Әлеуметтік бірлік және әлеуметтік байланыстар

 

 

            Әлеуметтік бірлік туралы түсінік.

  1. Әлеуметтік заңдар.
  2. Әлеуметтік байланыстар мен іс-әрекеттер.
  3. Әлеуметтік ұйымдар.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

      Адамдар өмір сүру үшін материалдық және рухани игіліктерді жасайды, оларды бөліседі және тұтынады. Әлеуметтік бірлік дегеніміз – қоғамның субъектісі және объектісі болатын, іс-әрекет етуші адамдардың жиынтығы. Әлеуметтік бірліктің негізгі салалары: — адамдардың өмір сүру және іс-әрекет жағдайлары, тарихи қалыптасқан территориясы,  өзара қатынастағы адамдардың әлеуметтік институттары. Сөйтіп адамдардың өмір сүру және іс-әрекет ету процесінде шексіз, әртүрлі әлеуметтік байланыстар қалыптасады. Әлеуметтік бірлік әлеуметтік байланыстар мен олардың элементтерінің – жеке адамдардың қатынасы негізінде қалыптасады, өмір сүреді және дамиды. Әлеуметтік бірлік – қоғамның дамуының басты бұлағы. Әлеуметтік бірлік – толық алғандағы қоғам емес, бірақ ол қоғамның ерекше, өзіндік өлшемі. Бірлік әлеуметтік өзгерістердің барлық түрлерін қамтиды. Әлеуметтік заң — әлеуметтік құбылыстардың, процестердің, әсіресе адамдар қызметінің немесе іс-әрекетінің маңызды, қажетті байланысы. Табиғат заңдары сияқты, әлеуметтік заңдар да уақиғаның табиғи даму барысында қалыптасады. Әлеуметтік байланыстардың түрі мен сипаты әрқилы: өмір сүру, даму, себептік, саяси, құрылымдық т.б. Әлеуметтік байланыс деп, — адамдардың, нақтылы бірлікте, белгілі уақытта, өзінің қандай да бір болмасын мақсатына жетуге бағытталған, біріккен іс-әрекетіне жағдай туғызатын факторлардың жиынтығын түсінеміз. Әлеуметтік іс-әрекеттің объективтік және субъективтік жақтары бар.

Адамдар қоғамда топтарға бірігеді. Соның нәтижесінде көп мүшесі бар үлкен әлеуметтік топтар құрылады. Олар әр түрлі байланысқа негізделеді. Үлкен топтардың бірнеше түрлері болады, олар әр түрлі тәртіп белгілеріне сәйкес құрылады. Ұсақ топтар және үлкен топтар болады.

              

          Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

  1. Әлеуметтік бірлікті қалай түсінесіз?
  2. Әлеуметтік байланыстар деген не?
  3. Әлеуметтік заңдардың іске асырылу тәсілдері.

 

                          Әдебиеттер:

  1. В.Петровский, В.В.Шпалинский. Социальная психология клолектива. М., 1978.
  2. Д.Майерс. Социальная психология. Питер.1994
  3. Я.Л.Коломенский. Психология взаимоотношений в группах. М., Изд., ТГУ.1976
  4. Пайнс Э., Маслач К. Практикум по социальной психологии. Питер.2000.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *