Апперцепция – латынның апперцептио деген сөзінен алынған. Қазақша қабылдауға қосымша деген мағынаны білдіреді. Адамның психологиялық ахуалы мен оның өткендегі өмір тәжірибесінің мазмұнын қабылдауда мұның маңызы ерекше. Себебі бұрынғы тәжірибелер жаңа нәрселерді қабылдауда танымдық өлшем қызметін атқарады.
Гуманистік психология – ХХ ғасырдың 60жж. батыста пайда болған және психологияның негізгі пәні жоғары көріністерінде, құндылықтары мен мағыналарында қарастырылатын адам болуы қажет деп есептейтін психология ғылымындағы бағыттардың бірі. Г.п. көрнекті өкілдері – А. Маслоу, К. Роджерс, Г. Олппорт т.б.
Детерменизм — психикалық құбылыстардың себер-салдарлық байланысын түсіндіру.
Интроспекция (өзін-өзі бақылау) — адамның өзінің ішкі жан дүниесінің психикасын бақылау.
Зейін – адам санасының қандай-да бір нәрсеге, құбылысқа немесе іс-әрекетке бағытталуы және шоғырлануы.
Көзқарас – адамның, әлеуметтік топтың немесе тұтас қоғамның айналада болып жатқан үрдістерге және құбылыстарға қатысын айқындайтын дүниетанымдық категория.
Мотив – қажеттілікті өтеуге құштарлықтан туындаған іс-әрекетке түрткі.
Онтогенез — балалық шақ кезеңінде индивид психикасының негізгі құрылымдарының қалыптасу үрдісі.
Өзіндік сана – адамның өзін және жеке қасиеттерін түсінуі. Адамның өзі кім екендігіне ой жүгіртіп, бойындағы күш-қуатын, ақыл-ойын, қабілеттілігін, әрбір іс-әрекеттерін атқарудағы ниеті мен мақсат-міндетін, өзін қошаған орта мен әлеуметтік жағдайға, өзге адамдарға, өз басына деген көзқарасын білдіретін қасиеттерін анықтауы, аңғаруы.
Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның өзінің тұлғалығын алдына қойған мақсатына сәйкес қалыптастыруы. Үлкендердің көмегінсіз ө.-ө.т. қиын. Ө.-ө.т. жеткіншек жас шағында бағдарламаны ұйымдастыруды талап етеді. Ө.-ө.т. – адамның моралдық қасиетінің бір түрі.
Практика— адам іс-тәжірибесін білдіретін әрекет.
Психиканың дамуы — психикалық үрдістердің белгілі-бір заңдылықтарға бағынып өзгеруінің сандық, сапалық және құрылымдық жаңа құрылымдарда бейнеленетін өзгерістер.
Сана — психикалық бейнелеудің жоғарғы деңгейі.
Тест — анықталған психологиялық қасиеттің даму деңгейін тез және объективті өлшеуге арналған стандарттандырылған тапсырмалар жүйесі.
Теория — ғылыми принциптер жүйесі.
Фактілер — шындық, ақиқат, қорытынды дегенді білдіреді; шындығы дәлелденген білім.