Жалпы коммуникация

 

                                             Әлеуметтік психологияда үлкен топтардың феноменологиясы.

  1. Үлкен топтар мен кіші топтардың арақатынасы.
  2. Үлкен әлеуметтік топ психологиясының мазмұны мен құрылымы.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

       Үлкен әлеуметтік топтардың сипаттарын әлеуметтік-психологиялық зерттеу бірқатар қиындықтар тудырады. Әлеуметтік психология үлкен әлеуметтік топтар психологиясы бөлімінсіз шын мәніндегі әлеуметтік психология бола алмайды. Жеке адам қалыптасуы процесінде кіші топ және өзара қарым-қатынас ролі қаншалықты маңызды болғанымен, олар өз тұрғысынан нақты тарихи әлеуметтік нормалар, құндылықтар, бағдар және қажеттіліктерді құрмайды. Қоғамдық психологияның барлық осы және басқа да құрылымдық элементтері үлкен топтардың тарихи тәжірибесі негізінде пайда болады. Бұл тәжірибе белгілік, мәдени және идеологиялық жүйелермен жинақталады. Әрине, қоғамдық психологияның құрылымдық элементтерін түсінуде үлкен әлеуметтік топтар тәжірибесімен қатар, массалық әлеуметтік процестер мен қозғалыстар да маңызды мәнге ие. Адамдардың сандық қатынастағы «үлкен» құрылымдары екі түрге бөлінеді.      Барлық осы көрсетілген үлкен топтардың оларды кіші топтардан өзгешелейтін бірқатар ортақ белгілері бар. Үлкен топтарда, кіші топтарда болмайтын, әлеуметтік мінез-құлықтың спецификалық реттеушілері болады. Бұлар — әдептер, салттар мен дәстүрлер. Олардың болуы спецификалық қоғамдық тәжірибе мен осы тәжірибенің тарихи формаларының қайта жаңғыруының қатысты тұрақтылығымен байланысты. Үлкен топтардың психологиялық сипатында спецификалық тілдің болуы маңызды роль атқарады. Этникалық топтар үшін – бұл өздігінен қажетті сипаттама, басқа топтар үшін «тіл» белгілі бір жаргон ретінде көрінуі мүмкін, мысалы: профессионалдық топтарға, жастарға тән. Үлкен әлеуметтік топ психологиясының құрылымы бірқатар элементтерден тұрады.     Келесі мәселе – үлкен топ және оған кіретін әрбір жеке индивидтің психологиялық сипаттамаларының арақатынасы. Сонымен қатар, әлеуметтануға тән дәстүрлі әдістер – статистикалық талдау әдістері қолданылады. Бұдан басқа, әлеуметтік психология тіл білімі саласынан алынған әдістерді қолданады, себебі үлкен топтарды зерттегенде белгілік жүйені талдау жүзеге асады. Әлеуметтік түсінік – индивидуалдық емес, топтық әлеуметтік түсініктер көмегімен әлеуметтік таным құралы. Әрбір топ әлеуметтік түсініктер көмегімен әлеуметтік дүниенің, оның институттары, билігі, заңдары, нормаларының белгілі бір бейнесін құрастырады.

              

                         Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

  1. Үлкен әлеуметтік топқа қандай топтарды жатқызамыз?
  2. Үлкен және кіші әлеуметтік топтардың анықтамаларын атаңыз.
  3. Топты талдау параметрлерінің негізгілерін атаңыз.

                                            Әдебиеттер:

  1. Социальная психология. Под.ред.А.В.Петровский. ЛГУ.1979
  2. В.С.Агеев. Психология межгрупповых отношений. М., МГУ.1978
  3. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1995
  4. Пайнс Э., Маслач К. Практикум по социальной психологии. Питер.2000.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *