Әбу Ханифаның ойының ақылының жүйріктігі

Ойының ақылының жүйріктігі

Бір күні Куфа қаласына әйгілі мұсылман ғұламасы Қатада келіп айналасына жиналған елге қарата: «Маған Алланың елшісі әкелген шариғаты жайлы сұрақ қойыңдар»,– дейді.
Бұл жағдайды ел имам Ағзамға жеткізеді. Әбу Ханифа атақты ғұламаға сұрақ қоюға құлықсыздық танытқанымен, қалың жұртшылық ұстаздарына қиылып, ғұламаның ұсынысына жауап беруін өтініп, соңында оны көндіреді. Сонда имам Ағзам Қатададан:
– Ұзақ уақыт бойы хабар-ошарсыз кеткен ер кісінің әйел оны өлдіге санап, басқа бір кісіге тұрмысқа шығып кетсе. Бірінші күйеуі қайтып келіп: «Әй, зинақор, көзімнің тірісінде қалайша күйеуге тимексің?» деп байбалам салса. Бірақ соған қарамастан әйеліне жақындап қойса. Сосын екінші күйеуі келіп:
«Әй, оңбаған зинақор, сен күйеуге тиіп қойған екенсің ғой», деп шу шығарса. Бірақ соған қарамастан ол да әлгі әйелге жақындап қойса, мәселені қалай шешу керек?,– дейді.
– Мұндай жағдай болған ба өзі?– деп Қата да таңдана сұрайды.
– Болған жоқ, алайда орын ала қалса ше?
– Мұндай сұраққа мен жауап бере алмаймын. Менен Құранға қатысты сұрақ сұраңдар.
– Жарайды. Құранда: «Кітап туралы ілімі бар бір адам: «Оны сен кірпік қаққанға дейін-ақ алып келемін»,– деді»181,– деген. Бұл аяттағы ілімі бар адам кім еді?
– Ол Алланың Ұлық есімін білген Дәуіттің бір баласы, Сүлейменнің бауыры жайында айтылған аят қой.
– Ал Сүлеймен (а.с.) ол есімді білген бе?
– Жоқ.
– Субханналла. Демек әлгі адам ардақты пайғамбарлардың бірінен де артық білімге ие болған ғой?!
181 «Нәміл» сүресі, 40

– Құран аятының мұндай тәпсіріне қатысты ештеңе айта алмаймын.
Менен иман мәселесіне қатысты сұрақ сұраңдар.
– Сіз иман келтірушісіз бе?
– Иншалла, муъминмін деп ойлаймын. Сонда имам Ағзам:
– Неге сіз Ибрахим пайғамбардың Хақ Тағалаға «Сен иман келтірмеймісің?. (Ибрахим) Әрине, сенемін»182 деп айтқанындай нақты жауап бермейсіз?,– деген кезде Қатада не дерін білмей, қатуланып:
– Мені бұл жерден алып кетіңдер. Аллаға ант етейін, енді бұл қалаға аттап баспаспын,– деген екен сөзден жеңіліп183.
Аузағидің имам Ағзамды бидғатшы деп кейін райынан қайтуы
Фақиһ Мисар ибн Қидам имам Ағзамның сабақтарына қатысып, нәр алу үшін өз шікірттерін тастап кеткен екен. Сонда ұстаздарының бұл ісіне наразылық танытқан шәкірттері: «Біз сізден хадистер туралы сұрадық. Ал сіз болсаңыз бидғатшыларға барып қосылып кеттіңіз»,– дегенде ұстаздары: «Егер қажылардың арасынан олардың ең жасының өзі шығар болса, ол білім тұрғысынан олардың бәрінен асып түсер еді»,– деп жауап береді184.
Қосымша әңгімелер:

Сұңғылалығы

Имам Ағзам сұраққа жауап беруде сұңғылалығымен ерекшеленетін. Ол қойылған сұраққа дұрыс жауап берумен қатар, аяқ астынан жауап тауып кететін. Осыған қатысты мысырдың ғұламасы Ләйс ибн Сағыд: «Аллаға ант етейін. Оның жауабының дұрыстығымен қатар тездігі де таңқалдырады!»185,– деген екен.
Ибн Мубарак: «Ол туралы ел не деп мақтаса да, ол сол мақтаулардан да артық еді».
Язид Ибн Харун: «Мен көптеген адамдарды кездестірдім. Алайда, одан артық, ақылды және құдайшыл адамды көрген емеспін»186.
Имам Ағзам еларасындаөзініңбілімдарлығы, тақуалығы, қайырымдылығымен абыройға бөленді. Қолынан келгенше елдің мұқтаждықтарын өтеуге тырысатын. Олардың қиын сұрақтарының түйінін шешіп, араларындағы даулы мәселелерге қатысты әділ төреліген беріп отыратын. Имам туралы ел: «Хақ тағала оның бойына барлық ізгі қасиеттерді дарытты»187,– дейтін. Осылайша қалың жұртшылықтың ыстық-ықыласына бөленіп, елдің бәрі оны ұлықтап жатты. Өйткені ол өзгелердің қолынан келмейтін нәрселерді жасады. Бұл өз кезегінде қызғаншақтардың көреалмаушылықтарын арттырып, дұшпандарының санын көбейтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *