ТӨМҮЧИННІҢ МОҢҒОЛ ҰЛТЫН БІРІКТІРІП, ШЫҢҒЫС ДЕГЕН ҰЛЫ ҚАҒАН АТАҒЫНА КӨТЕРІЛУІ
Төмүчин моңғол ұлтын топтастырып, шығыста Қалқа өзеніне ілгеріге дейін, батыста Ертіс өзеніне дейін, оңтүстікте Ақ қорғанға дейін, солтүстікте Байкал көліне дейінгі кең өлкені билеп, Шыңғыстың 45 жылы немесе қызыл барыс жылы қыстың соңғы айында ұлық мәртебеге ие болады. Оның осыншама ерлігіне ризашылық танытқан Моңғолдың көп аймақтарының иелері, інілері, кеңесші уәзірлері бас қосып, былай деседі: «Біздің иеміз осы Төмүчин туылғаннан кейін қайырымы мол, білікті батырлар көбейіп, шоқ жалынды ұрпақ молайып, мәртебеміз асқақтағаны себепті барша Моңғол ұлысының ұлық қағаны болдырайық», — деп Төмүчинге хабарлайды. Осылай тоқтасып, сәтті күнді таңдап, Онон дариясының бойына орда тігіп, мың айғырдың жал құйрығынан тоғыз салпыншақты ақ байрақ, төрт салпыншақты қара байрақ жасап, ұлыстың айбынын құрып, Төмүчинді қошеметтеп хан болдырып, Шыңғыс деген атақ береді.
Шыңғыс қаған ұлы таққа отырғаннан кейін қайырлы істер атқарып, ұлыс туырлығын көтеріскен даңқты тоқсан бес адамды жеке-жеке мыңдық ноянына сайлап, тоқсан бес мыңдықты басқартып, былай деп әмір етеді:
«Қандай бір соғыста Құбылай, Желме, Сүбедей, Жебе сен төртеуіңді басшы етіп, Боғорчи, Мұқұлай, Бороқұл, Чилағұн төрт күлүгімді қасыма ертіп жүргенде көңілім жай табады», — деп көп ерлік жасаған уәзірлерін ерекше марапаттап әрі атқаратын істерін жеке-жеке нұсқап береді. Солардың ішінен Чікиқұтұқты тоғыз мәрте қателессе де, жазаланбайтын болдырып: «Өтірік пен ұрлықтың жазасын сен кесетін бол! әрбір жазаланған істі «Көк дәптерге» жазып, кейін қандай адам болса да өшіре алмайтындай ет», — деді. Шыңғыстың бала кезінде бірге болып, әкелік тәрбиесін берген Уан ханның айламен қолға түсіріп, қастандық жасамақшы болғанынан сақтандырған Менлік ебүгеннің ұрпағынан ұрпағына дейін ұмытылмастай етіп, ай, жыл сайын сыйлық берілсін және төрден орын ұсынылсын, деп әмір етеді. Алғаш сегіз сары атты алысып бергеннен бастап, жан-тәнін аямай дос болған күлүк Боғорчиді екінші таққа отырғызып, көптен жоғары отыратын болдырып, тоғыз мәрте қылмыс жасаса да, жазаланбайтын етеді. Оңтүстік Алтай тауының жотасына дейінгі түмендерді билейтін ноян болдырады. Бала шағынан бірге соғысып, аса мол еңбегін сіңірген Мұқұлай шешенді ұлыстың тәйши-і болдырып, көптен жоғары отырғызып, солтүстікте Қарұғұн Жидұнға дейін билейтін түмен нояны болдырып, баласы мен немересіне дейін жалғастыратын болдырады. Алғаш /Төмүчинді/ Моңғолдың басшысы болған кезінде көптеген үлгілі сөздер айтып, батасын берген Арғыс қобызшыға үш мың бәрін аймағымен қоса, Тахай-Ашихтың басқаратын Адырқын аймағының халқын біріктіріп, бір түмен болдырып, түмен нояны болдырып, Ертіс өзенінен төмен орманда мекендейтін елдің жерін емін- еркін мекендеп, басып билейтін болдырады.
Неше мәрте шайқаста қол бастаған, әсіресе, Сенкүмді атып жарақаттаған Жоршытайға өзінің ханымы Ибағаны сыйға беріп, төрт мың Өлет ұлысының аймағын сен біліп билетеді. Мұның сыртында тағы да басқа адамдарды көрсеткен ерлігіне қарай жеке-жеке түмен нояны болдырады. Бәрін руының Ұсұн қариясын Мөрі-беки деген ноян етіп, «Ақ киім, ақ ат мініп жүрсін және көптен жоғары отырсын!», — деді.
Сондай-ақ, Төмүчинді бала кезінде тайчығұттар ұстап алғанда құтқарып жіберген Сорхон шираны меркіттің жері Орхон, Селенгеде емін-еркін мекендейтін болдырып, оның ұлдары мен немерелерін садақ, жебе асынған қорчин400 болдырып, тоғыз мәрте қылмыс жасаса да, есептемейтін болдырады.
Шірегет ебүгеннің ұлы Наяаға бұрындары тайчығұт нояны Тарғұтай қырылтұқты ұстап алғанымен, кешіріп кері қайтарып, адалдық танытқаны үшін орталық түменнің басшысы етеді.
Жебе, Сүбегетей екеуіне өздерінің құрастырған басыбайлы халықты басқартып, мыңдықтың нояны болдырып, олардан басқа да ұлысты орнатуға атсалысқан көптеген адамдардың еңбектерін бағалап, мыңдықты басқаратын, жүздікті басқаратын, ондықты басқаратын нояндар етіп сайлайды. Бұрында сексен кебтеүіл401, жетпіс тұрқас402, кішіктенді еді.
Осылай күш-қуаты зорайып, ұланғайыр ұлысты иеленгені үшін кебтеуіл, қорчин, тұрқастарды түменге толтырып жасақта, дегені бойынша түменді басқаратын, мыңдықты басқаратын, жүздікті басқаратын ноян қызметкерлерден бір түмен адамдарды таңдап алып, /олардан/ білгір білікті, денелі, шырайлыларын іріктеп, мыңдықтан таңдап, сегіз мың тұрқас жасақтайды. Кебтеуіл, қорчиндар /саны/ екі мың болады. Барлығы түмен кішіктін болады. Жеке-жеке мыңдыққа бөліп басқартып, /осылардың/ барлығын /ханның/ жанын қорғаушы ішкі сарай әскері болдырып, ұлы орталықтың әскері деп атап, төрт бөлімшеге бөліп, төрт ұлы адамға басқартып, күзет, қорғаушылардың кезегін ұйымдастырып, егер, кезектен қалса, ауыр жеңіліне қарай жазалау жарғысын тоқтатты. /Ханның/ қорғаушы әскерлерін сыртқы әскерлерден қастерлі болдырып, сыртқы мыңдық нояндарынан ішкі әскер қастерлі, сыртқы жүздік, ондық нояндарынан ішкі әскердің көтешісі403 қастерлі, ішкі әскерге сыртқы әскерлер қыр көрсетсе, оларды /сыртқы әскерді/ жазалайды. Қорчин, тұрқас, күндізгі күзет кебтеуілі түнде де күзет атқаратын болған сияқты. Бұлардың күзету, аңду ісі мен кезек ауысатын кездерін өте қатаң тәртіппен тоқтатып және ішкі орда мен арба, жүк, ту-байрақ, қару-сайман сияқтыларды сақтау, ақталы жылқы, түйе, сиыр, қойларды бағу, ыдыс-аяқ, астық-азық дайындау, тарату істерін, сондай-ақ әрбір кірген-шыққан адамдарды тексеру, аңду істері түгелдей мұқият тәртіппен реттеледі. Ішкі әскерлер аң ұтылау кезінде /ханмен/ бірге жүрумен қатар, көшкен кезде садақ-жебе асынып, Орданың оңында, солында, алдында саппен жүреді.
Шыңғыс қаған қорғаушы кішіктендерді аса қастерлі болдырып айтқаны:
«Тоқсан бес мыңдықтан менің таңдап алған түмен кішіктенімді менен кейін таққа отырушылар, ұлдар, ұрпақтар қашанда мұқият күтіңдер!», — дейді.
Кішіктін деп аталған жасауыл әскерді Шыңғыс қаған өзі тікелей басқарып, егер, жазаланар болса, оны да өзі жазалаймын, деп тоқтатыпты. Осы «Лу. Алтын тобчи» — да жоғарыда айтылған нәрселерді түйіндеп: «Шыңғыс қаған төрелік ұлысы орнатысқан сәйт, араттарды404 түменнің нояны, мыңдықтың нояны, жүздіктің нояны, ондықтың нояны болдырып, ішкі қорғаушыға түмен кептеуіл, сегіз мың қорчин, кішіктен сұрыптап, әскер білетін батыр нояндарға әскерді билетіп, ұлыстың алым-салығына демеуші жандайшаптарды тағайындайды. Дау шешетін жайсандар405 қойып, ұлысты білетін черби, әскерді басқаратын черби сайлап, жеке-жеке етіп, жасақтап406, /төрелік/ жосықты бекітті», — депті. Черби дегені бас ноян деген сөз. Шыңғыс қаған ұлыстың ұлы әскерін сыртқы әскер, сыртқы әскерді оққағар қорғаушы407 кішіктен әскерді ішкі әскер деп атап, сыртқы әскерді орнатқанда үш қолға408 бөліп, ортаңғы жолмен жүретін әскерді табан409 деп атап, Найаға ноянға басқартып, сол қолды Мухулайға, оң қолды Боғорчиға басқартады. Әскери құрылымы түмендік, мыңдық, жүздік, ондық бөлімшелерге бөлініп, әрқайсысына жеке-жеке бастық, меңгеруші қойып басқартып, меңгеруші нояндар жылдың басы мен аяғында саппен барып, Шыңғыс қағанға тағзым етіп, баулу, үйрету туралы /айтқанын/ тыңдап, қабылдап алу /сияқты/ тұрақты ережелі болыпты. Кей кезде оқиғаға байланысты екі мыңдық, үш мыңдық, бес мыңдық құрған кезі де болған. Төрелік ұлыс, көпшілік қауымның құрылымы да ондық, жүздік, мыңдық, түмендікке бөлініп әскери құрылыммен бірдей болғандықтан, әскер жинауға өте оңтайлы болған көрінеді. Мұның сыртында мәдениет ағарту, жарғы заң тоқтатып жүргізіп және де Шыңғыстың туыстары мен сәйт нояндары, данагөйлерге Ұйғырлдан алған қаріп-жазуды үйретуді жолға қояды. Және де ұлыс қауымның ісін Ұйғыр қарпімен хатқа түсіріп, Жасақ410 деп аталатын бір заң тоқтатады. Мұның сыртында жоғарыда айтылған көптеген нәрселерді тоқтатып, солайша ұлы қаған тағына отырғаны туралы той- қуаныш та мол болған екен.
Мұндағы Шыңғыс411 деген сөз жөнінде көптеген мақала бар. Және моңғол тарихтарының ішінде, сол кезде бір құс келіп «Чингис-чингис» деп шақырғаны үшін солайша Чингис деп атады дейді. Кейбір тарихтарда «Чин» дегені Ұлы, «гис» дегені Ең Ұлы деген сөз делінген. Тағы бір тарихтарда, «чин» дегені берік күшті тәртіп, «гис» дегені көпше түрдегі тәртіп дейді. Кейбір тарихшылар, Күннү (Ғұн) ұлысынан бастап Моңғолдың хандарын шаньюй деп атап келгендіктен, солайша Чингис деп аталған дейді. Мұнда моңғол сөзінде «чин» дегені Берік немесе шындық деген мағына беретіндіктен, «гис» немесе «с» дегені көпше жалғау болғандықтан, солайша Чингис деп атаған болуы мүмкін.
Шыңғыс қағанның хатыны412 Бөрте үчин (Бөртэгэлжин), Құлан, Есүй, Есүкен төртеуі және /олар/ жеке-жеке ордалы, торғын әскерлі413, Шыңғыс қағанның төрт ордасы деп аталған. Төрелік жосығының хатындары осы төртеуі болғанымен, Юаны ұлысының шежіресінде, қырықтай хатыны болған деп, барлығын атап көрсетіпті. Бөрте үчин (Бөртэгэлжин)-нен туған ұлдары Жошы, Шағатай, Өгедей, Тұлұй төрт күдер дейді. Және Алаға-беки, Ілғатұн-беки, Чечейкен деген төрт қаныша болған. Құлан хатыннан Күлүге қанша, Есүй хатыннан Жүчибей қанша, Есүкен хатыннан Қарычар, Қарақатұ, Чағұр осы қанша болған.
Шыңғыс қағанда тоғыз өрлүк414 дейтін тоғыз ұлы батыр сәйті болған. Және бұлар үлкен (ұлық), кіші (кішік) дәрежелі, ең ұлығы жалайырдың Қоғо Мұқұлай шешен415, одан кейін шүршіттің Чұғу мерген416, арұлаттың күлік417 сүлдүстің Сорхан шира, ұранхайдың Желме, бесүттің Жебе, ойраттың Қара Қиру, жүркеннің Бұғұрал, татардың Шіки-құтұқ осы тоғызы еді. Төрт күлік: Мұқұлай, Боғорчи, Бороқұл, Чилағұн төртеуі.