Химия тілі-химияны оқытуда таным құралы

Химия тілін түсінудің семиотикалық негіздері. Таңбалар -күйесінің таным мен қарым-қатынас қүралы ретіндегі қызметі шақталып, уақыт өткен сайын қолдану аясы кеңеюде. Таным -объективті шындықтың адам санасында бейнелену процесі. Ол прқылы адам білмегенді білуге, жартылай білімнің толық жэне дэл білімге айналуына негіз алады. Оқушылар әлемнің шындық бейнесін белгілі бір үғымдар жүйесі арқылы игеріп, ойлау нэтижесінде қүбылысты бақылап, оның мән-мағынасына көңіл аударады, бір мәннен екінші жэне одан да жоғары деңгейлерге өте отырып, біртіндеп әрқайсысының алуан жақтарын жэне бір-бірімен байланысын аша түседі.

Қоршаған ортадағы барлық заттар мен қүбылыстар өзара оайланысты жэне олар адамның ойында түсініктер мен байланыстардың қарым-қатынасы ретінде бейнеленеді.

Бізді қоршаған орта табиғи жэне жасанды денелерден тұрады. Таңбалар жасанды денелерге жатады. Осы таңбалар жүйесін зертеудін семиотика ілімінің негізін салған американ ғалымы Чарльз Сандерс Пирс.

Дүние жүзінде қолданылып жүрген тілдердің барлығы таңбаларға жататындықтан, таңба ретінде кез келген затты, шартты белгіні қолдануға болады. Шартты белгілер — материалдық жағынан да, білдіретін хабарының мазмүны, оны білу тэсілі мен таңбаның қүрылымдық сипаты жағынан да алуан түрлі. Ол ғылым объектісі болуға әбден жарайтын мейлінше күрделі құбылыс.

Кейбір ғалымдардың көзқарасы (А.Ф. Полтарацкий, В.С. Швырев) бойынша таңбаның материалдық дене екендігі, оны сезім мүшелері арқылы байқауға болатындығы жэне оның басқа денелерден айырмасы екі жақты табиғатында екендігі айтылады. Таңбаны екі жақты деп қараудың себебі, біріншіден, таным мен қатынас үрдісінде өзінен басқа бір нәрсенің (заттың) немесе қүбылыстың орнына жүретіндігінде, екіншіден, өзінен табиғаты мүлдем бөлек нәрсе үшін қолданылатындығы.

Белгілі ғалым Б.В.Безруков осындай бір белгіге таңбаның қызметін қояды. Кең түрде қарастырғанда оның мағынасы — адамдар мен кибернетикалық машиналар ара-қатынасының екі жақты хабар алмасу құ.ралы. Бірқатар философтардың еңбектерінде таңбаны зерттеп білуде адамның теориялық және практикалық іс- әрекеті ескеріледі.

Философ ғалым Н.С.Нарский «Шығу тегі жағынан таңба дегеніміз — адамның практикалық жэне теориялық іс-әрекеті кезінде өзінен басқа бір нәрсені белгілейтінін сезім мүшелері арқылы қабылдауға болатын нәрсе», — деп қарайды.

Л.О.Резниковтың пікірінше, қазіргі семиотикалық таңба таным мен қатынас үрдісіндегі өзінен басқа нәрсенің немесе құбылыстың орнына жүретін, сол нәрсе мен құбылыс туралы информацияны қабылдайтын, тіркейтін және тасымалдайтын сезім мүшелері арқылы қабылдауға болатын нәрсе (құбылыс немесе қимыл) ретінде анықталады.

Бірқатар зерттеушілер өз еңбектерінде таңба ұғымы белгілерінің ішінен мыналарды негізге алады: 1) таңба екі жақты құбылыс, бір жағынан өзіндік пішіні болатын, екінші жағынан идеалды мәні бар; 2) идеалды мәні өзінен басқа белгілейтін нэрсесі жөнінде информация береді; 3) мәні жоқ таңба болмайды; 4) таңбаның мәнін субъект қабылдайды және пайдаланады; 5) оқыту үрдісінде таңбалар білімнің тасымалдайтын формасы болып табылады.

Осылардың негізінде химиялық білім қалыптастыруда таңбаны негізгі ұғым, оқыту үрдісінің ажырамас бөлігі ретінде түсініп, оны бір нәрсенің немесе құбылыстың орнына жүретін, сол нәрсе мен құбылыс жөнінде информацияны қабылдайтын жэне оны сақтап, түрлендіру нәтижесінде бір-біріне жеткізу үшін пайдаланатын материалдық зат түрғысынан қараймыз.

Химиялық таңбалардың ішіндегі ең маңыздысы — тіл. Басқа таңбалар осы тілдің негізінде жасалады да, тіл арқылы тікелей іске қосылады. Осы тұрғыдан қарағанда, таңбаның мэні мен мағынасы -пікірталас туғызатын мәселелердің бірі. Философтардың пікірлері бойынша, таңбаның мәні — белгілі бір нэрсе не зат туралы беретін информация. Феноменологиялық теория түрғысынан кез келген таңба ой мен нэрсені ұштастыру құралы ретінде қарастырылған. Бихевиористердің көзқарасы тұрғысынан, таңба — іс-эрекет, басқаша айтқанда реакция (рефлекс). Прагматиктер таңбаның мэнін оның іске жаратылуы немесе ол арқылы іс-әрекеттің реттелуі деп түсіндіреді. Психологияда ассоциация теориясы бойынша нәрсе мен таңба арасында қарапайым түрдегі ассоциациялық байланыс бар деп қарайды,

Таңбалар белгіленген заттың кейбір ерекшеліктерін көрсетіп, оларға жалпы сілтеме жасайды. Мұның мэнісі адам таңбалардан шітың өзіне ауыса алады немесе таңбадан алған білімі есебінде қарастыра алады. Сондықтан да, адамзаттың жинаған мол білімі іаңбалар арқылы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін білім қоры оолып есептеледі.

Бұдан шығатын тұжырым: таңбаның жасалуы мен иайдаланылуының адамның саналы іс-эрекетімен тығыз (байланыстылығы. Таңбаның маңыздылығы нэрсенің өзімен тікелей жүмыс жасауға мүмкін болмаған жағдайда ол заттың орнына жұмсалатындығы.

Таңбаның функциясы ол арқылы бейнеленіп отырған объектіге тәуелді, сондықтан жасалынған таңбаларды қалауымызша біріктіріп жаза беруімізге болмайды.

Оқыту үрдісінде таңба жэне таңбалар жүйесінің мәні мен мағынасы туралы мәселені қарастыру және шешудің маңызы зор. Себебі кез келген ғылымдағы білім таңбалар жүйесі арқылы беріледі. Таңба — білімді түйсінуге, қабылдауға көмектесетін құрал, ал таңбаның мәні мен мағынасы — білімнің мазмұны болып табылады. Сондықтан да логикада білімнің құрылымы: Т° Б0 О түрінде орнектеледі.

Мүнда Т° — таңба, О — таңба арқылы берілетін объект, Б0 — таңба мен объекті арасындағы байланыс.

Біздің ойымызша, бұл білімнің тасымалдаушысы болып табылатын тіл таңбалары мен объект арасындағы табиғи байланысты тудыра алмайды, ал ондай байланыс өмір тэжірибесінде немесе оқыту үрдісінде туындайды. Мүндай байланысты тудыру ғылым тілімен айтқанда онтенсивті және вербальды жолдар арқылы іске асады. Онтенсивті дегеніміз – нәрсенің өзін көрсету арқылы таңбасымен байланысын орнықтыру. Мысалы, сары түсті ұнтақты көрсетіп тұрып, күкірт деп аталатынын айтып, оның бірден байқалатын физикалық қасиеттерін сөз таңбалары арқылы хабарлаймыз. Керісінше, вербалды анықтау нәтижесі арқылы тудырылатын байланыс заттың озімен емес, сол зат туралы ұғымға негізделеді. Мұндай жағдайда, ұғымның басты белгілерін атап, күкірт — жай зат, ал күкіртті темірдің күрделі зат екендігін ажыратып айтуға тура келеді.

Заттардьщ бейорганикалық қосылыстардың қай класына жататынын тек вербалды анықтама көмегімен түсіндіруге болады. Кез келген таңбадан оның материалдық кескіні (пішіні) жэне өзіне тән мағынасы бар екендігін байқауға болады. Әрбір таңба өзінің сыртқы пішіні бойынша өзге таңбалардан ерекшеленеді, бірақ оның кескінімен белгілейтін нэрсенің арасында шартты ғана байланысы бар таңбалар жиі кездеседі. Адамзат жасаған таңбалардың бэрі біздің пікірімізше, жасанды денелерге жатады. Таңбалар өзінің жасалу жолы, құрылымы, формасы, мазмұны жэне т.б. белгілері арқылы ерекше-леніп, эр түрлі болады.

Семиотикада таңбаларды негізгі таңба жэне көмекші таңба деп екіге бөліп қарастырады. Негізгі таңба деп тілдік таңбаларды айтады

Сонымен қатар таңбаларды табиғи таңба, жасанды таңба, сигналдық, символдық, тілдік, субституттық (материалдық) таңбалар деп бөлу де кездеседі. Табиғи таңбаларға нәрселер мен қүбылыстардың белгілері, өлшеуіш көрсетінділері, таңба ретінде болатын заттар мен қүбылыстар жатады. Химия пәніндегі табиғи таңбалар — химиялық реакциялардың сыртқы белгілері.

Жасанды таңбалар тіл таңбалары және тілге жатпайтынға таңбалар болып, екіге белінеді. Біріншісіне дүние жүзі ұлттарының тілі, барлық ғылымдар саласының, есептеу машинасының тілдері жатады. Екіншісіне — иконикалық, символикалық және сигналдық таңбалар, түрлі өнер туындылары, мүсіндер мен суреттер, теледидардағы және фильмдегі бейнелер, фотосуреттер енеді. Бүлардың ерекшелігі -материалдық формасы бейнелеп отырған нәрселері мен құбылыстарына сэйкес келуінде, яғни сол заттың бейнелік көшірмесі болып табылатындығы. Бірақ, көпшілік жағдайда, таңбалардың пішіндері мен бейнелеп отырған заттың арасында сэйкестік байқалмайды. Мұндай таңбаларға шартты түрде алынған үлт тілдерінің, ғылыми тілдердің, эр түрлі машиналар үшін жасалған тілдердің таңбалары жатқызылады. Сондай-ақ, алуан түрлі көліктер ережелері эскери атақтардың айырым белгілері, ауада жэне суда жүзу белгілері –бәрі де шартты таңбаларға жатады Семиотикада химиялық тілдің таңбаларын үш жағынан қарастырады. Таңба жеке күйінде қолданылмайды, бір-бірімен бірігіп жүйе түзеді. Осы жүйедегі таңбалардың өзара қатынасын синтактика саласы зерттейді. Бірінші жағы синтаксистік, яғни символикалық  жүйедегі   таңбалардың   қүрылысын  және  бірігу грсжелерін қарастырады. Таңбалардың бір-біріне қатысы символиканың қызметіне байланысты емес. Химиялық тіл синтаксінің міндеттеріне символиканың алфавитін оқыту, әр алуан химиялық формулалар мен теңдеулерді құру ережелері жүйелік номенклатураның ұстанымдарын анықтау жатады. Екінші жағы —прагматика таңбаның таным барысындағы пайдасын зерттейді. ІІрагматикалық (практикалық) сала, негізінен оқытуда химиялық іимволиканы пайдалануға бағытталған. Химия ғылымында жинақталған қоғамдық тэжірибелердің ұрпақтан-ұрпаққа берілуіндегі таңбалар жүйесінің мәнін қарастырады. Оқытуда химиялық символиканың мұндай жағын ашу химия негіздерін меңгеру үшін өте тиімді болып, оқушыларға танымдық қабілеттеріне сәйкес символикалық белгілерді түсінуге жэне қабылдауға қолайлы жағдай туғызады. Үшінші жағы — семантика, яғни таңбаның белгілейтін нэрселері мен құбылыстарға қатынасын зерттейді.Бізбің пікірімізше бұл қатынас әдетте сенантикалық үшбұрыш арқылы көрсетіледі.

Нәрселер мен кұбылыстар және заттар — материяның нақтылы түрлері мен көріністері ретінде санадан тыс өмір сүретін ақиқат шындық. Сонымен, семиотика саласы бойынша символикалық белгілердің мәндік жағын, таңба жэне химиялық құбылыс арасындағы байланыстарды ашып көрсетуге болады. Жоғарыда аталғандар тұрғысынан химиялық тілді таңбалар жүйесі және олардың иерархиясының ең жоғары сатысы деп қараймыз. Химия ғылымының тілін химиялық терминология, химиялық номенклатура жэне химиялық символика деп үшке бөліп қарастырып келді. Бұлардың аэрқайсысының өзіндік мағынасы, құрастыру тәсілдері жэне танымдық қызметі бар. Химиялық символика мен номенклатураның әры қарай жіктелетінін 5-сызбанұсқа   арқылы байқауға болады.

Химиялық тіддің бірінші белігі — терминология, яғни атаулар жүйесінен тұратын сөз таңбалары. Химиялық ғылыми ұғымдардың штары белгілі бір атаулар арқылы беріледі. Дегенмен, тарихи даму тұрысында химиялық терминдердің формасынан гөрі мәні мен мағынасы үздіксіз езгеріске ұшырайды. Термин арқылы берілетін әр ұгымның анықтамасы бар, осы анықтамаға негіз етіп алынатын белгі ғылымның теориялық деңгейіне тәуелді. Химиялық тілдің екінші бөлігі — химиялық номенклатура мен атаудың белгілі негізге сүйенетін арнайы жүйесі. Ол гривиалды (түрмыстық) және жүйелік деп екіге бөлінеді. Жүйелік поменклатура химиялық символикаға негізделеді. Сондықтан химия ғылымында оны формулалар мен зат атауларынан тұрады деп ссептейді. Тұрмыстық (тривиалды) номенклатура — заттарды майдалану кезінде берілген әр түрлі атаулар. Ол атаулар кездейсоқ қалыптасқан, тұрмыста, құрылыста, медицинада, халық шаруашылы-гының алуан түрлі салаларында кеңінен пайдаланылады. Бұл атаулардың кепшілігі қысқа, ұтымды ауызекі сөйлеуде, мәтінде пайдалануга қолайлы.

Химиялық тілдің үшінші бөлігі-химиялық символика, ол химиялық таңба, формула және теңдеуден құралады. Химиялық символика — халықаралық шартты тіл, заттар мен құбылыстарды белгілеудің ең қысқа және тиімді құралы. Сондай-ақ, химиялық символика заттың құрамы мен құрылысы жөнінде көптеген мағлұматтар алуға, заттың қасиетін, реакцияласу қабілетін жэне реакциялардың жүру бағыттарын болжауға мүмкіндік туғызады.

Жүйелік номенклатура мен химиялық символика ұлттық тілдің құрамына кірмейді, өзінше дербес қолданылады. Химиялық таңба — элемент атомының шартты белгісі. Ол элемент атомының атын ғана емес, белгіленіп отырған элементтің көміртектік бірлікпен алынған атомдық массасын, атомның молін, мольдегі атом санын көрсетеді. Қорыта айтқанда, химиялық таңба арқылы оның (заттың) сапалық және сандық мәнін ажыратуға болады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *