Омарғалиев Р.А, Берсимбай Р.И , Какабаев А.А. Ш.Уҽлиханов атындағы Кҿкшетау мемлекеттік университеті, Кҿкшетау қ.
Онкология (греч. onkos — масса, ісік + logos — білім) — ісіктердің пайда болу себептерін, даму тетіктерін зертейтін жҽне оларды диагностау, емдеу жҽне алдын алудың медицина аумағы. Дербес медико-биологиялық пҽн ретінде онкология XX ғасырда ғана қалыптасты, ал ісіктер адамзатқа кҿне дҽуірден бері белгілі.[1] Онкология аумағындағы зерттеулер қазіргі заманғы ҿзекті жҽне елеулі проблемалар қатарына жатады. 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасында жыл сайын – 4 ақпанда Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні атап ҿтіледі. 2010 жылы Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні «Жұқпалы факторлардан туындаған онкологиялық аурулардың біріншілік профилактикасы» ұранымен ҿткізілді.[2]
Қазақстандағы ең ҿзекті мҽселенің бірі – онкологиялық ауру. Статистикалық кҿрсеткіш бойынша аталған дерктен болатын ҿлім саны басқа аурулармен салыстырғанда елімізде ҿте жоғары болып, халықтың ҿсімі мен ҿмір ұзақтығына айтарлықтай ҽсер етіп отыр. Ҿмір бақи рактан зардап шегу ҽрбір бесінші қазақстандыққа қауіпті. Қатерлі ісік ауруынан елімізде 100 мың адамға шаққанда 5 пайызы зардап шегеді. Тері қатерлі ісігінен 100 мың адамнан 18,4 %, сүт безі рагы 19,5%, асқазан рагы 18,9 %, ҿңеш рагы 9,3 % жҽне жатыр мойынының рагынан 8,2 % халық сырқаттанған. Ал, бұл дерттің алдын алу шаралары қалай ұйымдастырылған? Рактан қалай аман қалуға болады деген сұрақ денсаулық сақтау мамандарының күн тҽртібінен түскен емес.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамдарына сҽйкес, 2020 жылға дейін аса қатерлі ісікпен ауыратындар мен ҿлімге ұшырайтындар саны бүкіл ҽлем бойынша 1,5-2 есеге артпақ. [2] Сарапшылар ауру санының ҿсуі ер адамдар арасындағы ҿкпе қатерлі ісігі, ҽйелдер арасындағы сүт безінің қабынуы жҽне жатыр рагының есебінен артады дейді. Қаулап бара жатқан қауіпті дерттің «ұя» салмаған жері жоқ шығар, сірҽ? Ал, Маңғыстау облысында қатерлі ісік ауруының қаупі қаншалықты. Қазіргі таңда облыс бойынша қатерлі ісік ауруымен ауыратын 2410 адам есепте тұр. Соның 1115-і немесе 46,2 пайызы 5 жылдан артық ҿмір сүре алады. Сырқаттар уақытында емделуде жҽне тұрақты түрде онкологиялық диспансердің бақылауында. Ақмола облысы Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырғанда ауру кҿрсеткіші жағынан соңғы орында тұр. Бұл сырқат кҿп факторлы ауру болғандықтан, себептері де ҽртүрлі (ауа райы, экология, азық-түлік, су жҽне т.б.). Облыста ҿңеш қатерлі ісігі бірінші орында тұр. Екінші орында сүт безі қатерлі ісігі сатыға кҿтере ала ма, келешекте оң ҿзгерістер алып келе ме, ол – уақыттың еншісіндегі шаруа.[3]
Радиоактивті заттектерден шығатын иондаушы сҽулеленудің организмдерге ҽсері. Кейбір химиялық элементтердің жҽне олардың изотоптарының атом ядролары ҿздігінен иондаушы сҽуле шығарып, ыдырайды. Иондаушы сҽулеленудің үш түрі бар: 1) кҿп электр зарядын алып жүретін гелий ядросының а – бҿлшектер ағыны; 2) электрондар мен позитрондардың в – бҿлшектер ағыны; 3) қысқа толқынды электромагниттік y— сҽулелері. а – бҿлшектер ауада не бары бірнеше сантиметр ғана ұшып, қағаз бетімен де ұсталуы мүмкін. Олар адамның киімі арқылы да, тері эпителий арқылы да ҿтпейді жҽне организміне киімі арқылы да, тері эпителий арқылы да ҿтпейді. Бұлар адам организміне тыныс алғанда немесе тамақпен бірге түскен жағдайда ғана зиянын тигізе алады, клеткалар радиациялық зақымдануға ұшырайды. Салдарынан организмде жүретін биохимиялық патология орын алып, ҽр түрлі аурулар, соның ішінде сҽулелік ауру пайда болуы мүмкін. а – бҿлшіктерімен салыстырғанда в – бҿлшектердің қабілеттілігі жоғары, организм ұлпасына 1– 2 см тереңдікте ене алады. Денеге ену салдарында бұл бҿлшектер теріні күйдіреді, пигментация немесе денеде жара пайда болады. Рентггендік жҽне y– сҽулелер иондану тығыздығы ең тҿмен болғанымен ену қабілеті ҿте жоғары, оларды тек қалың қорғасын қабатымен немесе бетон плиталарымен ұстауға болады. Бірақ осы үш сҽуле түрінің бірдей дозаларын қарастыратын болсақ ең қауіптісі а – сҽулелер саналады, оның қауіптігі басқа сҽулелерден 20 еседей артық. Адамда жҽне қоршаған табиғи ортаны сақтау мақсатында ең негізгі назар аударатын обьектілер болп шекті рауалы деңгейден жоғары сҽулелену дозасын беретін радиациялық кҿздер саналады. Оларға ядролық сынақтар, атом реакторлары (электрстанцияаларында немесе теңіз кемелерінде қондырылған), кҽсіпорындарда , мекемелерде, т.б. жерлерде қолданылатын радиоактивті материалдар, аспаптар жатады. [4:424] Қоршаған табиғи ортаның сапа нормативтерінің ішінде ерекше орын алатын радиоактивті ҽсердің шекті рауалы деңгейі (ШРД). Бұл нормативті санитариялық – эпидемиологиялық қадағалау қызметтері белгілегенде негізгі алатын шамасы адам денсаулығына, оның генетикалық фондына қауіптілік тигізбеуі қажет. Радиация деңгейі мен адам организміне тиетін ҽсер арасындағы байланыстар сипаттайтын шамалар кестеде келтірілген.
|
Жұтылған |
Радиация ҽсері |
|
энергия |
|
|
мҿлшері, мЗв |
|
|
1 |
2 |
|
450 |
Сҽулелік аурудың ең ауыр деңгейі (сҽулеленген адамдардың |
|
|
50% — ы қайтыс болады) |
|
100 |
Сҽулелік аурудың жеңіл дҽрежеде жүретін ең тҿменгі деңгейі |
|
75 |
Қан құрамының қысқа мерзімдік ҿзгерісі |
|
30 |
Асқазанға рентгеноскопия жасағанда қабылданған сҽуле |
|
|
мҿлшері |
|
25
|
Апатты жағдайда ҽр адамға қабылдауға рұқсат етілген (бір |
|
|
мезгілдік) доза |
|
10 |
Аптатты жағдайда тұрғандарға қабылдауға рұқсат берілген |
|
|
(бір мезгілдік) мҿлшер |
|
3 |
Тісті рентгенографияға түсіргенде қабылданатын сҽулелену |
|
|
мҿлшері |
|
0,5 |
Ҽдеттегідей жылына қалыпты жағдайда қабылдауға болатын |
|
|
рұқсат берілген сҽулелену деңгейі |
|
0,1 |
Жыл бойындағы фондық сҽулелену |
|
0,001 |
Телевизор арқылы бір хоккейдің матчын кҿргенде |
|
|
қабылданатын мҿлшері |
Сарыарқаның солтүстігінде орналасқан Степногорск атты қаланың бар екенiн бiреу бiлсе, бiреу бiлмеуi мүмкiн. Кезiнде жергiлiктi қазақтардың ҿзiне есiгi жабық болған бұл құпия қаланың карта бетiнде белгiленбегенi де шындық. Сонау 1964 жылы Орталықтың ықпалы арқылы сахара даланың тҿсiнде стратегиялық мақсатпен пайда болған Степногорскiнiң тұрғындары да негiзiнен Ресей жерiнен арнайы кҿшiп келгендер едi. Осы жерде аз уақыттың iшiнде бой кҿтерген уран кенiн ҿңдейтiн, қаланың негiзiн құраушы болып есептелетiн тау-кен-химия комбинаты, құпия түрде биологиялық қарулар жасаумен айналысқан «Прогресс» зауыты секiлдi кҽсiпорындарда еңбек еткен де солар едi. Ежелден Одаққа аты белгiлi «Ақсу», «Бестҿбе», «Жолымбет» секiлдi атақты алтын кенiштерi де осы аймақта орналасқан. Арасы қашықтау болса да, Ақмола облысының Сандықтау ауданындағы Шаңтҿбе уран кенiшi де Степногорскiнiң иелiгiнде. Тҽуелсiздiк алғаннан кейiн бұл қала таза қазақыланып кетпесе де, осы уақытта тұрғындарының 20-25 пайызға жуығы жергiлiктi ұлт ҿкiлдерi. Мысалы, Еуропа подшипник корпорациясының құрамына кiретiн Степногорск подшипник зауыты акциясының бақылау пакетi ресейлiк компаниялардың иелiгiнде, қаланы жарықпен жҽне жылумен жабдықтайтын, уран ҿңдейтiн кҽсiпорындардың шын иелерi де шекараның ар жағында отырған кҿрiнедi. Пайдасын кҿретiндер басқалар екенi айтпаса да түсiнiктi.Яғни осы елімізде ҿндірілетін уранның барлығы шекара асып Ресйге жҿнелтілуде,ал сол уран ҿңделгеннен қалған қалдықтар осы қазақ жерінде қалып,экологиялық мҽселелерді ҿршітуде.Қазіргі уақытта уран Степногорск қаласында ашық түрде ҿндірілуде,бұл қоршаған ортаға,сол жердегі халыққа ҿте кҿп зияндарын тигізуде. [5:71]
Уран стратегиялық маңызы бар ҿте қымбат; жер қойнауында жатқан қазбалы байлықтардың бірі болып саналады. Уран дегеніміз не? Уран — Д.И.Менделеевтiң химиялық элементтерiнiң топтық жүйесiндегi табиғатта кездесетiн 92-шi радиоактивтi элемент. (Қазiр бұл жүйеде химиялық элемент бар).[6:53] Бірақ уран ҿндірудің бірінші жолын таңдаған елімізде жыл сайын онкологиялық аурулар қауіпі жоғарлап келуде. Онкологиялық аурулар кҿптеп тараған аудандар,олар негізінен осы уран ҿндіретін радияциясы жоғары аудандар.Жетекші орындардың бірінде Степногорск тұр.Қатерлі ісік ауруымен ауратын адамдар арасында қазір жас балаларда кҿптеп кездесіп жатыр. — Елімізде қатерлі ісікке жылына 30 000 жуық адам шалдығады екен. Соның 300-350-і — балалар. Яғни үлкендерге қарағанда балаларда қатерлі ісік салыстырмалы түрде сирек кездеседі деуге болады. 15 жасқа дейінгі балаларда қатерлі ісік саны қатерсіз ісіктерге қарағанда 10 есеге дейін аз. Соған қара-мастан қатерлі ісік — балалар ҿлімінің себептерінің бірі. [7:134] Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша, қазіргі таңда балалардың қатерлі ісігінен ҿлуі кездейсоқ оқиғалардан кейін екінші орында тұр. Балалар арасындағы бұл дерттің кҿптеген айырмашылықтары мен ерекшеліктері де бар. Атап айтар болсақ — балаларда саркомалар (сүйектің, жұмсақ тіннің, бүйрек, кҿз, жыныстық бездердің, мидың, бауырдың қатерлі ісігі) жҽне лимфомалар, лейкоздар басым кездеседі, ал «рак» — үлкендерде кездесетін эпителиалды ісіктер — жұтқыншақ, асқазан, ҿкпе, сүт безі, жатыр қатерлі ісігі жҽне де басқалар балаларда ҿте сирек. Балардың осындай ауруларға шалдығу себептері ол кейбір жағдайларда тұқым қуалаушылық жағдайларында болады,ал кҿп жағдайда осы балалардың онкологиялық ауруларға шалдығу себебі оларды қоршаған ортаға байланысты.Демек радиация жоғары жерлерде осындай қатерлі ісік ауруына шалдығу қауіпіде басым болады.Елімізде онкологиялық ауруларға шалдыққан адамдар басым облыстары,радияция жоғары ҿлкелер.Осы ауруларды болдырмау үшін,қазір алдын алу шаралары ҿткізілуде.[8:120] Тек бұл ғана аурулар емес,экологиялық қауіпті аймақтарда ерлер арасында белсіздік те жоғарылуда,бұл уран ҿндіру орындарында істейтен шахтерларда кездесуде,тағы бір айтып кетері ол осы ҿлкелердегі нҽрестелердің ҿлі туылуы сиақты жағдайларға ҽкелір соғады. Храмосомалар саны ҿзгеру жҽне тағы кҿптеген қатерлі аурулар орын алуда. Радиация ҽсерінен ҿзгеріске ұшырап туылған балалар,жануарларда кездесіп тұруда.
Әдебиеттер:
- https://ru.wikipedia.org/ Онкология
- ҚР экологиялық қауіпсіздік концепциясы (2015-2016жылдарға арналған)-Астана 2014
- Атмосфералық ауаны қорғау туралы ҚР Заңы – наурыз 2016 жыл Астана
- Риклефс Р. Основы общей экологии. М, 1979г.
- Ғ. Сағымбаев «экология негіздері» Алматы 1998ж.
- Г.С.Оспанов, Г.Т. Бошатаева «Экология» Алматы экономика 2002ж.
- Мониторинг окружающей среды, А.Т. Аймaнов, Ш.А. Нурбoлов. Алматы, 2016ж
- Ҽ.С. Бейсенова, Ж.Б. Шілдебаев, Г.З. Сауытбаева «Экология» Алматы, ―ғылым‖ ғылыми баспа орталығы 2001ж.