XX ғ. мәдениет аясындағы философия

 

Неопозитивизм ағымы

Неопозитивизм (neo – жаңа, positivus – латын сөзі, — оң, дұрыс деген мағына береді) – Батыс философиясының шеңберінде қазіргі ғылымның дамуының барысында пайда болған философиялық-танымдық мәселелерді талдап шешуге бағытталған ағым.

Позитивизмнің негізін қалаған француз ойшылы Огюст Конттың қағидалары:

1)    Ғылым – белгілі бір абстракциялық негізден шығарылатын білім жүйесі, ал тарих философиясы – рухтың дүниеге келіп дамуын суреттейтін ілім ғана емес.

2)    Ғылымның негізінде Дүниедебелгілі бір тәртіп пен өрлеу барлығын көрсететін тәжірибелік байқаудың негізінде алынған ғылыми деректер және соларды теоретикалық деңгейде көтеріп талдау іс-әрекеті жатыр.

3)    Адамзат ой-өрісі дамуы 3 сатыдан өтті деген пікірге келеді:

1.     Теологиялық (жалғандық) саты – көне заманнан XIV ғ. дейін аралықты қамтиды. Ол өмір әлі ғылыми деректерге негізделген жоқ, өмірдегі барлық құбылстар Құдайдың құдіретті күштері арқылы түсіндіріледі;

2.      Метафизикалық саты — XIV-XVIIIғғ аралықты қамтиды. Адамның зердесінің дамуының негізінде барлық бұрынғы көзқарастар сыналып терістеле бастайдығ барлығына деген күмәндану, сенбеушілік пайда болады ;

3.     Позитивтік саты – XIX ғ. қамтиды. Өндіріске негізделген қоға пайда болып, альтруизм (өзінен гөрі басқаның қамын ойлау) эгоизмді (өзімшілдік) жеңген уақытта нағыз ғылыми сатыға өрлеу мүмкіндігі пайда болды.

4)    «Тарихи күрделену» анықтамасын былай орналастырады: математика-астрономия-физика-химия-биология-социология.

 

 

 

Неопозитивизмнің өкілдері:Мориц Шлик, Рудольф Карнап, Людвиг Витгенштейн, Бертран Рассел.

Расселдің ұстанған қағидасы:

1)    Тек қана сезімдік деректердің шынтуайттығын мойындайды. Объективті дүниенің өмір сүруін мойындағанмен, ол оның негізін тек қана сенімге негіздейді – оны ғылыми жолмен дәлелдеу мүмкін емес.

2)    Эмпириокритицизмдегі сезімдік тәжірибені асыра түсінуді қолдамай, оны математикалық логика тұрғысынан толықтыру керек деген пікір айтты. Олай болса, философия дегеніміз тәжірибеден алынған негізгі қағидаларды логикалық талдаудан өткізіп қорытатын пәнге айналады.

 

 

Расселдің әлеуметтік философиялық көзқарастарына келсек, ол қоғам өмірінде белгілі бір даму заңдылықтары жоқ деген пікірге келеді. Адамдардың іс-әрекеттеріне шешуші ықпалды көбінесе олардың инстинктері мен іңкәрлері тигізеді. Сонымен қатар, ол адамның еріктік өмірге деген ынтасын терең бағалап,тоталитаризмнің қай-түрін болмасын (сталинизм, фашизм) тұлғаны мемлекеттің құрсауына алғаны үшін қатты сынады.

 

Логикалық позитивизмнің өкілі –Р. Карнап математикалық логика арқылы білімдегі негізгі ұғымдардың мазмұнын, мән-мағынасын тексеруге шақырды. Оның ұстанған қағидасының негізгі құралы – верификация (verficatio, латын сөзі, — дәлелдеймін деген мағына береді)принципі. Тікелей верификация — ғылымдағы белгілі бір қағидаларды өмірдегі тәжірибеге сәйкестігін анықтау болып табылады. Ол үшін сол теорияның негізінде жатқан элементарлық, атомарлық, протоколдық сөйлемдерге шейін жетіп, оларды өмірдегі сезімдік тәжірибеден шығатын деректермен салыстырып тексеру қажет.

 

Неопозитивизмнің екінші түрі лингвистикалық философия. Өкілдері: Л. Витгенштейннің ойы: «Менің тілімнің шеңбері менің Дүниемнің шеңберін құрайды», — дейді. Бұл  философия саласында ашылған үлкен жаңалықтарының бірі болды, себебі, қайсыбір ұлттық тілдің құрылымы сол халықтың дүние сезімі мен дүние қабылдауына, керек болса, дүниеге деген көзқарасына шешуші ықпалын тидіреді. Негізгі идеясы – тілдегі сөздерді ұқыпты пайдалану, басқа жағдайда ол бізді неше-түрлі аястрактылық ұғымдардың құрсауына қамап алдастырады.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиет:

Философия. —  оқулық. – Серік Мырзалы: — Алматы «Эверо» 2011ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *