Дәрет алуға болатын таза сулар

Дәрет алуға болатын таза сулар

С: Қандай суға дәрет алған дұрыс?
Ж: Көл, өзен, құдық, қар және жаңбыр суларына дәрет алуға болады.
С: Осы суларға басқа бір таза нәрселер араласса, дәрет алуға бола ма?
Ж: Таза нәрселердің араласуы судың табиғатын бұзбаса, дәрет алуға болады.
Мысалы: жапырақ, сабын араласқан немесе шалшық су.
С: Айран мен сірке суы және сорпа секілді нәрселермен дәрет алуға болады ма?
Ж: Болмайды.

С: Қауын-қарбыз және осы секілді көкөністердің шырынына немесе ағаш суына дәрет алуға бола ма?
Ж: Бұл сулар таза болса да, оларға дәрет алуға болмайды. Бірақ киімін және денесін жуып, нәжістен тазартуға болады.
С: Дәретке пайдаланылған су таза ма әлде нәжіс пе?
Ж: Жуылған мүшеде нәжіс болмаса, ол су таза. Бірақ, таза болса да, тағы да дәрет алуға жарамайды. Егер жуылған мүшеде нәжіс болса, әлбетте таза емес.
С: Нәжіс араласқан суға дәрет алу дұрыс па?
Ж: Егер ағынды өзен болса немесе ұзындығы қырық кез, тереңдігі жарты қарыс көлшік болса, дәрет алуға болады. Бірақ тоқтау су немесе кішкене көлшік болса, азырақ нәжіс араласқанның өзінде де дәрет алуға болмайды. Өйткені ол су нәжіс.
С: Ағынды суға немесе тоғандағы суға өте көп нәжіс араласқандықтан, ол түсін, иісін және дәмін өзгертсе ол су таза бола ма?
Ж: Жоқ, ол нәжіс, дәрет алуға болмайды.
С: Адамның ішкен суының қалдығы таза ма әлде нәжіс пе?
Ж: Таза, бірақ, арақ ішкен адам болса, таза емес.
С: Жылқы, қой секілді еті халал жануарлар ішкен судың қалдығы таза ма?
Ж: Таза.
С: Ит не қасқыр секілді еті харам, жыртқыш жануарлар және шошқа ішкен судың қалдығы таза ма?
Ж: Таза емес, нәжіс.
С: Тауық немесе қаршыға секілді жыртқыш құстар ішкен судың қалдығы таза

ма?

Ж: Таза, бірақ дәрет алу мәкрүh.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *