстау мәнері, сыпайлылығы мен
қонақжайлылығы, тағы басқа да әсем қасиеттері күллі Римге танымал болғанымен, күндердің бірінде генерал онымен ажыраспақшы болады.
Генералдың жақын достары болған-біткеннің мән-жайын білейін деп, асығыс алынған болса мұндай шешімінен бас тартқызайық деп қасына барады:
— Жұбайың Римнің ең сұлу, елдің қызыға да қызғана қарайтын әйел.. – деп әйелдің жақсы жақтарын біраз мақтап отырады да негізгі сұрақты қояды, –
..осының бәрін біліп тұрып, онымен ажырасуды қалайша қиясың?
Генерал тыңдап отырып, бір кезде аяғындағы етікті көрсетіп, сұрайды:
— Етігім қалай, ұнайды ма соны айтыңдаршы алдыменен.
— Өте әдемі!
— Қымбат бұлғарыдан жасалынған. Сицилияның ең танымал етікшісі, арнайы мен үшін жасап берген болатын. Сондықтан менікіндей етік Римнің ешбір
жерінде табылмайды.
— Иә, иә, айтқаныңыздай екен – өте сәнді етік екенін майындаймыз. хмм.. бірақ біздің сұрағымызға қандай қатысы бар мұнын?
Достарының барлық сұрақтарына үш-ақ сөзбен жауап қайтарады генерал:
— Етігім аяғымды қысады…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *