Томас Мор (1478-1535)-утопистік социализмнің негізін салды. Мордың атақты шығармасы «Утопия» деп аталды. Утопия грекше «жоқ жер» дегенді білдіреді. Томас Мордың Утопиясында:
- жеке меншік жоқ;
- барлық азаматтар өндірістік еңбекпенен айналысады;
- еңбек ету бәрін еңбекке міндеттеу негізінде жүзеге асады;
- барлық өндірілген өнім қоғам меншігіне өтеді және барлық Утопия тұрғындарына бірдей бөлініп беріледі;
- барлығының еңбекпен айналысуына байланысты Утопияны қамтамасыз ету үшін 6 сағатық жұмыс күні жеткілікті;
- ғылымға ерекше қабілеті бар адамдар қара жұмыстан босатылады;
- ауыр қара жұмысты құлдар-тұтқындар және сотталған қылмыскерлер атқарады;
Утопистік социализмнің көрнекті өкілі Томмазо Камнанелла (1568-1639) «Күн қаласы», «Галилей апологиясы» деген еңбектер жазды. «Күн қаласында» оның тұрғындары-солярийлер әлеуметтік әділеттілікті орнықтырып, өмір мен еңбектің рахатын көреді.
Томмазо Кампанелланың Күн қаласында:
- жеке меншік болмайды;
- коммунистік идеал-4 сағаттық жұмыс күні;
- барлық азаматтар еңбек етеді, еңбектің нәтижесі бүкіл қоғам меншігіне
өтіп, барлық тұрғындарға, қоғам мүшелеріне теңдей бөлінеді