Аяз бір күнде

Аяз бір күнде
Қыстың суық бір күнінде Арман үйдің кіреберісінде бір адамды көрді.
Адамның демін әрең алып, құлап қалмау үшін бар күшін салып тұрғаны көрініп тұрды. Арман көз қырымен оны біраз бақылады. Көп болса 35-40 жастарында, мас сияқты тұрса да киімі тап-таза. Қасынан өткен адамдар арақтың зияны мен маскүнемдердің жамандығын дауыстап айтып
наразылықтарын көрсетіп тоқтамай өтеберді. Кейбіреуі болса адамға қарап мысылдап күліп қоятын. Арман адамның қасына барып: – Бәрі жақсы ма, бауырым? деп жағдайын сұрайды. Еріндерін әрең қимылдатқан адам ыңырсыған дауыспен: – науқаспын.. дегенді ғана айта алды.
Арман дереу адамның қолынан ұстап, демеу көрсетеді. Жол жаққа шығып такси жалдап ауруханаға апармақ ниеті. Күннің кеш уақыты болғаны үшін жолда бірде бір көлік көрінбейді. Енді үмітін үзіп басқа амал іздемекші болғанда қасынан бір такси тоқтайды. Арман жүргізуші ағаға жағдайды түсіндіріп тездетуін сұрайды. Ауруханаға жетіп, науқастың жағдайы түзелгенге дейін Арман мен жүргізуші қасынан кетпейді. Дәрігерлер
науқастың аяз күнде тоңып қалғанында құтқару қиынға соғатынын айтып науқастың өмірін сақтап қалғандарын жасырмай айтады. Науқас адам болса дәрілер әсерінен әлі сөйлей алмаса да, көздерінен шексіз алғысы оқылып тұрды. Дәрігерлер ауруханада қалуға ешбір себеп жоқтығын айтып
науқастың үйіне қайта беруіне рұқсат бергенде, қайта сол таксист ағайдың көлігіне отырып науқастың үйі жаққа барады.
Науқастың жұбайы, жолдасының жиі жиі қант ауруының
приступтарына шалдығатынын біліп, уақытысында келмеген жолдасы үшін қорқу мен уайымдан 3 жасар баласын алып көшеге шыққан екен. Күйеуін
көре салып такси жаққа жүгіреді. Отбасының қуанышын көрген Арман шаршағанның бәрін ұмытып, көздері жасқа толады. Отбасымен қоштасып, Арман таксист ағайға қарап қанша қарыз болғанын сұрайды. Жүргізуші аға көз жасын жасырғысы келіп:
— Сен емес мен қарыздармын саған, бауырым. Осындай жақсы бір амалыңа мені ортақ еткен сәтте толық есептескен едік. Ал енді міне 20 жылдай

жыламағанға осы амалыңмен көңілді босатып көз жас төктіргенің үшін мен қарыздар болдым саған.
Уақыттың кеш болғанына қарамастан жүргізуші ағаның өтінішіне
көнбей, Арман үй жаққа жаяу жүріп барады. Бәлкім жолда тағы біреу көмек күтіп тұрған шығар ..

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *