МОҢҒОЛДЫҢ ХЯТАН ҰЛЫСЫНЫҢ ДӘУІЛЕГЕН КЕЗІ (Ананд Амар)

МОҢҒОЛДЫҢ ХЯТАН ҰЛЫСЫНЫҢ ДӘУІЛЕГЕН КЕЗІ
Тоба, Юанвэй ұлыстары жойылғаннан кейін бір кез моңғол әулетінің уүш- қуаты әлсіреп, қиын жағдайға тап болады. Бірақ көп кешікпей Хятан272 деген атаудың аясында ес жинап, күш-қуатын қайыра бастайды да, Шыңғыс қағаннан 245 жыл бұрын Жа Бұқи273 деген бір мықты қолбасшы шығып, алыс-жақын тайпалады біріктіріп, Ұлы Хятан мемлекетін орнатады.
Моңғолдар Юанвэй ұлысы жойылғаннан кейін бір кез Түрік, ұйғыр, Қытай мемлекетіне тарап кетеді. Әйтсе де, олардың арасында айла-қуаты мол адамдардың болғандығы, олардың Қытай ұлысының үрейін тудыруға дейін барғандығы да айтылады. Мәселен, жоғарыда айтылған Ан Лушан моңғол274 нәсілді адам екендігін және де ұлы Тан ұлысының хан тағының мұрагері – Лян275 ұлысы жойылғаннан соң құрылған келесі Тан276 ұлысының қағаны Ли Сэюан моңғол нәсілді адам болған деседі. Сондай-ақ Сүй277 ұлысының қағаны Ян Дидің278 тұсында Қытайдың көптеген аймақтары іштей бүлініп, 18 жеке аймақ орнатқан шақта Юй Жоудың Тэ Муэл дейтін ауданы өзін хан дәрежесіне көтеріп, жеке ұлыс орнатқан. Бұл Тэ Муэл дегені – Темір, ол моңғол нәсілді адам болған, деседі. Моңғолдар бір сәт осылайша әлсіреп, ыдырауға дейін барғанымен, олардың белгілі бір бөлігі атамекенінен қол үзбей, шағын аймақ дәрежесінде қалып қойған, деседі. Бұл жөнінде кейбір жазба деректерде; Сяньби текті Мұжұн мен Тобаның ханы қытай жеріне түгел моңғолды апармаған. Моңғолдың жартылай тұрғындары қазіргі Зуу уд деген жерде қалып қойған. Олар ұлыс атауларын өзгертіп, Юйвэй деп атанған. Татаби дегендер солардан қалған ұрпақтар. Қытайлар Хи деп те атайды. Бұлардан өзге моңғолдар Хятан деген атаудың аясына бас қосып, жеке ел болған, деп жазады. Осы айтылған деректерге қарағанда, алғаш тарихқа белгіленген кезден бастап, әсіресе, Күннү, Сяньби сондай-ақ Тоба, Юанвэй ұлыстарының кезінен бүгінгі біз сөз етіп отырған Хятан ұлысына дейінгі ұзақ аралықта моңғол жері мен Қытай жерінде өмір сүріп келгендігі айқын аңғарылады. Анығырақ айтсақ – Хятаннан Шыңғыс қағанға дейін хан тағын үзбей, жалғастыру барысында Шыңғыс деген бір мықты дүниеге келіп, Ұлы Моңғол ұлысын қайта дәуірлетіпті. Сол кезде моңғолдар неліктен Хятан деген атқа ие болғандығы жөнінде анық дерек айтылмайды.
Десе де , қытайлар моңғолдарды әркезде әрқалай атап, кейде тіпті мазақ етіп, кемсіту үшін түрлі-түрлі ат қойып, айдар тағып келгендігі – Хибэ, Шивэй279, Татаби280, Дада, Дахэ т.т. атаулардан анық байқалады. Мүмкін осы айтылған Хибэ, Татаби немесе Дада Татар дегендерден өрбітіп Хятан деп атауы, немесе мүлде басқаша ниетпен солай атады ма? Ол жағы әзіпше бізге мәлім болмай отыр.
Осы Хятан деген атаудың астына топтасқан моңғол аймақтары ертеден бас қосып, жоғарыда айтылған Түрік, ұйғыр, Тан мемлекеттерінің тұсында соларға қарсы соғыс ашып, бірде жеңіп, бірде жеңіліп, құн төлеуші бодан ел болған.
Хятан мемлекетінің құрамында манжлер281 де бар еді, деген дерек айтылады. Моңғолдар кейіннен нағыз ұлы хандық құрған соң Нюйжи деп аталатын шүршіт аймағының жартысын ғана басып алған. Және де қалған бөлігіне тіптен жоламаған. Осы нақты дерекке жүгінер болсақ, Хятанның құрамында шүршіттердің көп болмағаны да анық. Хятандар хандық құрып дәуірлеген кезде ұлыс атын Дайляо деп өзгертеді. Осы Дайляо ұлысының тарихи шежіресінде: «Біздің ұлы бабамыз Гэ Уту ұзақ уақыт бойы ілгеріге әскер аттандырып, ерлік көрсеткені үшін Ду Ху деген атқа ие болған.Хан ұлысының кезінде Сяньби шань282 деген тауға иелік етіп, Сяньби ұлты атанды…» деп жазады. Жоғарыда айтып өткеніміздей сяньби, тоба тайпалары Күннү ұлысының Модұн қағанының тұсында өз ішінен бүлініп, Сяньби, Ухань деген екі тауды мекен еткен. Сонан орталық Ху атанып, Сяньби және Ухань деген екі жеке ұлысты құраған. Хятан, Тоба, Сяньбилердің арғы тегі сяньби, тоба екеуі де Күннү ұлысының ұрпақтары, ұлыстың сол қанатының қорғаушылары екендігі шындық.
Аталмыш шежіреде Хятан ұлысының алғаш дәуілеген кездерін айта келіп; Олардың түп атасының неше буын өткеннен кейін Ци Шань хан дүниеге келген. Одан сегіз ұл туылып, сегізі сегіз аймақты билеген. Бұлардан кейін тағы да көп буын өткеннен соң Елюй Элбуги283 деген батыр ер туылып, ол төңірегіндегі түгел аймақтарды Нюйжи деген шүршіт аймақтарымен біріктіріп, Шыңғыс қағаннан 245 жыл бұрын өзін хуанди сайлап, Хятан деп аталатын қуатты мемлекетті орнатқан. Сонан кейін байтақ Моңғол ұлысымен қоса, Ляодундағы шүршіт ұлтының Бохай деген хандығын иеленіп алыпты. Хятандар осылайша моңғол, шүршіт, қотандардың жерлерін басып алмен қоса, бір кездері қытайдың бүкіл жерін басып алуға шақ қалған. Соның нәтижесінде Ақ қорғанның ішіне кіретін көптеген аймақтарға иелік құрған. Бұл жөнінде кейбір тарихшылар: Хятан мемлекетінің иелік құрған өлкесі орталық Керулен284 өзенінен батыс Сян шаньға285 дейін созылып, осы аралықтағы алпыс аймақ ұлыстарды түгелдей қол астына алған. Олардың ішінде Тәңір тауының ұйғырлары, итэгүлері286 сияқты мықты ұлт, ұлыстар да бар еді. Және де Ган жоудың ұйғырлары мен Тангұдтарға қарсы ХІ ғасырға дейін соғысып келген, деп жазады. Бұл Шыңғыс қағаннан бұрынғы ІІ ғасырдың алғашқы жартысы шамасы. Хятан ұлысын алғаш құрушы хуанди Елбуги287 дүние салғаннан кейін мұралық еткен хуандилер ұлыс қуатын жоймай ұстап келген. Олардың тұсында ұлысты Дайляо деп атаған. Сол кезде Қытайда Солтүстік Сүн ұлысы288 билік жүргізетін. Соған байланысты Дай Ляо ұлысы Сүн ұлысына қарсы ұдайы шабуыл жасаумен болған. Соңында Сүн ұлысы біржолата жеңіліп, Ляо ұлысына289 салық төлеуге дейін барған. Дай Ляо ұлысы Корей мемлекетіне де шабуылдап, достық келісім орнатқан. Бұдан кейінгі аралықта Ляо ұлысы қарулы күшін батысқа бағыттап, Ган жоудағы Ұйғыр мен таңғұттардың Ся ұлысын290 өзіне қаратады. Ся ұлысының иесіне Уаң атағымен қоса сұлу ханшасын сыйға беріп, туыстық бітімге келеді.Кейіннен осы Ся ұлысын Шыңғыс қаған күйретеді. Оқырмандарымызға түсінікті болуы үшін оның тарихын қысқаша айтар болсақ; Бұл Ся ұлысы дегеніміз – ежелгі Танңғұт мемлекеті. Олар қазіргі Ганьсу өлкесінің Лян жоу, Нинся деп аталатын Ярғай қаласын астанан ететін. Сол кезде Қытай мен Хятан ұлыстары Дансян және Зу бу деп аталатын. Дансян – соның құрамындағы бір аймақтың атауы секілді. Бұларды Моңғолдың көне тарихында Танғұт немесе Хашин қағанның мемлекеті деп атаған. Кейбір моңғол тарихшылары Танғұт пен Тибетті бір ұлт деп жаңсақ түсінеді. Ся деп атанған Танғұт құрамында амду тектес көптеген ұлттар болған. Олардың сыртында ұйғыр, ху хуйлардың да адамдары ұшырасатын. Қытайлардың да болғаны онсыз түсінікті. Бұл туралы білгір тарихшылардың жазбаларында: Танғұт ұлысының құрамында дансяннан басқа хор, тоба, қытай, шато, шығыс түрік, тугухунь, телес, ұйғыр тектес көптеген ұлт болған. Мұндағы таңғыт деген ұлтты қытайлар Дансян, тибеттер Минаг деп атайтын. Ал, олар өздерін Михау дейтін. Негізінен олар Динлин, Бомалардан қалған ұрпақтар, еді деп жазады. Осы Ся деп аталған Таңғыт ұлысының алғаш орнағаны жөнінде Хятан ұлысының шежіресінде; Батыс Ся ұлысы анығында Вэй ұлысының тұсындағы тоба ұлтынан қалған атау. Бағзыдағы Гилян жері. Баба тегі Жай Гүнге Тан ұлысынан кейін Ли деген ұлт атауын беріпті. Кейіннен Сүн ұлысының қол астына енген тұста Жао деп атап, Сүн ұлысынан бөлінгеннен кейін Ли атауын қайтарып берген. Сол себепті Ся ұлысының басшысы Зицян-ды Ли Зицян деп атап, Уаң шеніне көтерген, деп жазады. Осы Ся ұлысын алғаш орнатқан қолбасшыны – Моңғолдың Тобасы дейтін Юанвэй адамы болған, деседі. Ся ұлысы Сүн ұлысына бағынып тұрған кезде оны Жао Юанхо деген басқарған. Бұл туралы Ганьму жазбасында; Жао Юанхао кесім жарғысын бекітіп, әскеи жарғы негізінде көп аймағын қайта құрган. Қытай ұлысына еліктеп, жазба мен әскери шендерді де қолданысқа енгізді. Моңғол, Қытай мектептерін ашып, жоғарғы, төменгі лауазым иелерін екі ұлт өкілдерінен тең дәрежеде сайлады. Олардың шенін киген киімдері арқылы танылатын етіп, арнайы тымақ, киімдер тіктірді. Шекара шеңберін қайтадан құрып, жаңадан моңғолша жазу жасап қолданды, деп жазады. Осы жөннде Еуропаның ғалымдары; Ся ұлысы кесім-жарғы, білім-мәдениет, шаруашылық жағынан мықты дамыған-ды деп көрсетеді. Сондай-ақ Ся ұлысы төңірегіндегі көптеген аймақтарды өзіне қаратып, оның сыртында Тибет ұлысының шығыс бөлігіне иелік құрған.Сүн ұлысына қарсы ұдайы шабуыл жасап, кей тұста олардан төлем-салық алып тұрған.
Хятан ұлысы жоғарыда айтқанымыздай, көптеген ірі ұлыс, аймақтардың жерімен қоса, Ся ұлысын да өзіне бағындырып, екі мың жыл шамасында өте мықты жетістіктерге жетеді.
Шыңғыс қағаннан 48 жыл бұрын Шүршіттер оларға қарсы үлкен шабуыл ұйыдастырады. Содан кейін Ляо ұлысы бірте-бірте құлдырап, Шыңғыс қағаннан 37 жыл бұрын мүлде жойылады.
Хятан ұлысының алғаш дәуірлеген кездері туралы еуропаның кейбір ғалымдары: Елюй Жанбуги Шығыс Азияның саяси тақтасына моңғол деген атауды алғаш кіріктіріп, оның тарихын үлкен әріптермен жаздырады. Шын мәнінде, олар Моңғолдың ұлы қолбасшысы Тоба Гүйба мен Шыңғыс қағанның дәрежесімен теңбе-тең келеді.», — деп жазады. Хятандардың қолданған тілін қазіргі халқа291 тілінен бөлек болған деседі. Әйтсе де, қазіргі тіл қолданысымыздағы сияқты қатаң дыбысты белгілерді жұмсақ дауыстайтын таңдай дыбысты болғандығын жоққа шығармайды. Бұл Хятан деп аталатын Ляо ұлысы өз тілдерінің ерекшелігіне сай, үш мыңға жуық әріп таңбаларын жасап, сауатты түрде ұлыс жарғысын қалыптастырып, халықты сауатты болдыру үшін бастапқы білі мен қоса жоғары денгейдегі оқу орындарын ашып, қытай шежірелерін аударып, білім мен мәдениетін қатты өркендетеді. Ляо үлысы жойылар тұста ұлыс қағаны немересі Елюй Дашиді уаң сайлап, ұлыс-елін батысқа қарай көшіріп, батыс Ертіс пен Амудария өзендерінің арасын мекен етеді. Елінің батыс бөлігін Қара Хятан деп атайды. Бұл ел кейіннен Шыңғыс қағанның қолымен жойылады. Сондықтан әңгіменің аяғын кейінгі таруларға қалдырамыз.
Алтын ұлысының292 құрамында болған моңғолдар Шыңғыс қағанның қолбасшылары оны иеленген тұста бөлінп шығады.
Хятан ұлысы туралы сөзімізді осымен тәмәм болдырамыз. Егер де, осы тарих жөнінде толығырақ білгілеріңіз келсе, онда Моңғол мен Қытайдың көне тарихтарымен қоса, Дай Ляо ұлысының шежіресін де ақтарсаңыздар толық қаныға аласыздар, демекпін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *