Намаз шарттары
С: Намаз шарттары, яғни намаздың сыртындағы парыздар нешеу?
Ж: Олар сегіз. 1) дәретпен болу; 2) дененің таза болуы; 3) киімнің таза болуы; 4) намаз оқитын жердің таза болуы; 5) әурет жердің жабық болуы; 6) намаз уақытының кіруі;
7) құбыланы табу; 8) көңілмен ниет ету.
Намаздың рүкіндері
С: Намаздың рүкіндері, яғни ішіндегі парыздары нешеу?
Ж: Намаздың рүкіндері: 1) такбир тахрима, яғни намаздың басында такбір айту;
2) қиям, яғни тік тұру; 3) қирағат, яғни Құран оқу; 4) рукуғ; 5) сәжде; 6) соңғы отырыс;
7) тәртіп, яғни рукіндерді тәртіппен орындау; 8) намазды толық аяғына дейін жеткізіп, өз ісімен шығу.
Намаздың уәжіптері
С: Намаздың белгілі уәжіптері нешеу?
Ж: Он бес.
1. «Фатиха» сүресін оқу;
2. Кемінде 3 аят немесе сол көлемде бір ұзын аят оқу;
3. Рукуғ пен сәждеде бір тасбих айтатындай уақыт тұру;
4. Рукуғтан көтерілгенде азғантай уақыт тұру;
5. Екі сәжде арасында отыру;
6. Алғашқы отырыс;
7. Әр отырыста ташаһһуд оқу;
8. Сәлем беру;
9. Намаздың бір амалы біткен соң, кешіктірмей басқа амалға көшу;
10. Таң, ақшам, құптан намаздарының әуелгі екі ракағатында имамның дауыстап қырағат етуі;
11. Бесін және екінті намаздарының қырағатын іштей оқу;
12. Имам қырағат еткенде, артындағы муқтадилердің (имамға ұюшылардың) үндемей тұруы;
13. Екі айт намазының тәкбірлері;
14. Үтір намазында «Құныт» дұғасын оқу;
15. Осы уәжіптердің біреуі орындалмаса немесе парыздардың біреуі кешіктірілсе, сәһу сәждесін жасау — уәжіп.