Оқыту үрдiсi — оқушыға бiлiм, тәрбие берудiң және оны дамытудың мақсаттары шешiлетiн мақсатты бағытталған, бiрiздi өзгерiп отыратын мұғалiм мен оқушылардың өзара әрекеттестiгi.
Оқыту – қазiргi заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, бiлiм, iскерлiк және дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесi. Оқыту — қоғамдық құбылыс түрiндегi ересектердiң мақсатты бағдарланған жүйелi ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тәжiрибесi, қоғамдық сананың даму нәтижесi, еңбек өндiрiсiнiң мәдениетi, қоршаған ортаны қорғау мен оны белсендi қайта өзгерту туралы,бiлiмдердi аға ұрпактың өскелең ұрпаққа үйретiп, оны олардың меңгеруi. Оқыту ұрпақ сабактастығын, қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкiндiк жасайды. Оның қоғамдағы объективтi міндеттерiнiң мәнi осында. Оқыту процесiндегi негiзгi мазмұнды игеру тетiгi — өзара әрекеттестiктiң арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған балалар меп ересектердiң бiрлескен iс-әрекетi, олардың мазмұнды танымдық әңгiмелерi
Түрлi деңгейлерде iске асырыла отырып, оқыту процесi циклдiк сипататка ие болды. Оқыту процесiнiң циклдерi дамуының ең негiзгi көрсеткiштерi, басты екi мақсатка негiзделiп топталған, педагогикалық еңбектердiң ең жақын дидактикалык мақсаттары:
— бiлiм беру — бұл мақсат оқушылардың танымдық iс-әрекетi тәсiлiн меңгерiп, олар арқылы ғылым негiздерiн игерулерiн, белгiлi бiр бiлiмдердiң, дағдылар мен iскерлiктi үйренулерiн, өздерiнiң рухани, физикалык жене еңбек қабiлеттерiн жетiлдiрулерiн, еңбск және кәсiби дағдыларды игеруiн көздейдi:
— тәрбиелеу — әрбiр оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершiлiгiн, белсендi шығармашылығын және әлеуметтi кемелденген жоғары адамгершiлiктегi үйлесiмдi дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етедi.
Оқытудың мақсаты — дамытудың қоғамдық — тарих тәжiрибесiнiң жан — жақтарын: бiлiмдер мен iскерлiктерi, ғылыми, мораль, еңбек, әдебиет, өнер, жалпы және дене тәбиесiн меңгеруге бағытталған мұғалiмнiң педагогикалық әрекетi мен окушының оқутанымдық өзара бiрлескен әрекетiнен ойша күтiлетiн түпкi нәтиже. Жалпы мақсатта қоғам ғылымының, техникалық, сондай-ақ өндiргiш күштер мен өндiрiстiк қатынастардың дамуына сәйкес кетедi.
Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретiнде және
оқыту процесi немесе дидактикалық процесс бiрдей мағынадағы
ұғымдар емес. Процесс оқыту жағдайларының толық
педегогикалық құбылыс ретiнде педагогигкалық iс-әректтің
үзіндісі, актiсi ретiнде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретiнде оқыту
ұғымымен iс-әрекеттердiң шеңберiн, мiндетiн бiлдiретiн “қызмет”
ұғымы тығыз байланысты. Оқытудың қызметi оқыту процесiнiң
мәнін сипаттайдыОкытудың әлеуметтiк, педагогикалык психологиялык мәнi оның қызметтерiнен бiршама анык айқындалады. Солардың iшiндегi, бiрiншi кезектегi бiршама мәндiсi — оқушыларда білiмдiлердi, дағдыларды және шығармашылык iс—әрекет тәжiрибесiнiң iскерлiгiн қалыптастыруы (бiлiм беру қызметi). Оқытудың екiншi қызметi — оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру (тәрбиелеу қызметi). Ол балалар мен ересектерде объективтi турде қоршаған орта жөнiнде ой толғауға мүмкiндiк жасайтын бiлiмдерiнiң толығуына қарай бiртiндеп қалыптасады. Алдыңғы екi қызметiмен тiкелей байланыстағы түлғасын және оның өз бетiнше ойлауын дамыту қызметi атқарылады (дамыту қызметi).
Адамның дамуы — бұл оның денесiнің физиологиялық және психологиялық сипаттамаларының олардың iшiндегi ең бiрiнші ақыл-ойының сапалы дамуын бiлдiредi. Сонымен қатар, оқытудың кәсіби бағдарлау қызметiнiң де мәнi зор.
Үздiксiз бiлiм беруде дайындау қызметi, адамды өндiрiске және қоғамдық қарым-қатынастарға белсендi араласуға бағыттайды, практикалык іс-әрекетке дайындайды, өзiнің политехникалық, кәсiби, жалпы бiлiмi, толық дайындығын үнемi жетiлдiрiп отыруға бағыттайды. Креативтiлiк қызметi тұлғаның жан-жақтылығын үздiксiз дамытуды көздейдi. Өзiттiң мәнi жағынан оқыту процесi — түрлi реттегi және деңгейдегi заңдар мен заңдылықтар арнайы айқындалатын заңдылықты түрде дамитын процесс. Заңдылықтар объективтi, мәндi қажеттi, жалпы, тұрақты және белгiлi бiр жағдайларда қайталанып отыратын өзара байланыстарды бейнелейдi. Феномен мәнiнiң қатаң түрде айкындалған ерекшелiктер—заңдарды құрайды.
Оқыту процесiнiң заңдылықтары:
1.Оқушының бiлiмге деген ынтасына оқытушы әсерiнiң сәйкестiгi;
Бұл заңдылық баланың қоршаған дүниенi тануға деген ықыласын жүзеге асыруға жағдай жасайды, мұғалiмнiң балаға өмiрде қажет болатын, оларды қызықтыратын бiлiмдi берудегi белсендi ықыласын қажет етедi.
2.Оқушылардың жеке және ұжымдық iс-әрекеттерiне оқытушының әсерiнiң сәйкес болу заңдылығы.
Бұл заңдылық мұғалiмнiң, оқыту процесiнде баланың айналысатын iс-әрекеттерiң әрбiр түрiнiң оның қандай қасиетiн талап етiп,сонымен бiрге оны дамытып отыратынын түсiнуiне мүмкіндік жасайды.
Жалпы заңдылықтар:
- оқыту талаптарына сәйкес оқыту процесін сәйкестендіру;
- ол білім беру,тәрбие және дамыту процестерімен байланысы;
- оқыту процесі оқушыны нақты оқу мүмкіндігін және сыртқы жағдайына тәуелді;
- білім беру мен оқу процесі заңды түрде өзара байланысты,
- оқытудан мазмұны ғылымен даму логикасы және деңгейіне,қоғамның талабын көрсететін мінднттеріне тәуелді,
- оқытудың әдістері мен құралдары және оқуды ынталандыру, оқу іс-әрекетінің бақылау және өзіндік бақылауды ұйымдастыру білім беру мазмұнына және міндеттеріне тәуелді,
- оқытуды ұйымдастыру формалары оқытудың міндетіне, мазмұнына және әдісіне тәуелді,
- үйлесімді жағдайға сәйкес оқу процесін барлап заңдылықтарын мен компоненттерін өзара байланысын оқытуды берік, саналы және іс-әрекетті нәтижелі қамтамасыз етеді
- Оқытудың барлығына тән заңдылықтар қандай-да бір түрінде болмыс көрінес беруі сөзсіз:
- Оқу процесі оқытушымен оқушының мақсатына сәйкес болады,егер мұғалімнің іс-әрекеті оқылатын материалды меңгерту тәсіліне сәйкес келсе.
- Жеке адамды мақсатқа сәйкес оқыту бұл іс-әрекетке тікелей қалыптасуына байланысты.
- Оқыту мақсаты, оның мазмұны және әдістері арасында тұрақты тәуелділік бар; яғни мақсаты, оның мазмұнын , әдісін анықтайды, ал соңғысы мақсатқа жетудің шарты болып табылады.
Заңдылықтар оқушы мен оқытушыны іс-әрекетінің сипатына, оның қолданатын құралдарына, оқыту әдістері және оқу материалының мазмұнына тәуелді. Оның көрініс табуы мұғалімнің оқыту мақсатына толықтығын сезінеме және мақсаты жауап беретін әдістері мен құралдарын қолдануына тәуелді.