«Диуани луғат ат-түрік»
Түрік тілі һəм əдебиеті туралы «Диуани лұғат-ат түрік» деген бір кітаптың Истамбулда табылғанын дүние соғысының алдында ғана (1914 ж) біреу бізге хатпен білдіріп еді. Бұл кітапты көруге құмарланып, толық мағлұмат сұрап, хат жазып едік, бірақ, соғыстар себебінен Туркия шекарасы жабылып қалып, ешбір жауап алуға болмады. Соғыс дəуірінде, 1914 жылдан 1918 жылға дейін Истамбулда Көпірлі Заде Махмуд эфендінің қарамағында түрік азаматтар тарапынан білім жолында бірталай өнімді қызметтер жүзеге шығарылған екен. «(Милли татбаъғлер мажмаусы» тағы сондай, «əдебиет факультеті» мажмуғесін, тағы сондай журналдар басылған екен. Түркия мариб назараты артықша қарап, өз қаражатымен əлгі айтылған «Диуани лұғат-ат түрік» кітабы 1918 жылы жақсы қағазға, 60 формада 3 том кітап (I-ші том 843 бет, ал II-ші том 320, III-ші 253 бет) қылып бастырған. Түріктің білімді ерлерінің бұл кітапқа артықша назар салғандықтары, қадірін білгендіктері кітапты түзетіп, қарап бастырған Ахмет Рифат эфендінің (III-ші кітап аяғында) жазған сөздерінен көрініп тұр.
Түрік ғалымдары бұл кітаптың жанып, болмаса өртеніп жоғалуынан қорқып, бастырып майданға шығаруға асықтырыпты. Түрік ұлты əрбір том (жылда) шыққан сайын пайдаланып, əдебиет тарихы туралы көп жаңа білімдерді, сөздерді майданға шығарыпты.
Түрік азаматтарының білімге, түрік ұлтының тілі һəм əдебиетіне мынандай назар салғандықтарына қуанышымыз қойнымызға сыймай отыр.
Османлы түріктері бұл соңғы заманға дейін білім кітаптарын бастыруда Европадағы жол-жобаға (əсіресе Ди-коя сияқты ориенталист ғалымдар жолына) көз салмақшы еді. Бұрынғы Қазанда, Ташкентте басылған «Қисса Анбия» кітабындай қылып қалай болса солай баса салушы еді. Ғылыми кітаптарды баспаханалардың өзі түзетушілері корректорға қарап түзетеміз деп былықтырып қоюшы еді. Ахмет Рифат эфендінің де азын-аулақ сондай кемшілігі жоқ емес. Османлы жазушыларында артық таралған «жақша белгісін» орынды-орынсыз көп жұмсау, мəселен, 3-ші кітапта да 503 бетін «Шу» бап деп жазғаны сияқты. Бұл оқушыларды жаңылдырады. Ахмет Рифат эфендінің осындайы аз емес.
Бірақ, сондадағы бұл кітаптың басылуы өзінің жақсылығымен осы күнге дейін Түркияда басылған бұрынғы кітаптардан айырылып тұр. Қатесін түзетуге артықша назар салғандық, жете қарап бастырғандық, қолдан келгенше түп (оригинал) кітаптың суретін сақтауға иждахат қылғандық кітаптан көрініп-ақ тұр. Қысқаша айтқанда, Османлы түріктерінде пəн кітаптарын басу туралы Европа жолы – жобасын жүзеге шығаруға бет қойғандық көрінді. Бұл туралы əсіресе «Милли татбағлер мажмауғесі» көп қызмет көрсетіп тұр. Бұл журнал түрік ғалымдардың өз бетімен (ғылыми кітаптарды бастыру жолында) жүрулерін, əр ғалымның өз ойынан шығарып пайдасыз білім жолында өнімі жоқ «Ақыл» сөйлеулерін қатты айып қылады (мəселен: жылда екі төрт сан, 171-190 бет). Бұл сөздер ғылым жолында жаңа үлкен бір адым деп білеміз. Түркияда кітап басуға осындай артық назар салуды көріп, біздің қуанышымыз екі есе болып отыр.
«Диуани лұғат ат-түріктің» шығарушысы – Махмуд бин Əл-Хусейн бин Мухаммад Əл-Қашқари деген бір түрік ғалымы. Бұл адамның аты бұрынғы ескі тарих кітаптарында көрінген жоқ еді. Тəржіме хəлі (биографиясы) туралы сөздер өз кітабынан ғана табылып отыр. Бұл адам 999-шы жылдан 1212 жылға дейін күнбатыс, күншығыс Түркістанды билеп тұрған «Қарахан» түрік хандарының ең күшті болып дəуірлері жүріп тұрған заманда болған адам. Атасы Хусейн, (Түрікше аты «Бахыркен» 521) осы қарахандардың атақты бектерінен болған. Саманилардан
Маверенаһрды алып берген кісі болған. Бұл «Бахыркен» осы күнгі Ыстық көлдің күнбатысы мен оңтүстігі арасының жағасындағы «Барыс хан» шаһарында болған. Кітаптың шығарушысы Махмудтың туған кіндік кесіп, кір жуған жері, ата-қонысы Ыстықкөл жағасы «Барысхан» шаһары болады. Махмуд Қашқари өзі дағы түрік бектер мен əскерінен, ғалым, шайырларының (ақын) алдыңғы қатарынан болған. (31) Өзінің өмірін түрік қауымдары арасында түрлі түрік рулары ішінде өткізген. Өзін «Қашқари» (Қашқарлық) деп атағанынан қашқар хандарымен болған сұхбаттары (беседа) жазғанынан, оның Қашқарда өмірін өткізгендігі білінеді. Бірақ, қандай себептен екені белгісіз, бұл түрік ғалымы түрік қаһарман бегі Бағдат халифасының алдына барған. Кітабын халифа «Əлқайым Биамери Аллаһ»-тың патшалығының соңғы жылында жазып, оның орынбасары «Ал-мухтади Би Эмриллаһ»-қа тарту қылған.
Əйтеуір кітап 1073-інші жылы (сиыр жылы) жазылған. 1) Махмуд Қашқаридің замандасы болған екінші бір Қарахан түрік жазушысы Баласағұн Жүсіп Хас Хажыб «Қудатғу білік» есімді кітабын 462 жылы тауық жылында (1069-1070 қыс күні) жазған. 2) Осылайша Махмуд Қашқари кітабымен Жүсіп Хас туралы Димашқи Хажыбтың кітабы жазылуының арасын екі-үш-ақ жыл уақыт бөледі.
1. Махмуд Қашқари кітабын қай жылда жазғанын үш орында сөйлейді. Кітаптың аяғында (333) кітабы 464 жылдың жұмадал аууал айында (яғни 1072 жылдың февралында доңыз жылдың аяғында) жаза бастап, 466 жыл жұмадалахар айында (яғни 1074 жыл февраль жұлдызында сиыр жылы аяғында) таман қылғанын айтады. Бірақ, 3-ші жылдың февраль 116 бетте, «369 жыл нак (яғни ұлу) жылы жазылды» дейді. Бұл 1076-шы жыл август жұлдызы мен 1076-шы жылғы март арасында болды. Нак-ұлу жылы 1076-шы жыл март жұлдызына кіреді. 46-інші жыл 1076-ші жылдың 5-інші авгусына кіреді. 469-ші жылда ұлу жыл дегені 469-шы жылдың шағбан айынан бұрын деген сөз болады. Жылда 1 бет 290-да, 466-ші жыл мухаррам айында жазып отырмыз. Бұл уақытта жылан жылы кірді. 467-шы жылы кірсе енді, яғни, жылқы жылы кіреді, деп жазды. Бірақ, осында бір қате бар: 366-шы жылдың мухаррам басы 1073-ші жылдың сентябрь 6-сында болады. Жылан жылы 357-ші жыл 1065-ші жылдың мартында һəм 370-1077-ші жыл мартында кіреді. Енді 458-ші жылдың жылан жылы мухаррам айы 1088-ші жылдың 25 июлінде келеді. Қалай болса да, мұнда бір қате бар. Қалай болса да, Махмуд Қашқари кітабы 1072ші жыл мен 1076-шы жылдар арасында жазған. Кітабын жазып тамам қылу 1076 жыл болған деп айтуымыз керек. Кітаптың жазылу жылын алдымыздағы Стамбул басшысы сыртында асыл нұсқа бойынша 466 қойылған. Шынымен, кітаптың жызылу жылын қысқаша қылып 1073 десек дұрыс болар.
2. 46-шы жылдың тауық жылы 1069-шы жыл март 9-да кіреді. 363-ші жыл март 9-нда кірсе, «Қудатғу білік» 462-ші жылдың жұмадала айының һəм 1070-ші жылдың мартынан бұрын аяғы 1069-шы жылдың ноябрь жұлдызы, 1070-ші жылдың март жұлдызы арасында қыс күнінде жазылған болады.
Бірақ, бұл кітаптың біреуі түп Түркістан орталығы Қашқарда, екіншісі Бағдатта жазылған М.Қашқари кітабының Ыстанбұлда табылған нұсқасы 664-шы хиджра 1266-шы жылда «Мухамед бин Абу Бакир бин Барал Фатих Ас-Сауй Əд-Димашқи» деген адамның қаламы мен шығарушының өз қолымен жазған кітаптан жазылған. Бұл туралы Димшқи өзі (111-222-323) жазады. М.Қашқари кітабының басында бұл кітапты сол замандағы мəдениет дүниесі мұсылмандарға түрік ұлтын таныту, білдіру үшін жазғанын айтады. Осы себеппен, ол өзінің түрік қауымы түрік əдебиеті туралы жазған кітабын араб тілімен жазған. Əрине, М.Қашқари араб тілін өте жақсы білген һəм кітабын зорланбай-ақ арабтың шешен сөздерін ашық тілмен жазған. М.Қашқари өз заманындағы ғалымдардан «Хусейн бин Халиф Аль-Қашқариды» атайды. (293). Бұл ғалым туралы Самқани «Кітабул ансаф» деген кітабында (Гип бастырған, 472) Қашқари туралы сөйлегенді баян қылады. Бұл кісі 484-1091 шамасында уафат болған бір Мухадис (пайғамбар сөздерін көшіруші) ғалым екен. Бірақ, бұл ғалымның сөйлеген хадистері көбінесе өтірік байлаусыз саналған. М.Қашқари бұл ғалымнан түріктер туралы бір хадис-худси көшіреді. Тағы сондай түріктер хақында хадистерді Бұхара, Нисабур ғалымдарынан алып жазады.
Мухаммед пайғамбар түрік патшалығының, Токио хандарының ең күшті, Византия, əрі Иранға қарсы ең, кең бір дəулет болып, күн көрген дəуірінде келген. Əрине, ол түріктерді білген. Ескендір патшаның «Садия жуж уама жуж» яғни, күн шығыста бастапқы түзілген соғыс қамалдары туралы сөйлеген. Бұл пайғамбардың заманында арабтар арасында, əрине, түрік қауымы туралы ұзын құлақ хабарлар болуы анық.
XII-XIII ғасырларда Исламға дұшпан болған Аһлу солиб (крестовые походы) Қарақытай горхандары һəм найман ханы Күшліктердің ислам елін бұзуы туралы көп эфсаналар (легенда) түзгені сияқты Сасани Иранға дұшпан болған арабтарда өз заманындағы Токио, түрік хағандары туралы көп хабарлар болған болса керек. Бірақ, түрік қауымын мақтап көтеріп айтқан хадистері, оғыз, селжук, сəбіктекін сұлтандарының мұғтасим (мухтасим) халифа уақтында-ақ, халифа қызметіне Бағдатқа барған түрік əскерлерінің һəм ерлерінің көңілдерін көтеру үшін қарсы (Иран) ғалымдары түзелген М.Қашқари һəм басқа түрік ерлері бұл хадистерге сеніп жүрген. Осыған қарағанда, М.Қашқари Құран мен араб əдебиетін жете білсе де, дін һəм хадис ғалымдарын өте білмеген. Бірақ ол араб тілін, əдебиетін жете білген һəм кітабын атақты араб филологы (тіл ғылымына жетік кісі) Халелдің «Китабул айн» деген классика (үлгі) кітабына ұқсатып жазғанын (51) айтады. Шынымен, ол тіл мəдениет майданында, арабтың ел алдыңғы қатарындағы ғалымдарымен қатар тұрып, түрік тілін сол замандағы ең жоғарғы финхусылуына салып жазған. Бірақ, дін жағынан ол жақсы мұсылман болғанымен, бірге шала шаман-(бақсы) болған. Һəм ол 14-15-шы ғасырлардағы ислам діні үшін тырысып жүрген Əмір-Темір һəм Əбілқайыр хандардай, өзінің шамани сенімдерін ашық жазады. Қалай болса да бұл адам дін ғалымы емес, бəлки, таза дүниауи (светский) ғалым болған. Бұл оның кітабынан ашық көрініп тұрады. Кітабында кезікпеген ұзын сөйлемдер, пайдасыз сөзбастар жоқ, кітабының басынан-ақ, Тоқтамыс хан сөзім деп тура өзінің мақсатын сөйлеп, жарлық жазған түрік хандарындай «Қал Абди Мухамуддин ал-Хусейн» деп, тура мақсатын сөйлеп алып кетеді. Ол кітабына өз заманындағы түрік қауымдарын жоғарғы орындарын өз заманындағы ұлттарға алыс-жуығын көрсету, кітабын түсінікті қылу үшін, ол уақытқа дейін мұсылман ғалымдарында көрінбеген бір жобамен, дөңгелек (ықтимал «жер дөңгелек» «Əл арду курату» мəселесін біліп) харита-(карта) жазған. Мұнда таулар, теңіздер, өзен, дариялар, құмдар шаһарларды санап көрсеткен. Бұлардың əрбірін басқа-басқа бояумен түсірген. Осылардың үстіне, ислам ғалымдарына қарсы мəдениет, шаруашылық, егіншілік, сауда-санағат терминдеріне артықша назар салған. Ислам дүниесінде Ыхтисади ғалымдарды Сырдария жағасына барған бір түрік ғалымы (Ғараби) бастап жазған болса, М.Қашқаридың да таза бір дүниауи (светский) ғылым, діниауи жағрафия һəм тіл ғалымы болып, кітабын мынадай бір жолға қоюы ислам тарихында мысалы болмаған бір қызмет.
Бұл мəселе түрік қауымының ислам дүниесіне келіп, қосылып қана кететін бір унсур (элемент) болмай, өз елінен жоғарғы бір мəдениетпен тəрбиеленіп келгенін һəм біздің бұл күнге дейін ойлағанымыздай жұлдыз қарап, бал ашып, құмалақ тартып, сонымен іс қылып үйренген көшпелі түріктердің ислам дүниесіне келуімен, рухани мəдениетті білуге шамасы келмеді. Бəлки, деректі істер (практический) жұлдыз, расадхана, риадиатпенен (математика) болды. Өйткені, рухани мəдениетке олардың ынтасы, салахиаты жоқ еді. Түріктердің ислам дүниесіне келіп, расад хана риадиатпен болулары, сол жолда қызмет қылулары, мəдениліктен емес, мəдениетсіз болып тіршіліктерінде рухани мағына (духовное содержание) болмағанын көрсетеді деген назарлардың (взгляд) дұрыс болмағанын ашты, мұсылман түрік сұлтандары болған селжуқылардың Бағдат пен Иранға келіп «Хилафат» яғни (теократизмға) қарсы дүниауи мемлекет (Светская власть) «Сұлтандық» кіргізулері, мұсылман қараханилардың Мауеренаһрды алған соң, Ислам руханилары мен (молдалары) күресулері (бұл таптардың тартысуында хандардың бұқарашыл (демократия жағында) болуы ғана емес). М.Қашқари Фараби сияқты ғалымдардың дүниауи ғылым түзулері, түрік хандарының риадиат, расатпенен болулары сияқты фактілердің арасында бір-біріне байланыс болса керек. Бұл фактлер Орта Азияның түрік қауымы ішінде Сырдария, Тарым, Тянь-Шань аудандарында «дерексіз дүниеге (маффуқат табиат) рухани мəдениет пəлсапаға қарамай, мəдениет, мадиа, дүниеге ашық көзбен қарайтын Иран, Жуһуд мəдениетіне қарсы бір мəдениет болғанын көрсетеді.
Осыған қарағанда М.Қашқари, оның кітабын былай қоя тұрғанда, өзі мəдəни тарихы жағынан, мухым бір факт болады. Не үшін араб, яки парсы ғалымдарынан ешбіреуі өзінің қауымы, тілі туралы осындай бір кітап жазбаған, не үшін «Сиасатнаме», «Жамиат-Тауарих» сияқты кітаптары ислам тарихында тек фахат, селжуқ, Моғол хандарының қалағанына жазылған себептен ғана жалғыз-ақ əсерлер болып қалған?
Бұл уақиға яғни, М.Қашқаридің өзі «шахси» ислам һəм түрік тарихында үлкен бір уақиға болуында күдік жоқ. М.Қашқаридің кітабына келгенде, бұл кітап туралы əзірге біз Еуропаның түрік тілі мамандарының пікірін естігеніміз жоқ.
Бұл кітаптың бір нұсқасы академик Бартольдқа берілген екен. Бірақ Бартольдің бұл кітап туралы бір нəрсе жазып-жазбағанын білмедік. Қалай болса да, біздің мынаны айтуға шамамыз келеді. Түрік қауымының тіл, əдебиет һəм мəдениет тарихы үшін 1889 жыл Орхон жағалауында, Ядринцев тапқан Томсон, Радлов һəм басқа ғалымдар тарапынан үйреніліп нішір етілген. Барлық мəдениет, хан дүниесінің назарын өзіне қаратқан, хан ерлерінің пікірін алыстырған (өзгерткен). Ескі түрік-орхон «бітік тастар» қандай аһамиаты болса, М.Қашқари кітабында аһамиаты сондай. М.Қашқаридың түрік қауымына, өз ұлтына мына себепті Күлтегін, Білге хандардың мұнсабатындай һəм түрік руларын, түрік тілін білу əсіресе, білімі олардан артық болған.
Кітабының басында Махмуд Қашқари мына сөздерді жазады.
«Махмуд Хусейн ұлы айтады: тəңірі дəулет күнінің көзін түріктің көгінде тудырды жер, Азияның дəрілерін олардың қолына берді. Оларға, түрік деп ат қойды. Дүниеде патшалық жұмысын оларға тапсырды. Оларды заманының иесі патшасы қылды, һəм дүниедегі ұлттардың тізгінін олардың қолына берді. Оларды туралыққе берік қылды. Түрікке сиынған кісі жоғары болды. Күшті болды Һəм қалағанына жетті. Пəлелерден пəле шығарушы бассыз, тиянақсыз адамдардың пəлесінен құтылды. Түріктің найзасынан құтыламын деген һəм бір ақылды кісі олардың етегіне жабыссын.
Бірақ, түріктерге жақын болу үшін олардың өз тілімен сөйлеуден бөлек амалы жоқ. (2.1) Олар өз тілімен айтқан сөзге ғана құлақ салады. Сонда ғана олардың көңілін, өзіне қаратып болады. Бұқара, Нисапур молдаларының айтуынша, Мұхаммед пайғамбар түрік тілін үйреніңіздер, өйткені, олар дүниеде ұзақ, көп заман патшалық қылады дейді. Мысалы, бұл хадис шын ба, өтірік пе оны сол молдалардың өздері біледі. Егер дұрыс болмаса да, ақыл соны тілейді. Мен, өзім түрік қауымдарының шахарларын, далаларын əр қилы бойына кезіп жүрдім. Түріктің тілі, һəм əдебиетін үйрендім. Түрік болсын, түрікпен, оғыз шекілі, яғма, қырғыз болсын бұлардың тіл əдебиеттерін білдім. Оның үстіне мен өзім түрік қауымының сөзге шешен, тілі тазаларынан бір кісімен Асылзаде, артық туған тұқымнанмын. Қылышпен шабуға, найзамен шаншуға ең ұсталарынанмын. Мінеки, руының үшін де, түрік қауымының əр табының тіл һəм лұғаттары менің миыма тамам тура кіріп отырды. Ол тіл, əдебиеті мен ең жақсы бір низамға тіздім. Бұл кітабымды жаздым. Сөйтіп, менің атым мəңгі қалсын, маған мəңгілік азық болсын, (2.1) кітабымды Халилдің «Китабул айн» деген кітабының формасына жақын қылып түздім. Сөйтіп, түрік тілі мен араб тілі жарысып барған, жүйрік аттай болып көрінсін (5.1) Арада түріктердің тіршілігінен айтатын өлеңдерді (шер) келтірдім (8.1). Түрік еліндегі тау, өзен, (дария) көлдерін жаздым. (26.1) Бірақ, түрік тіліне шеттен кірген сөздерді жазбадым жəне де Түріктердің руларын жаздым. Бұлар жиырма шамасында болады. Бірақ, ұсақ рулардың санын құдайдан бөлек ешкім білмейді. Бұл ұсақ рулардан мен түрікпен оғыз руын-ақ айттым, һəм олардың таңбаларын жаздым. Оның үшін бұл керек нəрсе, (28.1) түріктің ең шешен тілі (фасих тілі) түрік тілінен басқаны білмеген араб, парсыға мадани қауымдарға араласып жүрмегендерінен болады. (29.1). Əсіресе, елі Ертіс, Ямар, Еділ бойларында болады. Бəрінен фасих тіл хақандарында һəм оларға жақын жүргендерін де болады. (30.1). Түріктердің елі күнбатыста Рум, күн шығыста Қытайға дейін 8 мың парсах шамалы жерлерді алып отыр. Түрік елі сондай үлкен, адамдар мұны ашық түсінуі үшін мен жер дайрасын харита қылып жаздым.(31.1)
Түрік қауымы «Түрік бин Яфас бин Нухтың» балалары болды.(27.1). Құдай адам пайғамбарды «инсан» деп атаған. Əрі сол ат бүкіл адам балаларына сондай-ақ Түрік балаларына есім болып қалған һəм «түрік» деп есім берілген. Рум бин Айсуға қарап, барлық Рум қауымдары «Рум» деп аталғандай түріктерге һəм аталарының аты ат болып қалған. (293.1). Молдалар хабарынша Мұхаммед пайғамбарға құдай айтыпты-мыс: «Менің бір əскерім бар, оларға түрік деп ат бердім. Оларға күншығыс жағынан қоныс бердім. Егер де бір қауымға ашуым келсе, осы түріктерді жіберіп билетемін (маслат қыламын)» деп. Түрік қауымын құдайдың бүкіл дүниенің басқа ұлттарынан айырып, оларға түрік деген атты өзі беруі, түрікті басқа ұлттардан айырған бір фадилат (артықтық) болады. Құдай түрік қауымын дүниенің ең биік жерлеріне, (Тянь-шань тауларын айтады) һəм жер жүзінің ауасы ең таза орынға жайластырды. Оларды өзінің əскері деп атайды. Түрік халқы осының үстіне сұлу, жүзі күліп тұрған, өзі əдепті, сыпайы, жасы үлкен адамдарға құрмет қылған. Айтқан сөзінен қайтпайтын, уəдесіне берік, тəкəппəршілдікті, мақтануды білмейтін халық. Түрік қаһарман, батыр ұлт. Мұнан басқа да олардың мақтауға лайықты мінездері əрине көп. Соның ішінде өлең де айтылған. Қышын кірсə, аны тірік едін, анға аның едші, Мінкір тікір алфалық, мында ніру кісілур.
Яғни, біреуді мақтағанда «мұның жақсылығына, түрікте куə болады» деп айтылады. (294.1) Темір балаларының дəуірі жүріп тұрған замандарында киілген (шайыр) Науайының түрік қауымын мақтап айтқан өлеңдері (бұл туралы 1917 жылы Қоқанда шыққан «Юрт» журналының үшінші номерінде жазылған) сияқты. Махмуд Қашқаридің түрік қауымын мақтауды да, Селжуқылардан Алып Арсылан бүлікшілердің бүкіл ислам дүниесін өзідеріне қаратып, ғазнеуйлердің Үндістанды алып, қараханилардың бүкіл Түркістанның əр екі жағына қожа болып тұрған түрік шеукеті (могушество) тəсіліменен болған. Біз болсақ бұл ислам мəдениетін һəм шеукеті дəуірінде Арабстан, парсы ортасына барған түрік ғалымының араб, ислам мəдениеті алдында сасқалақтап, таңырқап қалуын ойлар едік. Бұл кісі Дижле, Фрат жағасында тұрып, мұндай қылып құр көңілмен, өз ұлтын мақтауы һəм өз ұлтының тілін, əдебиетін, араб тілі Құран һəм араб əдебиетімен «қатар жарысып барған ат» деп жарыстыру. Əрине, өз елінде Қашқар һəм Түркістанда мəдени сүйеніш арқа таянышы болған себебінен болады. «Диуани лұғат ат түрік» шынымен осыны Лұғат кітабы сыйдырған шамада ашып берді. Бұл кітаптан біз ол замандағы түрік дəулеттерінің ішкі түзелісін түріктердің ыхтисади, ижтамай тіршіліктерін, дін ықтиқаттарын, түрлі тарих хикая ұғындыларын, нұрлы шаһар, қыстақтарын, жайлау, қыстауларын, мади һəм рухани мəдениетін үйренеміз. Мұнан да артық керекті болғаны əрине тіл һəм əдебиет жағы Махмуд Қашқари Тянь-Шань үстінде һəм оның екі жағында ұзын шекті, яғма, тухси қырғыз, ұйғыр, қыпшақ, имақ, басмал, татар, башқұрт, булгар, қарлұқ сияқты түрік қауымдарының тілдері тақырыпты осы соңғы заманда Радлов кітаптарында жазылғандай қылып татбиқи (сравнительная) фонеткасын берді. Түрік тіршілігінің əр жағынан алынған, һəр түрлі 238 шамалы таза түрік өлеңдері, һəр 270 шамалы мақалдар, өте көп сөйлемдер келтіреді. Əсіресе, М.Қашқаридің түрлі руларының (лəһжə) (наречие) туралы берген мағлұмат өте қымбатты. Түрік сөзін араб хəрфімен жазған адам əрине, Қашқари бірінші (тұңғыш) адам болған. Ол араб əрпін түрік əріпі демейді. Түрік сөзін тек арабтарға һəм басқаларға түсіндіру үшін ғана араб əрібін жазады. Ол «түрік əрібін» деп ұйғырша əріпті-ақ біледі. Ұйғыр əріптерімен жазудың жол-жобаларын һəм араб-хəрфімен жазылған сөздердің ұйғырша қалай жазылғанын көрсетті. Араб əрпімен жазғанын асты, үсті (харакат) сүкінмен жазған, əр түрлі əріптің махражын (дыбыс шығатын орны). Əр харакат, сүкіннің қалай жұмсалуы жағында ашық мағлұмат береді. Соның үстіне, араб сөздері бəрі де асты үстімен жазылған. Мінеки, соның үшін де əр сөздің қалай айтылуы, мағынасы туралы еш қатесіз, ашық (қатағи) мағлұмат алынады.
Осы күнге дейін Қойнелі Халил деген адам тарапынан көшіріліп қалған арабша «түрік, моғол, парсы таржіманы» (хутсма һəм милиузанский нішірі) һəм Ибнул Хайян Əл Фарнатидің «Китабул адрак» жəне Мысырда табылған кулістан тəржімəсі, Қутби деген адамның бір кітабы жəне Радлов, гизе бастырған «Қоман хижесі – Кадикс қоманикс» һəм басқалар бар еді. Бірақ, олардың бəрі де ХІІІ-ХV ғасыр яғни, Моғолдардан соңғы дəуірге жететін жəне де бек аз, шала, қатасы көп жазулары бұзылған кітаптар еді. Соның үстіне олар бəрі де, Түрікпен, қыпшақ тілдеріне жататын кітаптар еді.
Күншығыс лəһжелерге яғни, бұл күнге дейін бəріне де ұйғыр тілі деп аталып жүрген тілге жататын Түркістандағы Кішиғат (открытие) заманында табылған, ХІХ–ншы ғасыр басынан-ақ майданға шыққан Машһүр «Құдатғу білік» кітабы тарайды. Əрине, бұл əсəрлар да аса қымбатты (мухим) əсəрлəр. Бірақ, «Құдатғу біліктің» оқылуы, (чтения) өзі бұл күнге дейін, бұл тілдің мамандары Радлов, Томсон, Уамири, Моллирликов, Хартмандар арасында шешілмей жүрген бір талас мəселе еді. Соның үстіне, «Құдатғудың» нұсқаулары жаңарақ. Мысырда һəм Ферғанада жазылған. Араб харфімен жазылған нұсқаулары харекетсіз жазылған, тəржімесіз ибара (текст) ғана еді. Жəне де бұл ескі «ұйғыр» кітаптарының көбінің тілдері де анық халық тілі емес. Əдеби һəм бірталай шет (ислам яки будда) тəсіріне кірген тілдер еді. Махмуд Қашқаридің кітабы күншығыс, күнбатыс Токио хүкіметі бұзылғаннан, Моғолдар дəуіріне дейін келген. Түрік қауымдарының барлығының тірі (живой) халық тілі үстінде тексеру, һəм фини жолмен жазылған бір кітап болып, моғолдардан бұрынғы түрік қауымдарының охиғитлері. Түрік тілінің соңғы романда тəшкіл еткен тармақ, (Группа)-ларының асастары туралы ашық аян, қатъи мағлумат береді. Мұның арқасында, ескі ұйғыр əсерлерін əсіресе, «Құдатғу білікті» жаңадан қарап шығуға лəзім болады. Һəм түркі тілдердің түрік əдебиетінің тарихы үйрену бабында жаңа дəуір кіргізеді. Махмуд Қашқаридің айтуынша (241)бұл Түрік ғылымы жəне де Түрік тілінің Наху Сарфи туралы «Кітап Жауаһирун-нахуи луғат түрік» есімімен арнап бір кітап жазған екен. Егер бұл кітап та табылса, өте жақсы болар еді. Сонда дағы осы табылған кітабы əрине, оның ең үлкен, асыл кітабы. Мұныменен де Мақсуд Хасыл болады. Түріктің өз арасынан шыққан бұл ғалымның мадани, ижтимаъи, тарихи ықтысади мағлұматтары, истилах (термин)дары арқасында күн батыс Токио-Түрік хүкіметі бұзылғаннан татарлар дəуіріне дейін тұрған. Бұл күнге Шефқат Ибн Хрдатбе Қудама, Гурдізи, ауфи, уағайри сияқты араб, парсы жағрафия ғалымдарының ұзын құлақ хабарынша, жазған жарқым жұрты шанақ жазуларына һəм Қытай мағлұматына қарап үйретілген. Түріктердің ішкі тіршіліктері анық мəлім болды. Түрік ру һəм қабилаларының түзілісінде Түрік тілдерінде татарлар дəуірінде һəм онан соң хасыл болған төңкерістер. Луғат һəм лəһже мунасабаттары группаларға бөліну туралы бұл күнге дейін Фразия (гепотеза) болып қана жүрген Һəм түрлі ғалымдар (мəселен, Радлов, Бартолд, Аристов, Корш һəм басқалар) арасында таласты болып жүрген түйіндер шешілді. Филжумле (вообще) қазаққырғыз, сарт (шағатай), өзбек, түрікпен тілдерінің асылдары (түрі) мəлім болды. Бұл кітаптан алынған мағлұматтарды, біз ұзын қылып айрықша жаздық. Оны кітапханалары толық болған бір жерге барсақ, тəмамдап, түзетіп сəті түскенде бастырамыз. Əзірге, сонан алып əр бабтан біраз қысқаша мағлұмат жазамыз. Жазғанымызды мынадай төрт бабқа бөлеміз: 1) Махмұт Қашқариді (Түрік тарихына аъйд мағлұмат), 2) ХІ-нші ғасырдағы Түрік қабилалары туралы мағлұмат. 3) Түріктердің ықтысади, ижтимаъи тіршіліктеріне аъйд мағлұмат. 4) Тіл, уа əдебиет шер, мақалдар һəм түрлі лəһжелер арасындағы фарқ һəм мұның бұл күнгі лəһжелерге мунасабаты.
Х.