ДЕКОНСТРУКЦИЯ — француз ойшылы Ж. Деррида ұсынған ұғым, постструктурализм заманының сыни философиялық ұстанымы. Оның өзгешелігі— егер модернизм кезеңінде сын достүрді құлату, жою, күйрету кұралы болса, Д. сынаса да сын объектісін жоюға тырыспайды. Керісінше, оның бүгешігесіне жетіп, қайта тірілтуге бейім. Әрине, тірілткенде, ол шартты түрде тірілтеді. Бірақ поструктурализмнің ең үлкен жеңісі — ойлау процесінің шарттылығын үғыну, метафизикадан бас тарту. Егер Платоннан бері нақты дүние Идеялар әлемінің көшірмесі деп саналса, қазір бұл байланыс жоққа шығарылып, ойлау дегеніміз таңбалау әрекеті деп әйгіленеді. Демек зерттеушінің мақсаты әр ғасырдағы әр қоғамның, әр өркениеттің, әр автордың таңбалау ерекшелігін айқындау. Міне, Д. дегеніміз осындай айқындаудың құралы.