- Әлеуметтік психологияда кіші топтардың феноменологиясы.
- Кіші топтағы динамикалық процестерге жалпы сипаттама.
- Кіші топтың құрылуы.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Феномен – тікелей индивидтің тұтас қабылдауы. Топ мәселесі – адамдар тобы бұл тек әлеуметтік психологияда ғана емес, социологияның сұрағы болып табылады. Кіші топтар мәселесі әлеуметтік психологияда жақсы өңделген. Кіші топтарды зерттеуге деген қызығушылық ертеден басталған, қоғам мен өзара қатынас және жеке адам мәселесі талқыланады. Жеке адамның өзара қатынасы оның ортамен қалыптасуы. Осы мәселені талдауда кіші топтар – бірінші орта сияқты болады, бұнда жеке адам өзінің алғашқы қадамын және өмір жолын дамытады. Адам бірінші күннен бастап өзінің нақты кіші топтармен байланысты, сол арқылы өзінің іс-әрекетін ұйымдастырады.
Кіші топтар схемалық талдау. Кіші топтар мүшесі жағынан өте көп емес, жалпы әлеуметтік әрекетпен біріккен, тікелей қарым-қатынаста болады. Кіші топтар классификациясы.
Кіші топтарды зерттеу өзінің алғы шарты ретінде топтың бірқатар «тұрақтыларын» сипаттайды: топтың шектерін, құрылымын, композициясын анықтау. Әлеуметтік психологиялық талдаудың басты міндеті – топтың өмірінде болып жатқан процестерді зерттеу болып табылады. Тағы бір маңызды міндеті – топ қалай дамиды, өз дамуында қандай кезеңдерден өтеді, әрбір кезеңде әр түрлі топтық процестер қалай өзгеріске ұшырвйтынын көрсету. Топтық қысым феномені. Бұл феномен әлеуметтік психологияда конформизм феномені деп аталады. «Конформизм» сөзі қарапайым тілде «бейімделушілік» дегенді білдіреді. Алғаш рет конформдылық моделін белгілі зерттеулерінде С.Аш көрсеткен.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
1.Әлеуметтік психологияда кіші топтар феноменологиясына сипаттама беріңіз.
2.Топтық динамика түсінігіне анықтама беру.
3.Кіші топтардың қандай түрлерін білесіздер?
Әдебиеттер:
- В.Петровский, В.В.Шпалинский. Социальная психология клолектива. М., 1978.
- Д.Майерс. Социальная психология. Питер.1994
- Я.Л.Коломенский. Психология взаимоотношений в группах. М., Изд., ТГУ.1976
- Пайнс Э., Маслач К. Практикум по социальной психологии. Питер.2000.