Саптама етік

Саптама етік – ішіне киізден астар салып, былғарыдан тігілетін жылы аяқ киім. Ол негізінен, қыс бойы далада қызметте болатын малшыларға, механизаторларға, аңшыларға қолайлы. Саптама етік жылқының, сиырдың терісінен иленген былғарыда, көннен тігіледі. Ол түзу табан және қисық табан болып келеді. Оның өкшесі аласа, қонышы тізені жауып тұрарлықтай ұтым болады. Ал басының айындысын қонышының айындысына дәл келтіріп, тігісін ішіне қаратып қос тарамыспен тігеді. Басын қондырған соң оның қонышын қусырады. Етіктің қонышын қусырғанда етік жылы әрі берік болу үшыін тігістің арасына жіңішке былғары таспадан сыздық салып, қос тарамыспен жиі етіп тігеді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *