Детерминизм (лат.т. «анықтаймын») — нақты әлемнің құбылыстары мен процесстерінің, заттарының объективті заңды өзара байланыстары, өзара шарттастығы жөніндегі философиялық ілім. Ғылым тарихында детерминизм себептілік ретінде кездестірілді, алайда материя дамуының буын тізбегі, әлемдік өзара тәуелділіктің кезеңі ретінде ғана себепті байланыс детерминизмнің негізгі формасы ретінде екенін ғылыми танымның дамуын көрсетіп берді