Жаратушы ғаламның періштелері

Жаратушы ғаламның періштелері
Сонымен адам баласының падишалығы және жаратушы ғалам падишалығын танымақты Ұлы мәртебелі Алла екі ілім жолымен тануды ишарат етіпті: әуелгі ілім – адам өз жаратылысын танымақ болар. Ағзалар қатынасының түзілісі және қуаттар мен сипаттар ақуалын білмек. Бұл ілім-ұшы қиыры жоқ үлкен ілім. Оның баяны бұл кітапқа сыймас. Екінші ілім – Әзіреті жаратушы ғалам мемлекетінің періштелерімен қатынасы және періштелердің бір-бірімен байланысы. Ғарышы мен күрсі және аспанның алыс-берісі,қарым қатынасы жайлы ілім,өте үлкен салмақты дүние. Бұл ілімі де әуелгіден ұзағырақ. Мақсат-бұл ілімдердің ишаратын білуі шарт. өйткені әрбір кісіде зеректікте,даналық та болады. Бұл ілімдерді үйреніп қана қоймай оны меңгеріп өзіне бағындырумен Хақ нұрлы Аллах тағаланың жаратылысын танығай. Әзіреті жаратушы ғалам сипатынан, оның биік дәрежесінен хабарсыз (алдану зиянын көрген), оның жамалының кемелдігінен хабарсыз, құралақан мақұрым қалған кісі нағыз надандар қатарында болатынын өздері де білмес. Ол бейшара құралақан қалғандардан; табиғат танушылар, астрономдар-ғалам істерін жұлдыздар ықпалында деп даурығатындар да баршылық. Бұлардың мысалы-шамамен майда шымалға ұқсайды,қағаздың үстімен жүріп, оны өзі байқар.қағаз бетінде жүру нәтижесінде өзіне тән сиялы із-өрнек пайда болар. Қаламды көріп шаттанып «Бұл істін ақиқатын білдім,бұны пайда қылған қаламғой» — деп айтады екен. Бұл табиғат жайынан мысал,төмен мәртебелі әрекеттерге тән, мәселені жетік біле бермес. Табиғи деп (материялистік тұрғыдағы көзқарас) ғалам ішінде пайда болған бар нәрселерді аспан-көк және уақыт-дәуірге байланыстыларды айтар. Мысалы көктем кезінде гүлдердін ашылуы,уақытында суық болмағы және мұз қатпағы,өз дәуірінің табиғатынан деп білер. Ал одан үлкенірек құмырсақа келіп айтар-сен қате істедін,бұл істін ақиқатын мен жақсы біліп алдым,бұл нашық-өрнекті пайда қылушы қалам емес,бәлкім саусақтар,ол сол саусақтарға тәуелді дейді. Бұл жұлдызшылардың мысалы болар. Табиғатты жұлдыздарға бойұсын.атын тәелді де дейді. Бұлда таңданарлық. Өйткені жұлдыздардың періштелерге тәуелді екенін білмейді сонымен жұлдызшы (астроном,астрологтар)жұлдыздардан жоғарыға жол таба алмапты. Сондай-ақ табиғатшылар мен жұлдызшылар арасында да шектен тыс қарама-қайшылықтар бар. Толығырақ айтсақ, ғалам жаратылысы денелерін жан-жақты талдасақ,ғалами әруақтан сондай несібе тапса болады екен. Бұл дәрежеден артық қосуға ұмтылмаса да бұл топтар не ғалами әруақ (рух ғалами), не жол таба алмас-тосқауылға тап болар. Сонымен ғаламдық әруақ-ғаламның қош иісі іспетті,одан да бұл сияқты қиыншылық тосқауылдар есепсіз. Кейбірінің дәрежесі жұлдыздарға ұқсас және кейбірінің дәрежесі айға,бағзысы күнге ұқсас болар.Бұл жағынан қарағанда, ол кісінің ғарыш алдындағы Миғражы болар,аспанмен періштелерді оған көрсететін шығар. Сондықтан да Хақ нұрлы Алла тағала Ибраһим Халиоллаға хабар бергені жөнінде Анғам сүресінің 75аятында «Яғни,біз Ибраһимге дүниенің ғажайыптарын көрсеттік» депті. Осы мағанаға байланысты, Әзіреті Расули акрам (с.а.у) хабар берген хадисының мәнін «Мушакатул анбар» (Нұрлар зиясы), «Сифатул асрар» (Сырлар сипаттары)кітаптарында баяндағанмын.
Басты мақсат-табиғатшыл бейшаралар, ғалам ісін ыстықпен суыққа байланыстыратының айту. Шындығында егер ыстық-суық Алланың құрал аспабының тобынан болмаса дәрігер-тәуіптік ілім жоқ болып құрыр еді. Алайда бұл жөнінен қате қылар еді,назары шектелген төмен мәртебені ыстық-суық деп,бұны асыл-негіз деп білер. Кімге тәуелділігін бой ұсынатынын білмес. Қадірін де кемелін де танып,қызметкерлігін танымас.Ыстықпен суық-ең төмеңгі дәрежедегі қызметкерлер тобынан.
Астрологтар жұлдыздарды Алланың құрал-аспабы тобынан санауда,шындығында егер сондай болмаса,күндіз бен түн болмас еді. Сонымен ыстық-жалын жұлдыздар, ғалам раушандығы, ыстықтығы сонымен бірге болар. Зымыстан-қыс,жадыраған жаз барабар болар ма еді. Жаздың ыстықтығы шектен тыс болар,ыстық-аспанның ортасында жақын жүрер.Жаратқан құдай аспанды ыстық және жарық қылыпты, Сатурнды суық етіп және құрғақ етіпті және Шолпанды ыстық және ылғалды етіпті деп сендірудің мұсылманшылыққа ешқандай зияны жоқ. Алайда астролог жұлдызшылар ол себептерден бір бөлек түсіндіріп жұлдыздарды асылнегізі деп санап ғалам істерін оған жүктейді. Жұлдыздардың кімге тәуелді екенінен хабарсыздығын байқатар. Ағраф сүресінің 54-аятында: «Ыстық күн мен ай жұлдыздар Хақ нұрлы Алла тағаланың әміріне бағынышты және бой ұсынатындар» деп басқа біреудін жарлығымен іс қылатындарды айтады. Ал жұлдыздар өздігінше ешқандай жұмыс істей алмас,бәлкім періштелер жарлығымен іс қылар. Сондықтан сіңір-тамыр,жүйке атқаратын істері — тұтас денені қимыл мен іс-әрекетке кірістіру көмейдегі қуаттың әсерінен болар. Сондықтан жұлдыздар соңғы мәртебедегі қызметкерлер тобына жатады. Егер де ескеретін заттардың бастылары өз дәрежесінде болса да тәуелді ғаламнан болар төрт асыл элементтері ұқсас, төменгі мәртебедегі қызметкерлерден. Яғни,жазушы қолындағы қаламға ұқсас деуге болады.

 

Имам Ғаззали

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *