Алланың рызалығы үшін
Әз. Әли (р.а) күні бойы хурма бақшасында жұмыс істеп, кешкісін бір қап хурманы түйенің үстіне артып, үй жаққа бағыттайды. Түйенің жібі
көмекшісі Қамбардың қолында болады, өзі болса алдынан келе жатады. Мәдинаға жете бергендерінде бір дауысты естиді. Кедей біреу қолын созып өткен-кеткеннен бір нәрселер сұрап ―Алланың рызалығы үшін!‖… деп
жалбарынып отыр екен.
Кедейді ести салып Әз. Әли (ра) Қамбарға:
— Қамбар, бұл кісі нені сұрап отыр?
— Хурма сұрап тұр, мәртебелім!
— Ондай болса дереу бер сұрағанын!…
— Хурманың бәрі қапта ғой..
— Ондай болса қапты түгелімен бер!…
— Қап түйенің үстінде…
— Түйемен бірге бер!…
Айтқанды орындаған Қамбар, кейін былай деген екен:
— Кедейге мені де түйемен қоса бере салады ма деп, түйенің жібі менің қолымда болғанын айтуға қорықтым.