Фиқһ кітаптарының жазыла бастауы

Фиқһ кітаптарының жазыла бастауы

Ханафиліктің таралуының тағы бір негізгі себептерінің бірі – ханафи фиқһ кітаптарының Әбу Ханифа мен шәкірттерінің кезінде жазыла бастауында. Алдыңғы бөлімде айтып өткеніміздей, фиқһтық мәселелер әуелі қырық кісілік арнайы алқада әбден талқыланып, ой сүзгісінен өткеннен кейін мына Зуфәр ибн Хузәйл, Әбу Юсуф, Дәуіт ат-Таий, Әсәд ибн Амр әл-Бәжәли, Юсуф ибн Халид әс-Сәмти, Әбу Мутғи әл-Балхи, Нұх ибн Әбу Мәриям, Мұхаммед ибн Уәхб, Аия ибн Язид секілді фақиһтар оларды жинап, жүйелеп хатқа түсірген295. Бұлардың арасынды Әсәд ибн Амр әл-Бәжәли, Нұх ибн Әбу Мәриям, Әбу Юсуф пен қатар имам Ағзамның дәріс алқасына отыз жыл қатысқан Яхия ибн Зәкәрияның ханафи фиқһының жазылып, жинақталуында белсенді түрде атсалысқандықтары айтылады296.
Әбу Юсуфтың біздің заманымызға дейін келіп жеткен төрт шығармасы, имам Мұхаммедтің «Захирур-риуая» кітаптары тобының арасындағы алты кітабы мен «Надирур-риуая» кітаптары сол кездегі Ирак фиқһын танытатын негізгі әрі сенімді қайнаркөз кітаптар болып табылады.
Әбу Ханифаның алғашқы шәкірттерінің шәкірттері саналған Исмаил ибн Хаммад, Әбу Сүлеймен әл-Жузжани(Журжәни), Әбул Хафс әл-Кәбир, Бишр ибн Ғияс, әл-Мәриси, Иса ибн Әбан, Ибн Сәмаа, Бишр ибн Уәлид әл-Кинди, Яхия ибн Әксам, Хиләлуррай секілді ғалымдар да фиқһтың әр түрлі салаларында еңбек жазу арқылы ханафи фиқһының кең тарап, күшеюіне маңызды үлес қосқан.
Сонымен қатар, ханафи фиқһының жинастырылып-жазылуына халифа
293 Бәззәзи, Манақиб, 491-518-б.
294 Мекки, Манақиб, 1-т. 63-б.; А. Өзел, Ханефи фықых алимлери, Түркия Диянет Вакфы баспасы, Анкара, 2006; Бардакоглы, 3-б.
295 Сәймиәри, 2, 107-б.; Мекки, 1-т, 66-б.
296 Бардакоглы, 3-б.

Мәмун кезеңінде қағаздың ойлап табылып, кең қолданыла бастауының да өзіндік ықпалы болды.
Алғашқы бір-екі ғасырдағы ханафи фиқһының жинастырылып-жазылуы мәзһабтың құрылуы мен танылуына жол ашса, кейінгі кезеңдерде һижра жыл санауы бойынша IV, біздің жыл санауымыз бойынша Х ғасырдан басталған кітаптарды жинастырып жазу ісі мәзһабтың қалыптасуы мен дәстүрлі түсінігінің орнығуына жағдай жасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *