Табиғаттанушы-материалистер осалдығы

Табиғаттанушы-материалистер осалдығы
Халық арасында бүл мәселеден толығырақ түсініп берілсе бәрі де шындық деп айтар еді. Бірақ бағзылары көрмесе де көріп-білгендердін дауын айтар. Бұлардын мысалы — көзі көрлерге ұқсас деуге болады. Есіткенім бар еді – олардың мекеніне бір піл келіпті. Кілен көзі көрмейтін көрлер жиналып келіп, пілді қолдарымен сипап танымақшы болады. Кейбіреуі пілдін құлағын, біреуі аяғын бірі тісін сипап асып-сасып ол жербұл жерлерін ұстап, байқағансып,қалған соқырларға піл жайлы хабар беріп,аяғын үстағаны-үстынға ұқсаған екен десе,тісін ұстағаны-япырай піл пышаққа ұқсаған нәрсе екен дейді. Ал құлағын сипап көрген-піл кілемге ұқсаған болады екен дейді. Бұлардың бәрінін де-шындық,бірақ қате айтып тұр. Пілдің барлық ағзаларын танығанмен тұтасынан,толық бітім тұлғасын танудан көңілдері күмән. Өйткені кейбір ағзаларын қолымен ұстап танығанымен өзге толық түр-тұлғасынан хабарсызы екені ақиқат. Жұлдызшы,табиғаттанушы (материалист) қауымы да, Әзіреті Хақ нұрлы Алла тағаланы қызметкерлерінің кейбірін таныпты. Алланың құдіретіне таңданып, Қазі Рәббі падиша осы екен депті. Алла тағала бұларға да анық жолды көрсетіпті. Бәрінің де кемшілігін көріпті. Бұлар да біреудің жарлығымен болған шығар,бәрі де тек қызметкер – Құдайлыққа жарамас.

 

Имам Ғаззали

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *