Білім беру және оқыту теориясы (теория образование и обучение дидактика )-педагогика ғылымының саласы. Білім беру және оқыту теориясы жас кезеңдерінің барлық сатыларына сәйкес оқытудың заңдылықтарын оған қойылатын талаптарды, білім беру міндеттерін, мазмұнын, оқыту мен оқу түрлерін, әдістерін оқу барысында ынталандыру мен бақылауды анықтайды. Білім беру және оқыту теориясының методологиялық негізі таным теориясы, оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады. Бұл теория білім беру және оқытуда арнайы ұйымдастырылатын іс деп қарайды. Оқыту барысында оқушылардың білім, білік, дағдыларды меңгеруде мұғалім мен олардың өз бетіндік іскерлігі айқындалады