Қорытынды бақылау – барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сонықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық бақылаудың үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларына педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады