ҚАРУ-ЖАРАҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ НАНЫМДАР МЕН СЕНІМДЕР

ҚАРУ-ЖАРАҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ НАНЫМДАР МЕН СЕНІМДЕР


Батырлар өз қаруларын қасиетті санап, сыйынған, оларды қастерлеп, әрқайсысына жеке ат қойған (мысалы: ақберен, нар-кескен т.б.)

Садақ пен қылыш — белге, найза қолдың карына ілінген, айбалта ердің қасына байланып, шоқпар тақымға қыстырылған.

Соғысқа кірер алдында батырлар каруларына мадақ айтып, серттескен.

Ерте кезде қаруда батырдың жаны болады деген сенім болған.

Батырдың қаруын мұрагері өскенше сақтап, әкеден балаға мирас еткен.

Батырдың қаруын ешқашан қадірсіз іске қолданбаған.

Батырларға арналған қарулар сәнді де қымбат тұрған. Сондықтан қылыш, айбалта, шоқпар тәрізді қаруларды елшіліктерге барғанда, лауазым дәрежесін бергенде, т.б. жайларда бағалы зат ретінде сыйға тартқан.

Жорық кезінде демалуға тоқтағанда, түнегенде, күзетте тұрғанда батырлар найзаларын жерге шаншып, басқа қаруларын соған іліп қоятын болған.

Жорыққа шықпаған кезде садақ, қылыш, айбалта, шоқпар үйдің керегесінде ілулі тұрған, ал найза, сүңгі үйдің сыртындағы белдеуге қыстырылған. Соған қарап батырдың үйде екенін білген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *