Менің пәнге, философияның мәні мен міндетіне көзқарасым. (Эссе)

 

Философия бір уақытта дүние жүзінің кемінде үш жерінде — Қытай, Үнді, Грецияда дүниеге келеді. Философияның мәселелері бір болғанымен, бұл үш цивилизация оларға үш түрлі жауап береді, ұқыпты оқырман оны оқыған кезде байқайды ғой деген үміттеміз.

Философия — адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда — даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі Үндістан, Қытай және Грекия жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты пәлсапашысы (философы) және математигі Пифагор.

Философия дүниеге көзқарастың бір түрі. Дүниеге көзқарас — дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниеге көзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.

Философияның пайда болуы адамзат баласының білім деңгейі мен ой-санасының едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге келді.

Сан қырлы табиғат құбылыстарының мәнісін түсінуге тырысқан ойшылдардың философиялық көзқарастары — философия ғылымының беташары іспеттес болды. Алғашқы философиялық ойлардың формасы натурфилософиялық бағытта дамыды.

Философия пәні қоғамның дамуымен тығыз байланыста бола отырып, рухани өмірдің барлық қырларын қамтыды.

Еркінбай А.Е

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *