Философияның дүниеге келу мәселесі

 

 

Философияның дүниеге келу уақыты ғылымда нақтылы көрсетілген. Жалпы алғанда б.ғ.д VI -V ғ.ғ Шығыста да Батыста да адамзаттың ұлы ойшыл-бабалары дүниеге келіп философиялық ой-пікірді туғызды. Олар – Қытайда – Лао-Цзы, Кон-фу-Цзы, Парсы елінде – Заратустра, Үнді елінде – Гаутама Сидхартха, соңынан Будда аталған, Грецияда – Сократ, Фалес, Анаксимандр, Палестинада – Илия, Исая, Иеремея т.б

XX ғ. Немістің ұлы ғалымы К.Ясперс бұл заманды кіндікті уақыт дейді. Өйткені, бұл заманға дейінгі адамзаттың өмірі шектеліп, қайталана беретін өте баяу рухани өмірдің негізінде өтіп жатты және оның өзі саналы түрде танылмаған болатын.

Ал “кіндікті уақыт” келген заманда адам болмыстың өзін, және өзімен өзінің шекарасын сезінеді, өзінің алдына ең биік мақсаттар қойып, өзінің санасының тұнғиығынан абсолютті таниды. Осының негізінде философтар Дүниеге келді. “Адам жеке пәнде ретінде тәуекел деп өзін бүкіл Дүниеге қарсы қойды”, — дейді К.Ясперс.

Философияның дүниеге келген тарихы – қола заманнан темір дәуіріне өтумен тығыз байланысты. Темірді игеру – адамзат тарихына түбегейлі өзгерістер әкелді. Темір заманында болған үлкен өзгерістердің бірі – ол интеллигенцияның дүниеге келуі. Яғни, байлық көзінің өсуінің негізінде дене еңбегінен арылып, өзінің өмірін толығынан ой еңбегіне арнаған адамдардың пайда болуы.

Осы ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуі, ғылым мен өнердің өте тез дамуына, Дүниеге деген философиялық көзқарастың келуіне өзінің зор әсерін тигізді. Тағы да К.Ясперсті тыңдасақ, “Адамның рухани оянған кезінде, басқа ғылымдардан бұрын философия пайда болады”,- деген ойы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *