Ересектер психологиясы

 

Жоспары:

  1. Ересектік кезеңге сипаттама (30 – 60 – 70 жас)
  2. Ересектік жастың классификациясына акмеологиялық көз – қарас.
  3. Ересектік кезендегі танымдық эмоционалдық және мотивациялық сипаттамалар.(40 жас дағдарысы)
  4. Интеллектуалды даму және әлеуметтенуің психологиялық мәселелері

 

 

  1. Ересектік бұл адам өмірінің ең ұзақ кезеңі . Оның басталу және соңғы шегін көптеген авторлар әртүрлі сипатттайды: 25 жастан 65 -70 жасқа дейін. Әдетте бұл жасты зейнеткерлікке шығу мен байланыстырады және тұрақты жас шамалары жоқ.

Э.Эриксон бойынша ересектік кезең 25 жастан 65 жас аралығын қамтиды, яғни бұл кезең ұзақтығы 40 жылға созылады.

Ал  біз бүгін ересектік кезеңді шамамен  30 жастан бастап, сонау зейнеткерлікке шығуға дейін қарастырамыз. Бұл шамамен 60-70 жасқа дейін. Бірақ ересектік кезеңнің соңғы шегі  жеке тұлғаның жекелей және тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты.

Кейбір адамдарда 40 жастан кейін дамуында бәсеңдеу процессі жүрсе, керісінше, екіншілерде  40 жастан кейін белсенді іс-әрекетпен айналысу басталады. Тіпті кейбір адамдарда  шығармашылық дамуы өмірінің соңына дейін жүруі мүмкін.

Осы кезеңде бір- бірімен байланысты, бірақ бір-біріне сай келмейтін үш жас түрін ажыратуға болады:

  • Хроникалық жас (төлқұжатта көрсетілген жасы);
  • Биологиялық жасы;
  • Психологиялық жас.

Адамның биологиялық жасы төл құжатта көрсетілген жасына сай келмеуі мүмкін.  Мысалы: адам 40 жаста организімінің жағдайына байланысты жас көрінуіе болады немесе , керісіншіе, осы жаста қартаюдың белгілеріі айқын көрінуі мүмкін.

         Психологиялық жас дегеніміз- адам өзін қалай сезінетіндігі және қалай қабылдайтындығын сипаттайды.

  1. «Акмеология» ұғымы ХХ ғасырдың 20-шы жылдары пайда болды және ол «Үлкендерді танып- білуге бола ма ?»деген сұраққа жауап іздеумен байланысты болды. Оған жауап беру үшін адамның өмірлік кезеңдеріндегі  психофизиологиялық, интелллдектуалдық және жекелей дамуның «нормаларын» талдау керек болды. Ең бірінші ересектер психологиясына назар аударғанН.А. Рыбников болды. Ол 1928 жылы ересектер психологиясын акмнология деп атауды ұсынды (акмэ грекше- өркендеу, шың дегенді білдіреді).  Дәл осы кезеңде ересектікке қол жеткізеді (ақыл-ойы, азаматтығы, еңбек етуі жағынан), кәсіби іс-әрекетте өзін табады және шығармашылық қабілеттерінің өркендеу шыңында болады.

Ересектер психологиясының пәні- ересек адамның онтогенездегі конституциясының, нейродинамикасының, психофизиологиясының, интеллектуалдығының, жекелігінің, жастық-жыныстық ерекшелігінің эволюциясы.

Қазіргі кездегі зерттеулерде жастық кезеңдегі ересектіктің  жоғарғы және төменгі сатылары біркелкі анықталмаған. Жастық шақтың шегін анықтайтын қалыптасқан пікір жоқ.

Жастық шектеулерді анықтаудағы әртүрлі пікірлер жас кезеңдері классификациясын құру принципімен түсіндіріледі:физиологиялық, антропологиялық, демографиялық және психологиялық ерекшеліктерді есепке ала отырып.

Б.Г. Ананьев ересектердің психофизиологиялық және интеллектуалдық дамуын микрожастық интервалдың негізінде құруды ұсынды.

18-46 жас аралығында естің, ойлаудың, зейіннің дамуы 3 макро кезеңнен тұрады.

1 макро кезең-18-25 жас аралығы;

  1. 26-35 жас аралығы;
  2. 36-46 жас аралығы.

Бұл жастық кезеңдер әртүрлі даму темпімен сипатталады.

Таблица 1

 

Кезеңдер

 

Жасы, жылы

Ерте ересектік

Орта ересектік 1 -ші кезең

Орта ересектік 2 -ші кезең

Макро кезең

18-25 жас

26-35 жас

36-46 жас

Микро кезең

18-21; 22-25.

26-29; 30-33; 34-35.

36-40; 41-46.

Бұл таблица бойынша естің, ойлаудың және зейіннің жақсы дамуы тек екі микро кезеңде- 22-25; 30-33 жастарда көрінеді, дамудың  айрмашылығы тек бір микро кезеңде көрінеді, ол-34-35 жаста.

  1. 40-50 жасында адам бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда, басқа психологиялық жағдайда болады. Осы уақытқа дейін үлкен өмірлік және кәсіби тәжірибе жинақталады, балалары өседі, олармен қарым-қатынас жаңа сипатқа ие, ата-аналары қартаяды және оларға көмек керек. Бұл кезеңде адам организімінде заңды физиологиялық өзгерістер болады, оларға бейімделу керек: көру нашарлайды, реакциялар бәсеңдейді, ер адамдарда сексуалды потенция әлсірейді, әйел адамдар климакс кезеңін уайымдайды. Осы аталғандарды ересектер физикалық және психикалық ауыр қабылдайды.  Көбінде денсаулығына байланысты мәселелер туындайды.

Психофизикалық функциялар төмендегенімен,олар адамның когнитивтік сферасына еш әсерін тигізбейді- жұмысқа қабілетін төмендетпейді, еңбектік және шығармашылық белсенділігін сақтайды.

         Бұл кезең адам үшін жанұялық, карьералық, шығармашылық қабілеттерінің дамуымен сипатталады. Бірақ, өлім мәселесі туралы, уақыттың өтіп жатқандағы жайлы жиі ойланады.

         Еңбек- ересек адамның сезімдерінің көзіне айналады.  Адамның эмоционалдық жағдайы, көңіл-күйі көбінесе еңбек іс-әрекетінің  жемісті не жемісті еместігіне байланысты.

         Осы кезеңде адам стресстік жағдайға жиі ұшырап, депрессия мен жалғыздық сезімін бастан кешіреді.

         38-40 жаста орта жас кризисі болады.  Осы кезеңде адамды мынандай сұрақтар мазалайды: ары қарай қалай өмір сүру қажет,  не үшін өмір сүру керек,  кіммен өмір сүру керек?

         40 жасқа қарай ересектер армандары мен өмірлік жоспарларының қаншалықты іске асқандығына есеп береді.  Отбасылық жағдайында өзгерістер болады: балалары ержетіп, өзбетінше өмір сүреді; жақын туысқандары мен ата-аналарының дүниеден өтуі мүмкін. Жақын адамдарынан айырылу, балаларының өміріне араласу, оларға қамқорлық көрсету ерлі-зайыптылар қарым-қатынасының  мағынасын аша түседі. Егер оларды балалардан басқа ештеңе байланыстырмаса, ондаерлі-зайыптылар айырылысуы мүмкін.

         40 жас кризисін басынан өткізген адам өмірін қайта құрып, мамандығын ауыстырып, тіпті жаңа отбасын да құруы мүмкін.

Кризистен шығудың жолдары әр түрлі: конфликтілі жағдайлар туғызу, жұмыс орынын ауыстыру,  басқа қалаға көшу, барлығын қайта жасауға ұмтылу.

Ал кризистен шығудың деструктивті жолы- суицид және жеке тұлғаның ыдырауы.

  1. Жеке тұлғаның қалыптасуы мен іс-әрекет құрылымы өмірлік жағдайларға байланысты. Мінез ерекшеліктері, қызығушылықтары, қабілеттері осы кезеңде де дами түседі.  Ересек адамның индивидуалды қасиеттері  балаларға қарағанда  жекелік сипатқа ие.

Әлеуметтік ересектік- бұл  адамның  белсенді еңбек іс-әрекеті.  Онда адам іс-әрекет субъектісі ретінде қалыптасады және өзінің шығармашылық мүмкіншіліктерін іске асырады.  Әлеуметтік ержетуде (оны азаматтық деп те атауға болады) негізгі роль адамның  өндірістік, қоғамдық және мәдени өмірге араласуында.

Оқыту әртүрлі жас кезеңдерінде  түрліше  болады. Мысалы: ересектік жаста адамдардың көбі  еске сақтаудың төмендеп кеткеніне, жұмысқа қабілетінің нашарлағанына, тез шаршайтындығына шағым жасайды.  Бірақ, Б.А. Греков деген ғалым 30-70-90 жастағы адамдардың  есіне салыстыру жүргізіп, тек 90 жастағылардың ғана еске сақтау қабілеті төмендейтінін айтты. Ересектік кезеңдегі барлық басқа өзгерістерді жекелей ерекшеліктерімен түсіндіреді.

Ересектік кезеңде мазмұндық еске қарағанда, механикалық және бейнелі ес  тез төмендейді. Ал мазмұндық ес 70 жастан асқанша  тұрақты болып келеді.

Осы кезеңдегі адамдардың кәсіби дамуын қарастыратын болсақ, көптеген  мамандықтағы адамдар өздерінің кәсіби шыңдалуы әртүрлі кезеңде болатындығын көрсетті. Мысалы: ұшқыштардың, кәсіби спортшылардың, балет артисттерінің және т.б.  кәсіби шыңдалуы  ересектіктің алғашқы сатысында басталады, одан кейін оларда  тұрақтану кезеңі болады.  Ал басқа мамандықтарда, мысалы, дәрігер-хирург, авиадиспетчер, т.б. мамандарда кәсіби шыңдалуы ересектіктің орташа немесе тіпті соңғы кезеңіне келуі мүмкін.

Барлық осындый жағдайларда кәсіби өнімділік шеберлікке, білімге, тәжірибеге және функционалды дайындыққа байланысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *