Мухамеджанова Ж.М.
Кҿкшетау қ., Ш. Уҽлиханов атындағы Кҿкшетау мемлекеттік университеті
jakondy@mail.ru
Елбасы жолдауында «білім беру реформасы Қазақстанның бҽсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін маңызды құралдардың бірі» деп атап кҿрсеткен болатын.
ХХІ ғасырдың жан-жақты дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мҽселесі мемлекетіміздің басты назарында. Сондықтан да оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, барлық оқу-ҽдістемелік жүйеге жаңа талап қойылды.
Білімнің барлық салаларынан гуманитарлық білім беру — студенттерге ең үлкен ҽсерін тигізетіні белгілі. Гуманитарлық ғылымдар жеке тұлғаның мҽдениетін дамытуға шешуші үлес қосады жҽне білім беру бағдарламаларының маңызды бҿлігін құрайды, ал гуманитарлық пҽндер тек кҽсіби білімді ғана емес, сондай-ақ зияткерлік жҽне рухани ҽлеуетке ие жоғары білікті мамандарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде білім беру мен тҽрбиелеу теориясына жҽне практикасына жаһандану, интеграция, компьютерлендіру, интернет желісі, қашықтықтан жҽне жеке бағытталған оқытуды енгізу жҽне пайдалану ҽсерінен айтарлықтай ҿзгерді. Мұның барлығы заманауи білім беру технологияларын қолдануға ҽкелді.
Заман талабына сай бҽсекеге қабілетті жас ұрпақты тҽрбиелеуде, студенттерге қажетті білімді меңгертудің тиімді жолдарын, ҽдіс- тҽсілдерін талмай іздеу – ҽр оқытушының басты міндеті. Ҽрбір педагог ҿз жұмыс тҽсілі мен формасын, ҿз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, білім алушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты оқытудың жаңа технологияларын қолданудың қажеттілігі туындайды.
Білім беруді дамытудың жаңа бағыттарының бірі – білім мазмұнын студенттің толық меңгеруін іске асыратын оқыту технологиясын жетілдіру. Оқыту технологиясы — алға қойылған мақсатқа ең тиімді жолмен жетуге, оқу жоспары бойынша оқыту мазмұнын жүзеге асырудағы ҽдістер мен құралдар жүйесі.
Бүгінгі таңда адамзат жинақтаған білімді жай игеріп қоюдың нҽтижесіз мақсат екенін байқадық. Алдыңғы қатарлы ҽлемнің бірталай елдері ҿздерінің білім беру жүйесінің құрылымын, мазмұны, мақсаты мен технологиясын түбегейлі ҿзгертті. Ҽдетке айналған оқу үрдісінде — студент белсенділік кҿрсетуге тиіс, бұрынғыша дайын білім беру ескірді. Білім алушы ақпараттық
– зияткерлік ресурстарды ҿз бетінше тауып, талдап жҽне пайдалана білетін идеялардың қуат кҿзі болатын, жедел ҿзгеріп отыратын ҽлем жағдайында дамитын жҽне ҿзін-ҿзі ашық кҿрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру – қазіргі басымдық болып отыр.
Қазіргі білім беру саласындағы инновациялық технологияларын меңгермей сауатты, жан-жақты білгір тұлға болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру оқытушының зейін-зерделік, кҽсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық жҽне басқа да кҿптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі ҽсерін тигізеді, ҿзін-ҿзі дамытып, оқу-тҽрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына кҿмектеседі. Білім берудегі инновация педагогикалық технологияларды жетілдіру, ҽдістердің жиынтығы, оқыту ҽдістері мен құралдары ретінде түсініледі. Қазіргі кезде инновациялық педагогикалық қызмет кез-келген білім беру мекемесінің білім беру қызметінің негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Сондықтан инновациялық қызмет мұғалімдердің ғылыми-ҽдістемелік жұмыстарымен жҽне білім беру саласындағы зерттеулермен тығыз байланысты. Кейбір жағдайларда, белгілі бір модификациялаумен, танымал ҽдісте модификация қолдану инновация деп саналады. Оның негізгісі — оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың ойлау дағдыларын жетілдіру, ҿздігінен білім алу процесінде бірлесе ҽрекет ету. Сондықтан, ҽр оқытушы, жас маман біріншіден, педагогикалық шығармашылық пен шеберлігін арттыру қажет, екіншіден ҽдістерді сол қалпында қолданбай, оны жағдайға байланысты тиімді сҽйкестігін таба білу керек, үшіншіден, үздіксіз шығармашылық ізденісте болу керек, тҿртіншіден, сабақ заман талабына сай құрастырылған жҿн. Жаңа заман мұғалімі ҿз білімін қолданумен қатар, шҽкірттерін зерттеушілік-ізденушілік ҽрекетін ұйымдастырудың ҽдіс-тҽсілдерін меңгеру керек.[1:31]
Заман талабына сай шҽкірт шығармашылығын дамытуға, мұғалімнің қажеттіліктеріне жан-жақты жауап беретін тиімді технологиялар шексіз. Тҽжірибеде сол технологияларды қолдану, зерттеу, пысықтап анализ жасау — ҽр оқытушының міндеті.
Елбасымыз Н.А. Назарбаев ҿзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Біз тарих, саясаттану, ҽлеуметтану, философия, психология, мҽдениеттану жҽне филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Бізге инженерлер мен дҽрігерлер ғана емес, қазіргі заманды жҽне болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет» деп гуманитарлық пҽндерді оқытуда президентіміз гуманитарлық пҽн оқытушыларына кҿп жүк артып отыр. [2:5]
Кез келген жоғары оқу орнындағы ҽлеуметтік-гуманитарлық пҽндерді оқыту жоғары білімнің маңызды ерекшеліктерін құрайды. Ҽлеуметтік-гуманитарлық білім адамгершілік сезімдеріне толы. Мұнда рухани құндылықтарды жасаушы жҽне тұтынушылар арасындағы этикалық қағидалар қалыптасады. Заман талғамына сҽйкестендірілген заңдылықтар ҽрдайым мҽдени қажеттіліктерге сай жүйеленіп отырады. Ҽлеуметтік-гуманитарлық пҽндерді оқыту бізді рухани мҽдениет ҽлеміне енгізеді жҽне осы ортада адаспаудың жолдарын негіздейді. Мҽдени ұстанымдардың тоқтаусыз ҿзгерістері орын алған ҿмірде сенімді болуға, қоғамдық ҿмірдегі құбылыстарды бағалау қабілеттілігі, қисынсыз ҽрі ырықсыз түйсікпен басқарылатын тобыр бҿлшегі болмауға септігін тигізеді. Ҿмірлік жағдайлар негізінде қалыптасатын рухани құндылықтар адамзат ҿмірінде елеулі орынға ие. Ал ҽлеуметтік-гуманитарлық біліммен қол жеткізілген нҽтижелі деңгей кҿрсеткішімен тығыз байланысты рухани даму дҽрежесі маңызды рҿлге де ие деп ойлаймыз [3:33]. Қоғамдық мҽдениеттегі оның ҽрбір құрамдас бҿлігі ауыстыруға келмейді жҽне ҿз бетінше тҽуелсіз. Сондықтан қоғамдық жҽне адамзат ҿмірінде философиялық, саясаттанулық, ҽлеуметтанулық білімдерді игеру маңызды саналады. Түрлі ұлттық мҽдениет ҿкілдерінің ҿзара түсіністігін қалыптастыратын шет тілдерді білу де ҿте маңызды. Білім берудің гуманистік тҽрбиесі ҽлеуметтік-гуманитарлық біліммен тығыз байланысты екендігі белгілі. Білім беруші ұстаздар қауымы болашақ мамандар дайындаумен қатар, саяси мҽдениеті жоғары, рухани дамыған, тарихи жҽне мҽдени құндылықтарды сыйлайтын тұлғаларды тҽрбиелейді.
Қоғамдық қызметтің түрлі салаларын басқару, еліміздің саяси жҽне ҽлеуметтік-мҽдени процестеріне қатысуын тану үшін «Саясаттану» пҽнінің мҽні зор. Оқытудың жаңа технологияларында, ҽсіресе, интерактивті түрде пҽнаралық байланыстың негізінде саясат пен саясаттанудың дамуының негізгі кезеңдері; саясаттанудың түсініктерін; түрлі салаларда саяси қимылдар жүргізудің механизмдерін; Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің ерекшеліктерін тануға болады. Аталмыш пҽн арқылы саясаттың біртұтас қоғамдық құрылым ретіндегі мҽні ашылады, саяси қатынастардағы ішкі жҽне сыртқы байланыстар айқындалады, саяси дамудың негізгі заңдылықтары анықталады, еліміздің саяси дамуындағы негізгі бағыттар, механизмдер мен басымдықтары айшықтала түседі. Ал тҽжірибелік бҿлігінде саясаттың ҽлеуметтік-психологиялық аспектілері мен саяси технологияларына ерекше мҽн беріледі. Бұл ҽсіресе, түрлі деңгейдегі іскерлік ойын түрлерін жүргізуде ҿте қолайлы шара болып табылмақ.
«Ҽлеуметтану» пҽнін оқыту студенттерге адамның қоршаған ҽлеуметтік ҽлемі туралы ғылыми түсініктер, ҽлеуметтанулық заңдылықтар жҽне оның ҽлеуметтік-мҽдени дамуындағы мүмкіндіктерінің ұғымын қалыптастырады. Пҽнді оқу барысында ҽлеуметтанудың негізгі категориялары мен түсініктерін анықтаймыз; ҽлеуметтанудың ҽлеуметтік-гуманитарлық, басқару жҽне экономикалық білімдер жүйесіндегі орны мен рҿлі туралы түсініктер қалыптастырылады; ҽлеуметтанулық білімнің ерекшеліктері жҽне қоғамдық ҿмір процесі мен құбылыстарын ҽлеуметтанулық сараптау дағдысы жүреді. Пҽнді оқытуда ҽлеуметтанудың негізгі теориялық жҽне ҽдістемелік мҽселелерін, қоғамның құрылымы, оның негізгі элементтерін тануын, ҽлеуметтанудың ғылым жҽне пҽн ретінде дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектері, ҽлеуметтанулық ақпаратты жинаудың жҽне талдаудың негізгі тҽсілдерін үйретуді мақсат етіп қойып отыр. Осы тұста қоғамдық пҽндерді игеруде алғашқы дерек кҿздерін пайдалану ерекше рҿлге ие екендігін айта кеткеніміз жҿн. Бүгінгі күнде студенттердің аз оқитыны белгілі. Олардың тҽжірибелік сабақтары оқулықтарда жазылған материалдарды жаттап алған түсініктерін айтып беруі үйреншікті құбылыс. Сонымен қатар, барлық жоғары оқу орындарындағы тҽжірибе кҿрсеткендей, реферат жазу студенттердің формальды түрде тапсырманы орындауы болып табылады. Ал Интернет заманында бұл дайын материалдарды кҿшіру болып табылмақ. Сондықтан студенттің оқытушымен ҿзіндік жұмысында алғашқы дерек кҿзін оқыту бұл олқылықты реттейді деген ойдамыз. Мҽселен, «Саясаттану» пҽнін оқытуда жҽне студенттердің білімін жетілдірудегі ҿзіндік жұмыстарды орындауда жҽне пҽнаралық байланыстар негізінде алғашқы дерек кҿздерін пайдалану тҿмендегідей жетістіктерге ҽкеледі: — ҿткен дҽуірлер мен қазіргі заманның танымал ойшылдарының саяси тұжырымдамаларын білу; — ҽлемдік жҽне қазақстандық саяси ойлардың дамуындағы негізгі заңдылықтарды игеру; — Қазақстан, Европалық жҽне Шығыс саяси ойларының ерекшеліктерін айқындау; — негізгі саяси дүниетаным, ҽсіресе, қазіргі саяси ойлар мен оның дамуындағы кезеңдердің жалпы сипаттамасын игеру; — қазіргі саясаттануға енген ҿткен кезең саяси ойшылдарының идеяларымен танысу; — саясаттанудың негізгі категориялары жҽне оның ҿзара байланыстарын игеру; — қоғамның жҽне саяси процестің саяси жүйе құрылымын ұғыну [4].
Айталық, дҽстүрлі сабақта оқытушы — сабақ түсіндіріп, мағлұмат беріп, тақырып ерекшелігін мысалдар арқылы түсіндіріп, сабақты қорытындылап, сұрақтар қойылса; студент — берілген тапсырманы сол күйінде, ҿзгертпей айтып, жауап берсе, қазіргі технологияларды қолданып ҿткізген сабақта: оқытушы — студенттерді санына қарай топқа бҿліп, ой қозғап, тақырыпты қызықты етіп, белгілі бір тапсырмалар беріп, ооантықитап, студенттерге ҿз ойларын жазуды ұсынып,ойларын қорытуға бағыттаса — студенттер ұжыммен жұмыс жасайды, сол берілген тапсырманы ҿздігінен танып, қарастырып, ҽр түрлі ҽдістер арқылы талдап, зерттеп, салыстырып, ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіріп, ҿз тұжырымдамасын жасайды.
Сонымен қоғамдық пҽн оқытушылары:
Оқу материалдарын кесте түрінде беру; Командалық жұмыс істеу формаларын қолдану; Ҽр сабақтың соңында рефлексия жасай білулері;
Студенттердің жұмыстарын үнемі ескерусіз қалдырмай, мадақтау, қолдау жасау қажеттігі;
Қателіктерін оқушылырдың ҿздері біліп жҿндеуге ұмтылуларын қалыптастыру;
Ақпаратты-коммуникациялық жүйемен оқытуда мультимедиялық презентациялар, бейнематериалдар кҿрсету, слайд-лекция, слайд-шоу, электронды оқулықтар, тренингтік компьютерлік бағдарламалар, флипчарттар қолдану арқылы жүзеге асыруға болатынын айқындады [5].
Технологиялардың басты мақсаты — дамыта оқыту негізінде, бағдарламаларын іске асыру, студенттерге тереңдете білім беру.
Соның нҽтижесінде студенттер арасында: бір — бірінің пікірін тыңдау; ҽрқасысын жеке дара тұлға ретінде тануы; бір-біріне құрметпен қарау; ҿз ойын ашық, еркін айтуға, керек кезде пікір алмасып; ҿзін-ҿзі, бірін-бірі бағалап пҽнге деген қызығушылықтары артып, білім сапасы жоғарылайды. Заманауи технологияларды қолдану — студенттерді келешек ҿмірге дайындап, білімін, білігін, іскерлігін арттыруға жағдай жасайды деп ойлаймын.
Әдебиеттер:
1. Алибек А. С. Жастарды тҽрбиелеу мен білім берудегі гуманитарлық технологиялар // Молодой ученый. — 2014. — №2.1. — С. 31-33
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ҽ.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 2017жыл 5 сҽуір.
3. Паридинова Б. Ж. Ҽлеуметтік-гуманитарлық білімнің заманауи қоғамдағы орны // Молодой ученый. — 2016. — №19.2. — С. 32-34. — URL https://moluch.ru/archive/123/34436/
4. http://bilimdar.kz/kz/pedagogika-kazaxstana/stati-pajdalanu.html
5. http://www.ped.kz/
6. Бҿрібекова Ф. Б., Жанатбекова Н. Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. Алматы: 2014