Хақ нұрлы Алла тағала – бүкіл ғалам падишасы

Хақ нұрлы Алла тағала – бүкіл ғалам падишасы
Сонымен Хақ тағаланың сипатын танымақ — әрбір адамның міндетті парызы. Оның сипаты ежелден белгілі мекенсіздігі және тұлғасыз екендігі.Заман-замандардан бері қарай оның мекенсіздігі мәлім болды.Бұл жағдайды білмектің кілті,адам өз жаратылысын танымақта екені баяндалды. Хақ тағаланың бүкіл ғалам мемлекеті падишасы болуының себебі неліктен? Бұны қайсы дәлелмен білуге болады? Періштелердін бұйрық қылмағы,періштелердің бұйрықты орындамағы және ғалам істеріне періштелердің көңіл бөлмегі, аспаннан жерге бұйрықтарды жеткізбегі, аспан мен жер және жұлдыздарды сейіл қылмағы,және рызықнесібелердің қоймасын аспанға қоймағының себебі неліктен? Бұл тарауда осылардың ақиқатын баян етемін.Хақ тағаланың ілімін үйретпекте ұлы қасиеттер бар. Бұны кең пейіл, ұлық Алла дер.Өйткені,әуелгі тарау -Алланың заты мен сипаты деп атаған еді. Сондықтан ұлық Алла сипатын танымақтын да кілті адамның жаратылысын танымақта болар. Егер де өз денеңнің мемлекетіне падишалық етуді білмесең, ықпалынды жүргізе алмасаң, Хақ тағаланың падишалық ету ықпалының сипатынан не білерсің? Әуелі өзінді танығын және өз сипатынды білгін. Мәселен «Бисмилланың» пайда болуын білгің келсе, ол адамның тілек-талап, мақсатында пайда болар. Ал оның мұратын шешуші діл болар. Бір парша ет-жүрек көкіректің сол жағында тұрар. Сонымен ділден кеуде арқылы көмейін әрекет келер. Бұл кеудедегі жүрек сөздерін тәуіптер рух деп атар. Барлық қуат, іс-әрекеттер бұлармен байланысты,бірге болар және бұл рухқа өлім жол табар. Адам мен хайуандардың өлуімен бірге бұл рухта өлер,бұны хайуандық рух дейді. Бір рух бар-біздер оған діл деп ат қойдық. Бұл — жануарларда жоқ нәрсе. Әр уақытта өлім оған жол таппас және бұл рух – Құдай Алла тағаланың ілімінің орны болар бөлек,уақытымен хайуани рухтын көмейіне жетсе «Бисмилла» суреті сол көмейдін қазынасы болар. Қуат пен қиялдын мекені сонда пайда болар және көмейден асып аяқтарға жетіп барлық денеге тарар. Жіпке ұқсап таралып,бармақтардын ұшына дейін тарар. Бұл сіңірлі жіптерді арық адамның қол-аяғынан көруге болады. Енді бұл жіп-сіңір тамырлар саусақтарды әрекетке кіргізеді. Сонымен «Бисмиллах» қиял қазынасында сурет сипатында қағазда пайда болар. Бұл суреттің қағазда пайда болмағы сезім талабы жәрдемі арқылы болар. Сондықтанда ол көзбен байланысты,қашан көз қиығы түспегенше болмас. Пенденің қылар ісінің әуелгі талап-тілек қалауыда көнілде пайда болар. Бұған ұқсас, Әзіреті Хақ нұрлы Алла тағаланың сипаттарының бірін пайда қылар. Алғашқыға байланысты,қатынасы бар барлық істер,жігердін сипаты болар. Сондықтан пенденің қалауымен жігерінің пайда болатын жері әуелі-ділде пайда болар,одан кейін ділдің көмегімен өзге ағза қуатқа кірер. Хақ тағаланың жігірлендіру әсері әуелі ғарышта пайда болар,одан кейін басқаға жетер. Сондықтан пенденің жаратылысында көкірек көзі пайда болар. Бұған хаиуандық рух деп ат қойдық,ділдін тамырларынан бұл із-таңбаны көмейге жеткізер. Осыған ұқсас Хақ тағаланың жігерлік із-таңбасы ғарыштан күрсіге жеткізетін, жауһарлы сөздер бар екен,оны періште деп атайды немесе рух дейді.
Кейде рұхл Құддус та дейді
Сондықтан пенденің күш жігерінің ізі көмейіне жетіп, ділдің қазынашысы болар. Бұған ұқсас Хақ нұрлы Алла тағаның жігер сипатының ізі ғарыштан күрсіге жетеді екен,күрсі ғарыштын астында болар, сондықтан пенденің пейіл құнының суреті көмей қазынасының алдыңғы бөлігінде пайда болар. Одан кейін ғана сыртқы сипатын табар. Осыған ұқсас әр нәрсе де ғаламда пайда болар. Олардың суреті ләуһіл Махфузда пайда болып,одан кейінғана ол нәрселер ғаламда пайда болар. Көмейдегі сөз қуаты сіңір-жүйке тамырларын іске қосар. Саусақ сіңірлі тамыр түзілісін,қаламдыда іске қосар. Бұған ұқсас Хақ тағаланың ғаршы күрсіге тиісті періштелері бар, олар аспан жұлдыздарын іске қосар. Көмейдегі қуат сіңір-тамырлары арқылы саусақтарды қимылға келтіргендей, періште қызметкерлер жұлдыздар орталығы және уақыт, сағат, ғаламдық төрт асыл (төрт элемент) – топырақ, су от, желді әрекетке келтіріп іске қосар. Яғни қызулық, ылғал және құрғақтық ,ыстық-суықтық іске қосылатын болар.
Содан кейін қалам, сияны бөлек-бөлек пайда қылып дайындар. Енді «Бисмиллах» суреті қағазда өрнектелер. Осыған ұқсас періште уәкілдіктері ыстықпен суық,төрт асылды іске қосар. Қағазбен сияны істегенге ұқсас төрт асылдың(элемент) ылғалы сияқтыны қабыл қылар. Құрғақтық ол-көріністі сақтаушылардан,егер де ылғал болмас,өрнек көрінісі пайда болмас. Егер құрғақтық болмаса,өрнек тұрақтамас. Сондықтан саусақтар көмегімен қалам іске кірісіп, өз істерін орындап, «Бисмиллах» суреті қазынайы қиялдағы өрнекке сай, қалау сезімдері жәрдемімен қағазға сурет болып жазылар. Осыған ұқсас төрт асыл- ыстық пен суықта іске кірісіп, періште өкілдерінің жәрдемімен өмір және өсімдіктер дүниесі бәлкім, жалпы жаратылыс суреті, ләуһл Махфуздағы суретке сәйкес дүние майданына келер. Сондықтан,пенденің қылатын істері әуелі ділде пайда болар.Сонан сон адам діліндегісін өрнектегенде,дене мемлекеті оны амалға асыруды мақұлдар. Бұған ұқсас Әзіреті Хақ тағала ғарышты жаратқыш және ғарыштың иесі бар құдырет кемелімен бірге ғарышты жаратып,ғалам мемлекетін жасауды амалға асырушыдан.Жүніс сүресінің 3-аятында: «Әзіреті Хақ тағала ғарыштында иесі. Барлық ғалам мемлекет істерін амалға асырушы болар». Білгін,бүл қажетті де белгілі ақиқатта. АҚЫЛИ-ақиқатқа ашылған жаңалық-анық көрінуімен мағлүм болар. Ақиқатты білу керек,падишалықты падишалардан өзге кісі білмес. Егер Хақ нұрлы Аллах тағала жаратылысының мемлекетінде ділді падиша қылмаса, Әзіреті Құдай тағала ғалам падишалығын білмес еді. Енді шүкір қылғын,ол падиша ием сені жаратты,сол жаратылысының мемлекетіне сені падиша қылды. Сонымен саған ділді ғарыш дайындап берді.көмекейлі күрсі пайда қылды,қазынайы қиялдан ләуһл Махфуза берді.Көзбен құлақ-бес сезімнен періштелерді пайда қылды.
Көмей күмбезінен барлық сіңірлі тамырларды таратып,оны аспанмен жұлдыздар іспетті жаратты. Және саусақпен қалам, сияны ділге мүдделі етіп бас игізді. Сонымен сені жалғыз Аллах мекеніңді де, Тұлғанды да баянсыз етті.Бұлардың бәріне сені падиша қылды және Хақ тағала саған тапсырды:өзіңнен және падишалығыңнан ғапұл болмағың,бұлардан ғапұл болсан-пәруәрдігерден ғапұл болғаның. Шын мәнінде Аллах тағала адамды өз суретіне ұқсастырып бірге жаратты. Ей, адам өзіңді білгін және жаратушыңды білгін!

 

Имам Ғаззали

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *