Зерттеу мақсаты: Зейіннің шоғырлану деңгейін анықтау.
Құрал жабдықтар: Пьерон-Рузер тестінің бланкісі, қалам және секундомер.
Зерттеу процедурасы
Нұсқау: «Сізге шаршы, үш бұрыш, шеңбер және ромб бейнеленген тест ұсынылады. «Баста» — деген сигнал бойынша геометриялық фигураларға қатесіз сәйкес белгілерді қойып шық: шаршыға +, үшбұрышқа -, шеңберді ешқандай белгімен белгілемейсің және ромбқа нүкте қойып шық. Белгілер қатарымен қойылады. Жұмысты орындауға 60 секунд беріледі.
«Тоқта» деген сигнал бойынша белгілеуді тоқтатыңыз»
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Корректуралық сынақ әдісімен зейіннің таңдамалық сипатын зерттеу
Кіріспе ескерту. Зейінді лабораториялық зерттеуде кең тараған әдістердің бірі жалпы «корректуралық сынақ» деп аталумен біріктірілген бланкілік әдістер. Корректуралық сынақ әр түрлі стимулдардан: әріптерден, сандардан, геометриялық фигуралардан, байланысты немесе байланыссыз мәтіндерден т.с.с. құрастырылған. Сыналушының міндеті берілген стимулды басқа стимулдардың арасынан тауып бланкіде бір немесе бірнеше жолмен белгілеу.
Зейін таңдамалығының нақты көрсеткіші ретінде тапсырманы орындаудың дәлдік коэффициенті есептеледі. Тапсырманы орындаудың дәлдік коэффициенті (А) Уиплдің формуласымен есептеледі:
А = (N-r) / (N+p),
мұндағы N – дұрыс табылған стимулдардың жалпы саны;
r – дұрыс емес табылған стимулдардың саны;
p – табылмаған стимулдар саны.
Экспериментті жабдықтау. Эксперимент жүргізушіге бағдарламалық (кілт) бланкі және әр сыналушыға корректуралық бланкі. Әр бланкіде 10 қатармен орналастырылған тұтастай әріптер мәтіні, әр қатарында 54 әріп. Сол әріптер қатарының ішінде ретсіз тәртіппен 24 әр түрлі мағынасы бар сөздер орналастырылған. Сөздердің күрделілік дәрежесі әр түрлі (мысалы: қуаныш, үй т.с.с.). Тапсырманы орындау уақытысын тіркеу үшін секундөлшеуіш қажет. Тәжірибенің нәтижесін жазып отыруға алдын — ала В – 1-кестесі түрінде хаттама даярланады.
Тәжірибені орындау тәртібі. Тәжірибе топпен жүргізіледі. Эксперимент жүргізуші немесе оның көмекшісі әр сыналушыға бір корректуралық бланкіден таратып тапсырманы орындау тәртібін жариялайды.
Сыналушыға нұсқау. «Бланкіде қазақ алфавитінің әріптері тұтас мәтіндік тәртіппен арасында әр түрлі сөздер орналастырылып басылған. Сіз сол әріптер қатарын бірінші әріптен ең соңғы әріпке дейін ретімен зейін сала қарастырып арасындағы сөздерді тауып астын сызып қоясыз. Сөзге қатысы жоқ жанындағы әріптерді сызбай ұқыпты жұмысты орындаңыз. Тапсырманы жылдам әрі дәл орындаңыз».
Эксперимент барлық қатарды қарап болғаннан кейін бітеді. Эксперимент жүргізуші әр сыналушының жұмыс орындау уақытын тіркейді және оны жариялап отырады.
Нәтижесін талдау:
- Эксперимент жүргізушідегі бағдарламалық (кілтпен) бланкімен корректуралық сынақтың нәтижесі тексеріледі.
- Сыналушының белгілеп сызған сөздердің жалпы саны саналады.
- Сызылмай жіберіліп қойған сөздер саналады (р)
- Дұрыс емес сызылған сөздер саналады (r)
- Дұрыс сызылған сөздер саналады (m)
- Уипплдың формуласы бойынша зейін таңдамалығының дәлдік (А) көрсеткіші есептеледі.
- Таңдаудың жылдамдығы (S) есептеледі.
- Эксперимент жүргізушімен бірге топтағы сыналушылардың барлығы үшін зейін таңдамалығының және таңдау жылдамдығының орташа мәні анықталады.
Әр сыналушының көрсеткіштерін топтың орташа мәнімен салыстырып даралық мүмкіндіктерін талдау. Зейіннің таңдамалылығын даралық ерекшелігі туралы қорытынды жасау.
Сыналушыларға таратылатын бланкінің үлгісі
БЦКҮНИКВТҒГЩОЦАУДАНЗГУНЦЖАҢАЛЫҚХЭЬЧАДЕРЕКИКЕМ
КИХАНТРОДЧЯГЩГЦПРОКУРОРРГЦЕАГСЕАБЕСТЕОРИЯЕНТСД
ЖЗБЬАШАҢҒЫЙТРЦТАҚУРШРОФШУЙГЗХТЕЛЕДИДАРВОЛДЖШ
ЗХЮЭЛГШЬБДӘПТЕРШОГХЕЮТАҢЛЖИПРУОШЛАПТСЛХЭНИЗҚ
АБЫЛДАУЙЦОКЕНДШИЗХЬБАЖАЙЛАУПРОЛДВПНМАХАББАТБ
ФЫРПЛОСЛДКНЕСЛАКӨРІНІСЯЧСИМТЬҰЙҚЖЮҚУАНЫШГЭЛО
ФЦПЭЖДБАСАНОРАЙШМВЬТЛДЖЬЭГНЕЕКУЫФЙШРЕПОРТАЖЗ
ПОКЖОЛЫФЫВЮЭБЬБАЙҚАУСЗЖШНАПФЯЧЬЩУВСКАПТҰЛҒА
НОТСЭХЬТМРКНЖЭЬЕЮДШШГБАЛКОНПРЖЧЗУНИБӨЛШЕКЖК
ВАЫЭЗБЬТРЛШШЖНПРКМРЫВКОМЕДИЯШЛДКЦУЙФОӨКІНУФ
РЯЧАТЛДЖЭТЬБЮНХТЬЛАБОРАТОРИЯШЕШЕНИЯГШДШНРУЦГ
РГШЩТЛРНЕГІЗАНВЕЗШЭМИТДНТООПРЖТРОКНУКГВМСТРПА
УРХАНАБПЛЕМЕТЧЬЙФЯОМТАЦЭЬАНТЗАХТЛКННОПДЛРОГ
Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар:
- Зейіннің негізгі қасиеттеріне тоқталыңыздар
- Зейіннің тұрақтылығының психофизикалық сипаты және оның негізгі жағдайлары.
- Зейіннің тұрақтылығын зерттейтін әдістерін атаңыздар
- Зейіннің толқуын зерттейтін әдістерін атаңыздар
- Дерексіздік және оның физиологиялық негіздеріне тоқталыңыздар
- Жасанды және шынайы бытыраңқылық дегеніміз не