ГИПЕРМӘТІҢ

ГИПЕРМӘТІҢ (грек. hyper — жоғары, ар жағында) — мәтіндер иерархиясында жүйеге айналған, сонымен қоса мәтіндердің көптігін білдіретін арнаулы құрылым. Г-нің қарапайым мысалына сөздер мен энциклопедиялар жатады: ондағы әрбір мақала осы сөздіктегі басқа мақалаларға сілтеме береді. Осындай мәтінді әр түрлі оқуға болады: Г-дік сілтемелерді ескермей, қажетіне қарай, бір мақаладан екіншісіне; сілтемелерді ескере отырып, мақалаларды басынан аяғына дейін; немесе, бірсілтемеден келесісіне ауысып, Г-дік саяхат жасау. В. Рудневтің «Қазіргі мәдениет сөздігі», мыс, арнаулы осы үшінші тәсілмен құрастырылған. Айталық Г. мақаласын оқу үшін гипершындық, виртуалдық шындық, сананың өзгерілген түрлері сияқты мақалалармен міндетті түрде танысу қажет. Г. әдетте, тізбектік сипатта болады және ол түзу сызықты емес ой лабиринтіне ұксас. Оған бір енгеннен кейін, қайта шығу қиындық туғызады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *