Құбыла

Құбыла

С: Намазды қай тарапқа қарап оқу парыз?
Ж: Құбыла тарапына қарап оқу парыз.
С: Құбыла тарапы қай жақта?
Ж: Арабстан жеріндегі Мекке Мүкәррам қаласында Байтуллаһ атты бір мүбәрак үй бар. Құбыла сол үй тарапында.
С: Мұсылмандардың құбыласы қай тарап?
Ж: Жоғарыда айтылған Байтуллаһ, яғни Қағба. Біз оның қабырғалары, төбесі құбыла деп айтпаймыз. Бәлкім, сол жерді құбыла дейміз.

Құбыланы табу

С:Сахараға ұқсас жерлерде, бір кісі құбыланың қай тарапта екенін білмесе, сұрайтын кісі болмаса, намазды қай тарапқа қарап оқиды ?
Ж: Зерттеп оқиды, яғни ойыменен жобалайды. Қай тарап өзіне жақын болса, сол жаққа қарай беттейді.
С: Қалай зерттейді?
Ж: Өзінің қай бағыттан келгенін және қай бағытқа бара жатқанын есіне алып, айналасындағы таулардың қай тарапта екендігіне қарап, ой жүгіртіп, құбыланың қай жақта екенін жобалап шешеді.
С: Кеш болса, айналада ешбір нәрсе көрінбесе, қалай жобалайды?
Ж: Егер бұлт болмаса, алтын қазық жұлдызын тауып, сонымен жобалайды. Алтын қазық – күн батар тұстың сол жағында тұрады. Күн батар тұсты тапқаннан кейін, шамалап құбыла тарапын табу мүмкін болады.
С: Бір тарапты жобалап, құбыла етіп тағайындаса, сосын намаз оқуға кіріссе, намазын аяқтамастан бұрын бір белгілер арқылы құбыланың басқа тарапта екеніне көзі жетсе не істейді?
Ж: Намаз оқып тұрған күйінде сол тарапқа бұрылып намазын аяқтайды.
С: Бірнеше кісі құбыланың қай тұста екенін білмесе, әрқайсысының ойы бөлек болса, олар қай тарапқа қарап намаз оқиды?

Ж: Әрқайсысы өзінің жобалап тапқан тұсына қарап, жеке-жеке оқиды. Бір-біріне намазда ұйымайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *