Пайғамбарымыздың бірнеше әйел алуының негізгі мақсаты шариғатты жеткізу дейді, мұны қалай түсінеміз?

 

Бірнеше әйел алу пайғамбарлар үшін зәрулік, өйткені діннің отбасы қатынастарын реттейтін үкімдері өз алдына бөлек академияны қамтиды. Ал сол үкімдерді үмбетке жеткізу үшін пайғамбарлар бірнеше әйелмен шаңырақ көтеруге мұқтаж. Құранда « Біз сенен бұрын да елшілер жібердік. Оларға да әйелдер мен бала- шаға бердік » (186 «Рағыд», 38) деген аят осыны нақтылайды.
Әр жастағы, әр жағдайдағы әйелге әртүрлі шариғаттың үкімдерін түсіндіру керек. Оның үстіне пайғамбардың қарапайым тұрмыстағы, үй ішіндегі жүріс-тұрысы көпшілік көзге беймәлім. Осыны елге жеткізу үшін бір кісінің шамасы жете ме? Бірін болмаса бірін ұмытып, не болмаса байқамай қалады емес пе? Сол үшін пайғамбар тұлғасын зерттейтін, оны кейінгілерге жеткізетін бірнеше адам керек. Сол аналарымыз болмағанда біз дінімізді толық үйрене алар ма едік? Бұдан Пайғамбарымыздың (с.а.с.)

үйленудегі басты мақсаты Ислам шариғатын жан-жақты түсіндіру болғанын көреміз. Шариғаттың төмендегі тұстарын Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелі, мұсылмандардың аналары арқылы біле алдық.
Пайғамбарымыздың отбасылық мәселелерге қатысты сүннет амалдары әйелдері арқылы жеткен. Үй шаруасындағы, отбасылық өмірдегі түнгі құлшылығы, отбасы мүшелерімен қарым-қатынастары т.б. бөгде ешкім хабардар бола бермейтін іс-әрекеттерінің бәрі нақты түрде бүге-шігесіне дейін аналарымыздың айтуы бойынша жеткен. Әсіресе әйелдерге байланысты хайыз, нифас секілді кейбір ұятты мәселелерді бізге осы пәк жұбайлары жеткізбегенде, шариғаттың бұл тұстарынан мұсылмандар мүлде беймәлім күйде қалар еді. Барлық хадис кітаптарына назар аударсақ, Хақ елшісінің (с.а.с.) үйдегі қарым-қатынасы, басқа да бөгде адамдар көре бермейтін іс-әрекеттерінің бәрін Айша анамыз сияқты пәк жұбайлары риуаят еткеніне куә боламыз. Тіпті, Айша анамыз хадистерді жеткізіп қана қоймай, қай хадистің қандай жағдайда айтылғанын да жақсы білген. Олай болса, барша әйелдерге Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелдері ұстаздық етті десек қателеспейміз.
Аллаһ елшісінің жұбайларының арасында жас, орта жастағысы, егде тартқандары және қабілеттері әртүрлі әйелдері болды. Олардың сұрақтары мен әртүрлі мәселелер турасындағы сауалдарының жауабы мен шешімдерін дер кезінде Пайғамбарымыз айтып отырды. Осылайша әр жасқа, қабілетке байланысты туындаған мәселелерге берген жауаптары мен шешімдерін үмбетіне жеткізуі осы пәк жұбайларының арқасында жүзеге асты. Ақиық пайғамбар дін үкімдерін жоғалтып алмау мақсатымен елу үш жасынан кейін бірнеше әйелмен үйленуге бел буады. Бұны тіпті жанқиярлыққа жатқызуға болады.
а) Пайғамбарымызбен (с.а.с.) некесі қиылған нәзік жандылардың дені жесірлер мен ешкімі жоқ әйелдер еді. Мұсылмандардың бір-біріне көмектесуін үйреткен Аллаһ елшісі (с.а.с.) осындай әйелдерді бірінші болып панасына алмаса, одан кейін ешкім де бұл істі орындамас еді.
ә) Әр жерден алған жұбайлары оның көзінің тірі күнінде де, дүние салғаннан кейін де өз төркіндеріне Исламды таныстыруға көп қызмет еткен. Осылайша аналарымыз арқылы Исламның таралу аясы кеңейе түскен.
б) Хазірет Айша анамыз – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жан жолдасы Әбу Бәкір Сыддықтың қызы. Хазірет Хафса анамыз – Омар Фаруқтың қызы. Пайғамбарымыз (с.а.с.) достарының қыздарын ала отырып, екі досына деген үлкен құрметін көрсеткен.
в) Бірнеше әйел алуының тағы бір сыры, жаңа үкімдердің түсуіне жол ашқан. Қараңғылық дәуірдің шеңберінен шығып ескі салттың сарқытындай ел ішіне сіңісіп кеткен жаман әдеттер бар еді. Бұлар өзгеруі керек болды. Мұны бір істесе Пайғамбарымыз (с.а.с.) істейтін. Мысалы, арабтың ескі әдетінде асыранды бала өз баласы сияқты есептеліп, мұра беріліп, оның алған әйеліне үйленуге тыйым салынатын, бірақ Аллаһтың берген үкімі басқа. Кісі баласы ешқашан өз балаң сияқты болмайды. Исламнан бұрын Зәйд ибн Харисаны Пайғамбарымыздың (с.а.с.) асырап алғаны бар. Оны жұрттың бәрі

Зәйд ибн Мұхаммед (Мұхаммедұлы Зәйд) деп атайтын болды, бірақ бұлай істеу жөн емес еді. Ақыры, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Зәйдпен ажырасқан Зейнепті өзі алып, бұл дәстүрдің тамырына балта шапты.
Мәдинадағы әйелдер көп нәрсені Пайғамбары- мыздың әйелдерінен үйренетін. Әйелдері Пайғамбары- мыздың (с.а.с.) ұяла қысқа жауап қайырған мәселелерін жұртқа кеңірек түсіндіретін. Пайғамбарымыз (с.а.с.) әлі туындамаған мәселелерді сұрауға тыйым салған болса да, күнделікті істе кезігетін сұрақтарға тыйым салмаған. Егер сұрала қалса жауап берген, тіпті мұндай мәселеде сұрауға қызықтырған. Әнастың (р.а.) риуаятында осыған байланысты бір оқиға келеді: «Үммі Сүләйм бір күні Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп:
– Уа, Аллаһтың елшісі! Әйел кісі түсінің әсерінен жүніп болса, ғұсыл құйына ма? – деп сұрайды. Сол жерде отырған Айша (р.а.) анамыз:
– «Әйелдерді ұятқа қалдырдың-ау, Үммі Сүләйм, Аллаһ сені кешірсін»,
– дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Айшаға (р.а.):
– Әйелдерді ұятқа қалдырған ол емес, сенсің. Ұялтпа, ансарлық әйелдер фиқһтан қалағанын сұрасын. Иә, ғұсыл құйыну керек, – деп жауап қатты. Артынша «Аллаһ ақиқатты баяндауды ар санамайды» («Ахзаб» сүресі, 53) деген аятты оқиды (Мүслим, Хайз 29 ) . Осы жағдайдан кейін олар бір мәселенің төңірегінде сұрақ туындар болса, дереу осы аятты оқып сұрағын қоятын болған.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Шифа деген мұһажир әйелге Хафса анамызды оқып-жазуға үйрететін мұғалім етіп тағайындаған (Ибну Асир, Усудул-ғаба 7,162) . Ол кісі отбасында болған барлық жағдайды бақылап жүретін, егер жағымсыз іс-әрекет орын алса, дереу оның дұрысын үйрететін. Бірде Айша сіңлісі Әсмамен бірге отырғанда Пайғамбарымыз (с.а.с.) ішке кіріп келеді. Әсма жеңі кең киіммен (Шам елінің киімі) отырған. Мұны көрген Пайғамбарымыз дереу қайта шығып кетеді. Сонда Айша (р.а.) Әсмаға: «Сен шық, Аллаһ елшісі сенен ұнатпаған нәрсені көрді», – дейді. Әсма шығып кетеді. Үйге қайта кіргенде Айша Пайғамбарымыздан неге шыққанын сұрайды. « Мүлдем байқамадың ба? Бір мұсылман әйелдің тек мына жерлері ашық жүруіне болады», – деп, қолымен Айшаның (р.а.) жеңін созып, саусақтарына дейін жабады, сосын самайына дейін басын жабады да тек жүзін ашық қалдырады (Хайсами 5/137) . Осылайша Аллаһ елшісі (с.а.с.) әйелдеріне ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін үйретіп жүретін.
Расулаллаһ әйелдердің мешітке баруына кедергі болмаған. Олар түнгі уақытта да мешітке бара алатын. Айша (р.а.): «Біз Аллаһ елшісімен бірге мешітте намаз оқып, таң ағара бастағанда орамалдарымыз жабылған күйде үйге оралатынбыз», – дейді.
Ислам діні – ақырғы дін. Ислам шариғаты– қияметке дейін келетін адамдардың барлық мұқтаждықтарын өтей алатын ауқымға ие. Сол үшін өмірдің ешбір кезеңін көзден таса етпеген. Тіршіліктің барлық ұсақ- түйегіне дейін қамтыған Ислам дініндей ешқандай дін де, жүйе де тарихта болмаған. Тамақ жеу мен ұйықтау әдебінен бастап, ғибадат пен туыстық қарым- қатынастар, кісінің өзін-өзі ұстауы – бәріне де жарлары куә болып, кейінгі

ұрпаққа жеткізген, өйткені олар күні- түні Расулаллаһтың жанынан табылды. Олай болмаған жағдайда бәлкім біз түнгі намазды, болмаса ұйықтау әдебін, әйелдерге қатысты түрлі шариғи үкімдерді біле алмас па едік, кім білсін? Бұл ауыр жүкті бір адамның арқалауы мүмкін емес. Осы тұрғыдан келген де, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайлары шариғатты бізге үйретер ұстаздар іспетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *