Ділді кір-тозаңнан таза, пәк ұстау

Ділді кір-тозаңнан таза, пәк ұстау
Адам болмысында жыртқыш жануарлар, шайтандар мен періштелер сипаттары бар деп әр кезде айтып жүрерсің. Адамның асылы періштелер гауһарынан екенін және өзге сипаттардың жарамсыз екенін қандай дәлелмен білеміз? Адамды періштелер қасиетіне бейімдеп жаратып, басқа сипаттарды бейім етіп жаратпағанын қайдан білеміз?
Бұл жағдайды білгенде ықтият болғын, оны тек дәлелмен білесің. Шын мәнінде, адам жыртқыш және төрт аяқтылардан кемелділік шамашарқымен жоғарыда тұр. Алла әр нәрсеге бір кемел беріпті, ол кемел – сол нәрсенің өзіне тән дәрежесі ғана, оны тек сол қасиеті үшін жаратқан. Мұның мысалын ат пен есектің айырмашылығынан көруге болады. Есек – жүк көтеру үшін жаратылыпты. Атты – қазылар, батыр шабандоздар астында шабуыл, жарыс майдандарында шабу үшін жаратыпты. Есекке де, атқа ұқсас шабатын қуат беріпті. Бірақ, жаугершілікте ат үстінде ертұрман салып шабу кемелдік дәрежесін байқатар. Бұл кемелдік төмен болса, онда оған тоқым салып, есек орнына жүк артып пайдаланар еді. Бұл мәртебе – оның кемшілігі, кемелдіктен жұрдай екенін көрсетер еді.

 

Имам Ғаззали

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *