Асанова Б.С. – тарих ғылымдарыны кандидаты, азМемызПУ кітапханатану жəне библиография кафедрасыны аға о:ытушы
Мақалада Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы кітапханалардың əскери-патриоттық тəрбие берудегі қызметінің мүмкіншіліктері мен жұмыс түрлері жан-жақты қарастырылған. Зерттеу барысында келесідей көрсеткіштер талданған: əр кезеңдегі қызмет көрсетіп отырған кітапханалар мен оқу-үйлерінің саны, кітапхана қызметкерлерінің саны, партия жəне кеңес ұйымдарының саяси-ағарту мекемелерінің жұмысын жақсартудағы іс-шаралары, кітапхана қызметкерлерінің кəсіби біліктілігін арттырудағы нəтижелері жəне кітапхан жүйелерін қайта қалпына келтірудегі өткізген жұмыстарының негізгі көрсеткіштері. Кітапханалар жүйелерінің, кітапхана қызметкерлерінің дамуын сипаттайтын статистикалық көрсеткіштерді білу, қазіргі заманғы мониторинг жүргізумен қатар, болжамдық көрсеткіштерді құруға өз септігін тигізуде.
Түйін сөздер: инвентарлық кітап, кітапхана, библиография, абонемент, оқу залы.
Соғыс кезіндегі көптеген қиыншылықтарға (мекемелер саны қысқарды, материалдық базаның нашарлауы) қарамастан, жалпы кітап қоры 10 млн. томнан асатын 10,5 мың кітапханалар жұмыс істеді. Соғыстың түсірген ауыртпашылықтарына қарамай, кітапхана мамандары өз жұмыстарын жалғастыра берді. Бұл тұрғыда, А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапхана материалдарындағы жазбаларынан келтіруге болады: 1943 жылғы ақпан, наурыз айларында А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапхана осы саладағы мамандарға арналған семинар өткізеді. Семинар қорытындысы бойынша, колхоздарға көктемдік егістік кезінде барлық көпшілік кітапханалар шет ауылдардағы колхоз кітапханаларын қамқорлыққа алып, сабақтар өткізді. Сабақтар мынадай төмендегідей бағытта өткізілді:
Ауыл шаруашылығына арналған əдебиеттерге шолу өткізу.
Егіс бригадаларына күнделікті газеттегі ақпараттарды жеткізу.
Қабырға газетін, жауынгер парақшаларын шығару.
А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапхананың əдістеме бөлімі республика кітапханаларындағы кітапханашылармен тəжірибе алмасып, кітапхана мамандығын көтеруге курстар, семинарлар өткізді. Осындай жолмен 45 кітапхана мамандары даярланып шықты. 1943 жылдары А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапхана 200.00 оқырмандарға қызмет көрсетіп, кітапхананың 10.000 тұрақты оқырмандары болды. Кітапхана қызметкерлерінің құрамы 91 адамдарға есептелген болатын. Алайда кітапханашының еңбек ақысының төмендігіне орай 65 кітапхана мамандарының орнына
– 48 адам, 27 ғылыми қызметкердің орнына – 22 адам жұмыс жасады. Оның ішінде 7– уі тылдан келгендер, ал 5– уі ғана қазақ ұлтынан болды. Олар қосымша күніне төрт сағаттан жұмыс істеді. Кітапхана алдағы жарты жылдықта жаңа мамандарды жұмысқа тарта алмады. Біраз кітапхана қызметкерлері жалақысы жоғары жұмысқа ауысып жатты. Алматы қаласындағы кітапханалардың қала сыртындағы колхоздарға шығып отыруы өте аз болды. Себебі, ауа райының жайсыздығы, кітапханашылардың материалдық жағдайының нашарлығы көп əсер берді. Осындай келеңсіз жағдайларға қарамастан А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапхана қызметкерлері өз жұмысын тиянақты түрде орындап отырды. Кітапхана қызметкері – В. Кислицин колхоздарға шығып, оларды шағын жұмыспен қамтамасыз етті. Көктемгі егіс кезінде колхозшыларға мəдени қызмет көрсету мəселелеріне орай, А.С. Пушкин атындағы мемлекеттік халықтық кітапхана кітапханашылардың семинарын өткізді. Семинардың мақсаты
– қала маңындағы колхоз кітапханаларына басшылық ету еді. Семинарда өткізілген сабақтар төмендегідей тақырыптарда жүргізілді:
1). Мəдени-ағарту қызметкерлерінің міндеттері жəне 1943 жылғы көктемгі егіс;
. Көктемгі егіс жұмысшыларына ауыл шаруашылық əдебиеттеріне шолу жасау;
Егіс бригадаларында газетпен жұмыс;
Дала қостарындағы оқу-үйлерінің ақпараттық жұмыстары;
Оқулар, əңгімелер өткізу;
Дала жұмыстарындағы халықты əдебиеттермен қамтамасыз ету;
Əскери қағаздарды тарату жəне қабырға газеттерін шығару.
Кітапхана совхоздың алыстағы бөлімшелеріндегі қызыл бұрыштарға да көмектесіп, жаңа шыққан мерзімді баспа басылымдарын жеткізіп тұрды. Аптасына екі рет жауынгерлік парақша, газеттер шығарылып тұрды. Олар, «Дəн жинауға қарқын мен сапа керек», «Əрбір сағат еселі еңбек», «Оқып-үйрен де өндіріске қолдана біл», деген ұранмен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Осы жұмыстарды ұйымдастыруға, бригада жұмысына 3 кітапхана қызметкерлері бөлінді. Олар тəжірибесі аз колхоз кітапханашыларына көмек көрсетіп, көшпелі кітапханалар ұйымдастырды. Кітапханашылар концерттер қойып, кітапханалық үйірмелер ұйымдастырды. Кітапхананың əдістеме бөлімі республиканың барлық көпшілік кітапханаларына əдістемелік көмек көрсетіп, кітапхана жұмысының тəжірибелерімен алмасуды ұйымдастырды. Ақпаратты-библиографиялық бөлім оқырмандарға жеке көмек көрсетіп, партия, өнеркəсіп кəсіпорындарына, ғылыми-зерттеу ұйымдарында анықтамалар орындап, ұсыныс жəне библиографиялық тізімдерді құрып, кеңестер ұйымдастырды. Кітапхананың көпшілік секторы лекциялар, баяндамалар, əдеби кештер, тақырыптық анықтамалар жұмыстарын жүргізді. 1943 жылы театрларда 12 кітап көрмелері ұйымдастырылды. Оқырмандарға қызмет көрсетумен қатар, «Қазақстантану», «Библиография» саласы бойынша ғылыми-ізденіс жұмыстарын жүргізеді. 1943 жылы кітапхана 1000 00 тақырыпты қамтыған «Қазақстанның пайдалы қазбалары жəне кəсіпорны», деп аталатын библиографиялық көрсеткішін аяқтады. Бір жарым ай ішінде кітапхана меңгерушісі – Т. Гусева барлық бригадаларда «Құрмет тақтасын» жəне «Құрмет белгісі» тақтасы жарысын ұйымдастырып, 42 əскери үндеулер шығарып, 25 оқулар, 4 жиналыс, 18 əңгімелер өткізіп, 825 адамдарға қызмет көрсетіп, 63 ұрандар жазды. Кітапхана меңгерушісі – Т. Шебалдина дала бригадаларына 11 жылжымалы кітапханалар ұйымдастырып, пункттер мен госпитальдарға қызмет көрсетті. 1943 жылдың бірінші жарты жылдығында кітапханаға 23070 оқырмандар қатынап, 49454 экз. кітап берілді. Т. Шебалдина жəне басқа да кітапхана қызметкерлері 183 ұжымдық радио тыңдау, 224 оқулар, 21 əдеби викториналар, 15 əдеби көрмелер ұйымдастырды. Əскери мəселелер жайындағы анықтама столдары, анықтама бұрыштары оқырман сұраныстарын қанағаттандырумен қатар, республикалық жарыстарға қатысып отырды.
Кітапхана жұмысында өзін жақсы қызметкер ретінде көрсете білген, көпшілік жұмыстарды кең көлемде өткізген, оқырмандарға керекті жағдайды жасап отырған кітапхана директорлары – В.Н. Шмелева, Васильева, кітапхана меңгерушілері – Т. Шебалдина, Слюсарь, Желяева жəне т.б. сыйақымен марапатталды. А.С. Пушкин атындағы кітапхана жанындағы əдістемелік бөлімі «Көпшілік кітапханалардың жұмысы», «Ұлы Отан соғысы» тақырыптарына арналған картотека құрастырып, ұсыныс тізімдерін жасады. 1944 жылдың 1 қаңтарында А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапхананың қоры 930 мың томға жетіп, оның ішінде 10.000 қолжазбалар мен сирек кездесетін шығармалар болды. Соғыс жылдарындағы ауыр жағдай кітапхана жұмыстарын баяулатқан жоқ. Тек бір жыл ішінде оқырмандар саны 189 мыңға, кітап беру саны 3 миллион кітапқа көбейсе, кітап қорының орташа айналымы 3,3 ретке жетті. А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапхананың, кітапхана мамандары оқырмандарға арнап 25600 библиографиялық анықтамалық 195 тізім дайындады. Алайда, мамандардың, қаражаттың, қағаздың жетіспеуінен кітапхананың басқа кітапханаларға əдістемелік көмегі күрт төмендеді [1]. 1944 жыл бойынша ауылдық жерлерде егіс кезінде 2168 жылжымалы кітапханалар жұмыс істеп, 204 мың əңгімелер, 35 мың лекция, баяндамалар оқыды. Солардың бірі – А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапхананың абонемент, оқу залы бөлімдері бір жарым миллион адамдарға қызмет көрсетті. Оқырмандар саны 1940 жылмен салыстырғанда, 180 мыңға көбейіп, берілген əдебиет саны 2800 мың томға өсті. Өткізілген лекцияларға, баяндамаларға жəне жазушылар, ғалымдармен кездесуге 200 мың адам қатысты. Партия жəне кеңес ұйымдарына, ғылыми мекемелерге 25600 анықтамалар, 195 библиографиялық тізімдер, 200 библиографиялық шолулар өткізді. Сонымен қатар, «Қазақ КСР-ның тарихына арналған» көрсеткіш, «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарда» тақырыптарына арнап картотека шығарады [2].
БК(б)П Орталық Комитетінің 1944 жылғы 1 сəуірдегі «Көпшілік-саяси жəне мəдени-ағарту жұмысын жақсарту қаулысы» кейбір облыстарды өз шешімін таппады. Мысалы, Батыс Қазақстан облысындағы мəдени-саяси ағарту жұмыстары қанағаттанарлықсыз болды. Облыс бойынша, 302 мəдени-саяси ағарту мекемесінің 150-і жұмыс істемеді. Қызметкерлердің тұрмыс жағдайы ешкімді қызықтырмады, нəтижесінде, оқу-үйінің меңгерушілері 6– 8 ай еңбекақыларын ала алмай, көбісі жұмыстарын тастады. Осындай себептерден бос қалған бөлмелерді басқа жағдайларға қолданылып отырды. Мысалы, Чингирлауск ауданының «Егіншілер» колхозындағы қараусыз қалған оқу-үйін дін жорасын оқу мақсатында молдалар қолданды. Көптеген оқу-үйлері жартылай қираған жағдайда болса, ал біраз бөлігі аудандық жəне облыстық жұмысшылардың келісімімен астық құятын пункттерге қолданылды. Теректі ауданында 5 оқу-үйлері астыққа толтырылды. Облыс бойынша, 194 оқу-үйі, 63 қызыл бұрыштар, 32 аудандық жəне қалалық, 1 облыс кітапханалары қызмет көрсетті[3].
Жергілікті ұйымдар, ҚКСР халық комиссары жəне БК(б)П Орталық Комитеті 1944 жылғы 13 қазандағы қаулысының іске асу мақсатында, партия ұйымдарының көмегі арқасында саяси-ағарту мекемелерінің жұмысын жақсартуда бірқатар шаралар өткізді. Саяси-ағарту қызметкерлерінің облыстық, аудандық мəжілістері өткізілді. Аудандағы мəдениет үйлері, кітапханалар жанынан кітапханашылардың, клуб қызметкерлерінің, оқу-үйін басқарушыларының семинарлары, Республикалық социалистік жарыстар ұйымдастырып отырды. Сонымен, 1944 жылы Республика бойынша өткізілген саяси-ағарту жұмысының қорытындысы бойынша бюджеттік саяси-ағарту мекемелері – 3222, оның ішінде, 357 клубтар, 426 кітапханалар, 15 мұражайлар, 21 қызыл бұрыштар, 2358 оқу-үйлері, 45 қызыл үйлер жұмыс істеді. Мекемеден тыс саяси-ағарту мекемелері – 3056 болды. Ал, 1944 жылғы 1 желтоқсан айындағы мағлұмат бойынша, республикада 3992 саяси-ағарту қызметкерлері жұмыс істеген, соның ішінде, қосымша жұмыс істейтіндердің 1046 мұғалімдер болды. Көптеген облыстарда саяси-ағарту мекемелерінің қызметкерлеріне қайта даярлаудан өткізу курстарын жүргізді. ҚКСР Халық Комиссарлары Кеңесі жəне Қазақстан БК(б)П Орталық Комитетінің шешімі бойынша «Облысаралық 300 адам шамасында 3 айлық оқу-үйін басқарушыларын даярлау» жоспарланған болатын, бірақ жоспар бойынша, тек 26 адам ғана оқып шыққан.
1944 жылы Халық Комиссары мəдени-ағарту қызметкерлерін даярлау, қайта даярлауда жүргізілген жұмыстарына қарамай, кітапханаларды мамандармен толықтырудың мүмкіндігі болмағандықтан кітапханалар жабылып жатты. Көптеген аудандарда мамандармен қамтамасыз ету 60– 70 пайыздан аспады. Осы жылы Республикада 3992 мəдени-ағарту қызметкерлері жұмыс жасаған екен. Олардың 79-ы жоғары білімді, 777 орта, 1212 аяқталмаған орта, 1074 бастауыш білімдері болса, кітапхана саласы бойынша олардың 76-ның ғана жоғары жəне арнайы орта кітапхана білімі болған. Бұл мəдени-ағарту мекемелерінде мамандармен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмегендердің дəлелі еді. Соған байланысты, 1944 жылғы 13 қарашада ҚазКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің шешімімен соғыс кезінде, яғни 1942 жылы жұмысын тоқтатқан Алматы кітапхана техникумы қайта ашылады. Техникум өз жұмысын 1944 жылдың 1– ші қазанынан бастап, саяси-ағарту бөлімінің 3 курсына 24 студентті оқуға қабылдайды. 1945 жылдың наурызында техникумның кітапхана бөлімінің 3 курсына 28 студент, барлығы 52 студент оқуға қабылданды. 1946 жылы техникум Алматыдан Семей қаласына көшіріліп, 1946-1947 оқу жылының жоспары бойынша техникумға 120 студенттер қабылдануы тиіс болса, көшіп– қону жұмыстарына байланысты тек 74 студенттер ғана қабылдап үлгереді. 1946 жылы ҚКСР Министрлер Кеңесінің мəдени-ағарту мекемелері жөніндегі Комитетінің бұйрығымен Республикалық кітапхана техникумы, Республикалық мəдени-ағарту техникумы болып қайта құрылады. Ол кітапхана жəне клуб қызметкерлерін даярлау бөлімдерінен тұрды [4, 10-п.].
1944 жылғы 13 қазанда саяси-ағарту қызметкерлерін даярлау барысында ҚазКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысына негізделген, Алматы қаласында 1944 жылғы 15 желтоқсанда қазақ кітапхана техникумы құрылды. Қаулыда бұрынғы кітапхана техникумының жатақханасы берілуі тиіс болғаны көрсетілген болатын, бірақ бұл ғимарат Қазақстан БК(б)П– ның Орталық Комитетінің парткурсына беріліп, техникум ғимаратсыз қалды. Осыған байланысты техникум жатақханасыз қалып, оқуға облыстан келетіндер саны қысқартылды. Техникум республика бойынша мəдени-ағарту мамандарын даярлайтын жалғыз оқу орны болды. Техникумның оқу корпусы болмағандықтан оқу сабақтары шет тілдер институты жəне Мемлекеттік халықтық кітапханада өткізілінді. Өз жеке оқитын ғимараты болмағандықтан сабақтар болмай жүрді. 120 студенттің тек 30 ғана жатақханамен қамтамасыз етіліп, қалғандары жеке пəтерлерде тұрды. Техникум студенттерінің төсек-орны болмады, киіммен, аяқ-киіммен қамтамасыз етілмеді. Оқу корпусын ғылым академиясы иеленіп, ал жатақханасын Коммунистік партия Орталық Комитетінің жұмысшылары мен жанұялы курсанттарына пəтерге берілді. ҚКСР Халық Комиссариатының 1944 жылғы 13 қазандағы № 603 қаулысында, Алматы қалалық кеңесінің атқару комитеті еңбекшілер депутаты жолдас Миловановаға, Красин көшесі 54– те орналасқан техникум жатақханасының ғимаратын қайтарып беруін міндеттеді, бірақ бұл қаулы орындалмады. Сондықтан Атқару Комитеті мамандарды қайта даярлау міндетін қойды. Бұл үшін келесі шараларды өткізу міндеттелді:
а) Саяси-ағарту техникумын кітапхана техникумы етіп қайта құру;
б) Республикада оқу-үйінің басшыларын даярлайтын 3 саяси-ағарту мектебін ұйымдастыру;
в) Абай атындағы қазақ педагогикалық институтында, Семей, Орал педагогикалық институттарында кітапхана бөлімін құру;
г) 1946 жылы жаз айында 1500 оқу-үйінің басшыларына жарты айлық, 100 кітапхана қызметкерлеріне 3 айлық қайта даярлық курстарын ұйымдастыру белгіленді [5, 33-41-пп.].
Республикада 1944 жылдардағы кітапханалар жəне оқу-үйлеріндегі жұмыстардың жағдайы қанағаттанарлықсыз болуы, халыққа білім беру бөлімінің басшылары Қазақстан Компартиясы ОК бюросының 1943 жылғы 26 ақпандағы қаулысының шығарған шешіміне орай, оқу-үйлеріндегі, кітапханалардағы жұмыстарды жақсартуға ешқандай шара қабылдамады, қызметкерлерге мəдени шараларды ұйымдастыруға дұрыс нақты көмек көрсетпеді. Мысалы, Ақтөбе, Ақтау жəне Павлодар облыстарындағы оқу-үйлері мен кітапханалардағы қызметкерлерге халық арасында көпшілік жұмыстарды жоспарлау жəне ұйымдастыру сауалдарына ешқандай семинарлар, консультациялар (қосымша) өткізбеді, мекемелердегі қызметкерлерге тəжірибелік көмек көрсетілмеді. Жергілікті жерлердегі партия, кеңес ұйымдары оқу-үйлері мен кітапханаларға көңіл бөлмей, олардың жұмыстарын басшылыққа алмады. Дзержинский ауданында ешқандай оқу-үйлері жəне кітапханалары орталық жəне республикалық мерзімді басылымдар алмады, аудандағы 9 оқу-үйінің 4-еуі астыққа толтырылды. Андреев ауданында көптеген оқу-үйлері жұмыс істемеді, олардың мекемелері дəнге көміп тасталынды. Аудандағы кітапханалар мүлде кітап қорымен толықтырылмады, аудандық тұтыну одағы кітаптарды саудаға сатуға жіберіп отырды. Мысалы, Ақтөбе облысында орналасқан Ресей Коммунистік партиясының хатшысы — Мочинев кітапхананың арнаулы мекемесін пəтерге алып, ал кітапхананы клубтың кішкентай бөлмесіне орналастырды. Ресей Коммунистік партиясы кітапханада əйелдермен, əскер жасындағылармен əр түрлі кеңестер өткізіп, оқырмандармен жұмыс жоспарын жасауға мүмкіндік бермеді. Ал, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 215 оқу-үйлері, 36 кітапханалар есептелінді. 151 оқу-үйлері үнемі жұмыс істеп, ал 39 астық сақталынды. 95 оқу-үйлері селолық кеңес, колхоз басқармаларының бөлмелерінде орналасқандықтан, мұндай жерде жұмыс істеу мүмкін болмады. Көптеген оқу-үйлері, əсіресе, Көкшетау ауданындағы Паладино, Соколов селоларындағы оқу-үйлерінің отындары болмады, барлық ауданның есеп инвентар кітаптары тасып құртылды, əйнектері сындырылған, терезелері жабылмады. Осы аудандағы «Красное село» колхозындағы оқу-үйі қараусыз қалды [6, 80-п.]. 1945 жылғы 1 қаңтарда республикада бюджеттік жүйе бойынша 3460 мəдени-ағарту мекемелері жұмыс істеді, оның ішінде, оқу-үйлері – 2408, кітапханалар – 481 болды. Республикада мəдени-ағарту мекемелерінің штаттық кестесі бойынша барлығы 4722 қызметкерлер қызмет көрсетті, оның 1196 кітапхана қызметкерлері, 2425 оқу-үйін басқарушылар, 146 қызыл үй қызметкерлері болды. Əлі де болса, Республика бойынша кітапханаларда 949 қызметкерлер жетіспеді. Осы жылы кітапханаға бөлінген 57200 қаржының, тек 7200 сомы ғана есеп инвентары мен əдебиетке жұмсалынды
1945 жылғы 1 қаңтардағы есеп бойынша аудандық кітапханалардың кітап қоры — 114038, оның 50333 қазақ тілінде болды. 1944 жылы 66330 кітаптар берілсе, 1945 жылы 37717 кітаптар берілген. Облыстық кітапханалардың кітап қоры 45656 дананы құраса, 16600 данасы оқу залында, 20177 дана абонемент бөлімінде жəне жылжымалы қорларда 8879 құрады. Оқу залына келген оқырмандар саны – 132991, ал абонемент бөлімінде – 9330 оқырмандар қатынаған, оның ішінде қазақ оқырмандар саны — 1347 құрады. Оқылған жəне үйге берілген кітаптар – 41800 болса, қазақша кітаптар саны – 6549, қазақ тілінде оқылған кітаптар саны – 2106 болды. Орал облысының «Қазкітап» дүкенінен 1945 жылы кітапханаларға 13999 дана көркем əдебиеттер алынып, оның 7589 қазақ тілінде, 17732 саяси əдебиеттер болды[7, 1-4-пп.].
Республика бойынша толығымен оқу-үйлері жұмыс істеп тұрған ешқандай облыстар болмады. Партия жəне Кеңес ұйымдары мəдени-ағарту мекемелерінің мамандарына керекті көмек бермеді. Көптеген фактілер бойынша кітапханалардың, оқу-үйлерінің қызметкерлеріне жарты жыл бойы еңбек ақылары берілмеді. Мысалы, Қостанай облысының Таран ауданының Придорожной, Ново-Ильиск, Тобольск, Аманқарағай жəне т.б. селоларындағы оқу-үйінің меңгерушілеріне 1945 жылдың қаңтарынан еңбекақылары берілмеді. Республика кітапханаларына мемлекеттен бөлінген қаржы шамалы болды. 1945 жылдың 1– ші жарты жылдығында кітапхана жұмысына бөлінген қаржының 5.902 мың сомның 1, 620 мың сомы (27, 4%) белгісіз себептермен кітапхана жұмысына жұмсалынбады [8, 45-47-бб.].
Кейбір облыс газеттерінің 1945 жылғы тамыз, қыркүйек айларындағы демалыс күнгі нөмірлері 2-3 күнге кешіктіріліп отырды. Əсіресе, алыс колхоздарда тұратын еңбекшілерге газеттер апару қиынға соқты. Газеттер кейде 15-20 күнге кешіктіріліп жіберіліп жүрді. Осы жылдың 1 қазан айындағы мағлұматтар бойынша көптеген оқу-үйлері мамандардың іріктелмеуінен, ғимараттың болмауынан жəне жұмыс істеп тұрған оқу-үйлерінің астыққа толтырылуы себептермен жұмыс істемеді. Мысалы, Таран ауданындағы 6 оқу-үйлері мамандардың болмауынан, бөлменің жоқтығынан жұмыс істемесе, Орджонкидзе ауданында 4 оқу-үйлерінің бөлмелері астық қоймасына айналды. Савицкая басқарған Таран ауданының Ново-Ильиновск селосындағы оқу-үйінің жұмысы басқа аудан, облыстарға қарағанда жақсы нəтижемен жұмыс істеді. Бірақ, ауыл шаруашылық жұмыстарының басталуымен оқу-үйінің меңгерушісі Савицкаяны жұмысынан алып, колхоз жұмысына жіберді. Сəуір айынан бастап оқу-үйінің жұмысы бригадаларда, егіс далаларында, лагерлерде еш жүргізілінбеді. Өз уақытылы лайықты мамандармен толықтырылмауынан Мендіғара ауданындағы, Долбушинск селосындағы оқу-үйі жүйелі түрде жұмыс істемеді. Оқу-үйлеріндегі жұмыстың тоқтатылуы, мамандардың тұрақсыздығынан болып жатты. Нəтижесінде, жабдықтардың, əдебиеттердің, есеп инвентарларының ұрлануы жиі етек алды. Мысалы, Пешков ауданының, Хворостанск селосындағы оқу-үйіндегі əдебиеттер селолық кеңестің материалдық есепті қараусыз қалдыруынан оқу-үйі меңгерушілерінің жиі ауысып отыруынан ешкімге керексіз болып қалды. Мендіғара ауданындағы Татьяновка селосында, бір жағынан, мұғалімдік қызмет атқарып, бір жағынан оқу-үйінің меңгерушілік жұмысын жүргізіп жүрген Шрожеринаның істейтін оқу-үйінің жұмысы, облыс бойынша ең үздік болып есептелінді. Оқу-үйінің бөлмесі жақсы жөндеуден өткізілініп, əдемі безендірілген. Кешке қарай оқу-үйіне соғыстан жақсы хабарлар тыңдауға, жаңа газеттер оқуға колхозшылар, жастар жиналды. Мұнда сонымен бірге, хор, драма, музыка үйірмелері жұмыс істеді. Оқу-үйі 13 қойылымдар, концерттер беріп, 26 қабырға газеттерін, 76 əскери қағаздар, 6 фотомонтаждар шығарып, ғылыми-жаратылыстану, дін, тарих, халықаралық жағдайларға арнап 21 баяндамалар, 16 лекциялар өткізілді. Күнделікті газеттерден Отан соғысы жайлы оқулар өткізіп, ауыл шаруашылық жұмыстарының жоспарын орындау туралы əңгімелер өткізіп отырды. Түскі үзіліс кезінде сауаттылыққа үйретті. Селода осындай жұмыстарды ұйымдастырудың арқасында Татяновкада сауаттылықты жою толығымен аяқталды. Ақсуат селосында да жұмыстар жақсы жүргізілініп отырды. Оқу-үйінде кітап қоры 1023 дана болды. Жұмыстары жақсы Каракучинск селосындағы оқу-үйі болды. Меңгерушісі – Танатқанова. Оқу-үйінде колхозшылар күн сайын соғыс жағдайы туралы жаңалықтарды білуге қатынап отырды. Оқу залында 16 лекция, 19 баяндама, 23 қабырға газеттері шығарылып, 67 əскери парақшалар, 10 қойылым көрсетіліп, 3 концерт ұйымдастырылған. Əңгіме, оқулар күн сайын өткізілініп отырды. Кітап қоры 350 данаға есептелінген оқу-үйінде өз есеп инвентарымен, жылумен қамтамасыз етіліп отырды [9, 3-17-пп.]. Қазақстан бойынша, 1945 жылы 2405 кітапханалар, оқу-үйлері, 146 қызыл үйлерге мемлекет қаржысының қарамағына қабылданған. Бірақ тексеру кезінде бірқатар облыстардың көп бөлігінде халық арасында ешқандай жұмыс жүргізбеген, тек олар қағаз жүзінде ғана көрсетілген. Мысалы, Қостанай облысының Феодоровск ауданында 14 оқу-үйінің тек 5– уі, 15 қызыл бұрыштың тек 3– уі ғана жұмыс істеген.
Республикада 1945 жыл бойына кітапханаларда 782 кітапхана қызметкерлері қызмет атқарды. Кітап қорларының жəне маманданған қызметкерлердің жетіспеушілігіне қарамай облыс кітапханалары біраз жұмыстар атқарды. Олар кітап көрмелерін, жылжымалы кітапханаларды ұйымдастырып, аудан, ауыл кітапханаларына əдістемелік көмек көрсетті. Ауыл шаруашылық жұмыстары кезінде 8 облыста 8000 кітап қорлары жинақталған 700 жылжымалы кітапханалар жұмыс жасады. 283, 517 көлемдегі бригадаларға 44, 281 əңгімелер, оқулар оқылды. Жылжымалы кітапхана жұмыстары жақсы ұйымдастырылды. Ал, қала, аудандарда 100 жылжымалы кітапханалар жұмыс істеді. Əрқайсында 50– 150 кітаптардан жинақталған кітап қорлары болды. Республика бойынша кітапхана жұмыстары Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Шығыс Қазақстан, Семей облыстарында жақсы жолға қойылды. 1945 жылы Қарағанды облысының кітапханасы 40 мыңдай оқырмандарға қызмет көрсетіп, оқу залында 15 кітап көрмелерін ұйымдастырды. Кітапхана библиографиялық жұмыстар жүргізіп, оқырмандарға өз білімін көтеруге көмектесті. Солтүстік Қазақстан облысындағы Н.К. Крупская атындағы кітапхана 150 мың оқырманға қызмет көрсетіп, оларға 250 мыңдай кітаптар, журналдар берілді. Құрылғанына 15 жыл ішінде мықты кітап сақтау қоймасына айналған А.С. Пушкин атындағы халықтық кітапхана өзінің бай кітап қорының арқасында, кітапхана мамандарын даярлауда, ғылыми ізденіс жəне шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруда республикада ірі база болып саналды. Кітапхана қоры 1935 ж. 500 мың томды құраса, 1 қаңтар 1946 жылғы есеп бойынша 976 мың томды құраған [10, 34-п. ].
Қорыта келе, соғыс кітапханалар жұмысының төмендеуіне əкеп соқты. Оған мамандардың майданға алынуына байланысты қатарының сиреуі, қаржыландырудың нашарлауы, орналасқан үй-жайлардың босатылып, кəсіпорындар мен мекемелерге берілуі, кітапханалардың азаюына əсер етті.
Ұлы Отан соғысы жылдарында идеологиялық мекемелердің барлық буындары майданға қызмет көрсетуге тиіс болды. Қалалар мен селолар еңбеккерлерінің патриоттық бастамаларына, майдан мен тылдың байланысын нығайтуға байланысты мəселелер – кітапхана қызметкерлерінің негізгі ісі болды. Кітапханалар: «Бəрі де майдан үшін, бəрі де жеңіс үшін», – деген ұранмен жұмыс істеді.
Культурное строительство в Казахстане (1933-1941 гг.). – Алма-Ата: Казахстан, 1985. – Т. 2. –с.
Бердигалиева Р.А. Становление национальной библиотеки Республики Казахстан и развитие исторических исследований (1931-1945 гг.). – Алматы: Нац. биб-ка, 1998. – 47 с.
Ленин жəне кітапхана ісі туралы. – Алматы: аза:стан , 1968. – 182 б.
РПМ . 725-:., 4-т., 641-іс, 10-п.
РПМ . 725-:., 4-т., 33-іс, 33-41-пп.
РПМ . 725-:., 4-т., 765-іс, 80-п.
РПМ . 725-:., 4-т., 796-іс, 1-4-пп.
О работе культурно-просветительных учреждений республики» (февраль 1948 г.) // Большевик
Казахстана. – 1948. – № 3. – С. 45-47.
РПМ . 725-:., 4-т., 804-іс, 3-17-пп.
РПМ 725-:, 4-т, 1033-іс, 34-п.
Kulturnoe stroitelstvo v Kazahstane (1933-1941 gg.). – Alma-Ata: Kazahstan, 1985. – T. 2. – 283 s.
Berdigalieva R.A. Stanovlenie nacionalnoj biblioteki Respubliki Kazahstan i razvitie istoricheskih issledovanij (1931-1945 gg.). – Almaty: Nac. bib-ka , 1998. – 47 s.
Lenin zhane kіtaphana іsі turaly. – Almaty: Kazakstan, 1968. – 182 b.
KRPM. 725-k., 4-t., 641-іs, 10-p.
KRPM. 725-k., 4-t., 33-іs, 33-41-рp.
KRPM. 725-k., 4-t., 765-іs, 80-p.
KRPM. 725-k., 4-t., 796-іs, 1-4-рp.
O rabote kulturno-prosvetitelnyh uchrezhdenij respubliki (fevral 1948 g.) // Bolshevik Kazahstana. – 1948. – № 3. – S. 45-47.
KRPM. 725-k., 4-t., 804-іs, 3-17-рp.
KRPM. 725-k., 4-t., 1033-іs, 34-p.
Резюме
Асанова Б.С. — кандидат исторических наук, старший преподаватель кафедры библиотековедения и библиографии КазГосЖенПУ, bayan-777@mail.ru
Библиотеки казахстана в годы великой отечественной войны: деятельность и особенности (1941-1945 гг.)
статье даны возможности деятельности библиотек в военно-патриотическом воспитании и всесторонне рассмотрены виды работы в годы Великой Отечественной войны. Были изучены такие показатели как: количество обслуженных библиотек, читальни и сотрудников библиотек, меры партийных и государственных организации с целью улучшения работы учреждений, результаты профессиональных навыков сотрудников библиотеки, а также основные показатели с восстановлением системы библиотеки.
Знание статистических показателей, характеризующих развитие библиотечной системы, библиотечных работников, способствует проведению своевременного мониторинга, а также построению прогнозных показателей.
Ключевые слова: инвентарная книга, библиотека, библиография, абонемент, читальный зал.
Summary
Assanova B.S. Candidate of Historical Sciences, Senior Lecturer Department of Library Science and Bibliography KazGosZhenPU, bayan-777@mail.ru
Libraries of kazakhstan during the great patriotic war: activity and peculiarities (1941-1945 yy.)
In this article the author describes the means of libraries in the military-patriotic education, and comprehensively considered the types of work during the Great Patriotic War. There were studied such factors as the number of served libraries, reading rooms and library staff, the party and government measures to improve the organization of institutions, the results of the professional skills of library staff, as well as the main indicators on the restoration of library system.
The knowledge of statistical indicators characterizing the development of the library system, library workers, promotes timely monitoring, as well as the construction of the targets.
Keywords: inventory book, library, bibliography, subscription, reading room.