Әйелдің үйінде отырғаны абзалырақ

Әйелдің үйінде отырғаны абзалырақ

عن ابن عمر ‐ رض اله تعال عنه ‐ قال: قال رسول اله ‐ صل اله عليه وسلم
‐: « أخرجه أبو داود وابن خزيمة « لا تمنعوا نسائم المساجد، وبيوتهن خير لهن
Ибн Омардан (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені риуаят етілген: «Әйелдеріңді мешітке барудан қайтармаңдар, бірақ, олар үшін үйлері жақсырақ» (Әбу Дәуд пен Ибн Хузейма).

Бұл – әйел адамның мұсылман қоғамындағы орнын реттеп отыратын және Алла Тағаланың оған берген жұбайлық және аналық рөліне қатысты өте маңызды хадистердің бірі.

Дініміздің даналығы Алланың әйелдерге жақсы жар және жақсы ана болуды әмір еткенінде ғана емес, сонымен қатар, Жаратқан Иеміз бізге осыған қатысты бірсыпыра шариғаттық үкімдерді берді. Сол үкімдерді орындау арқылы әйел Алланың разылығына жетіп, жақындарының махаббатына ие бола алады.

Мұның негізі — әйел адамның үйінде отыруы керектігінде және оның үйінде болуы – Алланың разылығына бастайтын жол. Мешітке парыз етілген жұма намазына немесе абзал болған жамағат намазына бара жатқан ер адам Раббысының Рақымына ұмтылғаны секілді, Алланың әміріне бағынамын деген ниетпен әрдайым үйінде отыратын әйел де, ерлермен салыстырғанда,бәлендей күш жұмсамай-ақ өзінің Раббысына жақындай түседі.

Бірақ, сонымен бірге, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) негізін айқын көрсетіп, ерлердің өз жұбайларына мешітке баруға тыйым салмаулары керектігін айтқан.

Алайда, біз Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл сөздерін қандай да бір бөлімге қатысты хадистердің бәрінен хабардар күйде шариғаттық үкімдерді шығарған және өздерінің білімдеріне сәйкес, белгілі бір шарттар қойған фақиһтердің сөздерімен саралап түсінуіміз керек.

Біз, иншАлла, әйел адамға қай кезде мешітке баруға болатынын ханафи және шәфиғи мәзһабтарына сәйкес егжей-тегжейлі баяндап береміз.

Ханафи мәзһабы

«Әл-Мухтар» мәтінінің авторы былай дейді:
ويره للنساء حضور الجماعات
«Әйел адамдардың жамағат намазына қатыспағандары жөн».Содан соң автор «Әл-Ихтияр» шархында мұны былай түсіндіреді:
: ‐ لقوله ‐ عليه الصلاة والسلامبيوتهن خير لهن » ولما فيه من خوف الفتنة»
وهذا ف الشواب بالإجماع . أما العجائز فيخرجن ف الفجر والمغرب والعشاء. وقال يخرجن ف الصلوات كلها لوقوع الأمن من الفتنة ف حقهن . وله أن الفساقينتشرون ف الظهر والعصر وف المغرب يشتغلون بالعشاء ، وف الفجر والعشاءيونون نياما ، ولل ساقطة لاقطة ، والمختار ف زماننا أن لا يجوز شء من ذلك
لفساد الزمان والتظاهر بالفواحش

«Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Олар үшін үйлері жақсырақ», деп айтқандығы себепті. Өйткені, олардың үйлерінен шығуы бүлік тудыруы мүмкін. Ғұламалардың бірауызды пікіріне (иджма) сәйкес, бұл жас қыздарға қатысты. Ал, егде жастағы әйелдерге келер болсақ, олар таң (фәджр) намазына, ақшам (мағриб) намазына және құптан (иша) намазына шыға алады. Ол былай деді: «Олар барлық намаздарға қатыса алады, себебі, олар бүлік тудырады деген қауіп жоқ. Бірінші пікірді қолдайтын жайт: күнәһарлар көшеге бесін (зухр) және екінті (аср) намаздарының уақытында шығады, ал, ақшамның кезінде кешкі астарын ішеді, таң намазы мен құптан намазы кезінде ұйықтап жатады. Бірақ, біреу болмаса біреу табылады, сол себепті, қазір заман бұзылғандықтан және күнәға белшесінен батып жатқандар көп болғандықтан, мұның бәріне жол бермеген дұрыс».

«Әл-Ихтиярдың» авторының осы сөздерінен әйелдердің жамағат намаздарына қатысуы құпталмайтындығы түсінікті.

Кейбіреулер: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) рұқсат еткен нәрсені қалайша құпталмайды деуге болады?!» — деп сұрауы мүмкін.

Осыған жауап ретінде біз мұсылмандардың анасы Аишаның (Алла оған разы болсын) сөздерін келтіреміз:
لو أن رسول اله صل اله عليه وسلم رأى ما أحدث النساء لمنعهن المسجد كما منعت نساء بن إسرائيل رواه البخاري ومسلم
«Егерде Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдердің қазіргі халін көргенде,бану Исраильдің әйелдеріне тыйым салынғандығы секілді, барша әйелдерге мешітке баруға тыйым салар еді» (Әл-Бұхари мен Муслим).

Аишаның (Алла оған разы болсын) заманында-ақ сондай азғындық орын алған болса, бірде-бір әйел бөгде адамдардың назарынан қорғалмаған, ал, Алланың әміріне бойсұынып, бүркенген иманды әйелге дінсіздер мен нағыз күнәһарлар ерекше қызығушылық танытып жатқан қазіргі заман жайлы айтпасақ та болады!

Шәфиғи мәзһабы

Имам әр-Рамли «Нихаят әл-Мухтаджда» былай жазады:
ويره لها حضور جماعة المسجد إن كانت مشتهاة ولو ف ثياب مهنة ، أو غير مشتهاة وبها شء من الزينة أو الريح الطيب
«Әйел адам тартымды болса,тіпті үстіне ескірген, өңсіз киім кигендігіне қарамастан, мешіттегі жамағат намазына қатыспағаны абзал, яки тартымсыз болса да, сәнді киінген немесе үстіне әтір сепкен болса да».

Имам әш-Шәбрамулси «тартымды» деген сөзді былай түсіндірген:
ومن المشتهيات الشابة وإن لم تن ذات ريح ؛ لأن هيئتها تعلم
«Тартымды әйелдерге жас қыздар жатады, олар үстілеріне әтір сеппеген жағдайда да, өйткені, олар (жас қыздар) бірден танылады».

Біз имам әр-Рамлидің осы айтқандарына қарап, жас әрі тартымды қыздың үстіне әтір сеппесе де және адамдардың назарын өзіне аудармайтындай қарапайым киінсе де, мешіттегі жамағат намазына қатыспағаны абзал екенін түсінеміз.

Қарапайым киінген және үстіне әтір сеппеген тартымсыз әйелге жамағат намазына қатысу рұқсат етіледі (мубах). Әйтпеген жағдайда, оның да мешітке баруы құпталмайды.

Имам ән-Нәуәуи «Әл-Мәджму`да» осыған түсініктеме берген:
وإن أرادت المرأة حضور المسجد للصلاة قال أصحابنا : إن كانت شابة أو كبيرة تشته كره لها وكره لزوجها ووليها تمينها منه
وإن كانت عجوزا لا تشته لم يره ، وقد جاءت أحاديث صحيحة تقتض هذا التفصيل

«Егерде әйел адам намаз оқуға мешітке барғысы келсе, бұл жайында біздің ғұламаларымыз былай деген: “Егер ол жас болса, не жас болмаса да, көрікті болса, оның мешітке бармағаны абзал және оның күйеуі мен уәлилерінің мұны рұқсат етпегендері абзал. Ал, егер ол мосқал тартқан, шырайсыз әйел болса, мұның сөкеттігі жоқ. Бұл мәселені бүге-шігесіне дейін талдаған сенімді хадистер осыны растайды».

Бірақ, мәкрух (ұнамсыз амал) харам (тыйым салынған) деген сөз емес. Сол себепті, егер қыз бала, дегенмен, мешітке баруға бел буса, онда Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кейбір сахаба әйелдерге берген әмірлерін орындағаны жөн:
إذا شهدت إحداكن المسجد فلا تمس طيبا
«Егер араларыңдағы әлдекім [әйелдер] мешітке барар болса, үстіне әтір сеппесін» (Муслим).

Сондай-ақ, Әбу Хурейрадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген:
لا تمنعوا إماء اله مساجد اله ، ولن ليخرجن وهن تفلات رواه أبو داود
«Алланың құлдарына (әйелдерге) мешітке баруға тыйым салмаңдар, бірақ, олар үстілеріне әтір сеппей шықсын» (Әбу Дәуд).

«Фәтх әл-Бәридің» авторы иіссуды пайдаланудың мәкрух екендігі жайлы сөздерді түсіндіре келіп, былай дейді:
ويلحق بالطيب ما ف معناه لأن سبب المنع منه ما فيه من تحريك داعية الشهوة كحسن الملبس والحل الذي يظهر والزينة
الفاخرة وكذا الاختلاط بالرجال
«Иіссуға осы мағынадағы барлық нәрселер жатады, өйткені, бұл тыйымның себебі – оның құштарлықты тудыратынында, яғни, әсем киім де, көзге түсетін әшекейлер де, сондай-ақ, шамадан тыс сұлулық және ерлермен аралас-құралас болу».

Сондықтан, мешітке баратын әйелдер ерлердің назарын аударатын және оларға ұнайтын көз тартымды нәрселердің бәрінен аулақ болулары тиіс.

Ең дұрысын Алла біледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *