Еңбек психологиясы пәнінен глоссарий

Еңбек — адамзат іс әрекетінің тарихи қалыпты түрі.

Профориентация — кәсіби бағдар

Адаптация — бейімделу, кәсіби бейімделу.

Консультация — кәсіби кеңес беру

Кәсіптік бағдар — білім берудің жеке сала

Әлеуметтік қызмет  — қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындау тұрғысынан қарау.

Экономикалық қызмет — жұмыс өнімділігі мен кәсіби ынтасын арттыру, жұмыс уақытын үнемдеу

Психологиялық-педагогикалық — қызмет жеке бастың өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес мамандық таңдау кезінде оларға көмек көрсету

Медициналық-физиологиялық қызмет — жеке адамның физиологиялық ерекшеліктерін ескеру, сол саладағы қызметті жүзеге асырудағы көмектесі.

Кәсіптік ағарту — кәсіби және қоғамдық қызметтерге деген көзқарасын, түсінігін, іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру

Кәсіптік таңдаудың қызметі — адамның белгілі бір түріне жарамдылығын анықтау

Профессиографиялық  зерттеу — берілген еңбек түрінің кәсіптік сипатын көрсету үшін оқушының белгілі бір кәсіпті өз бетінше әр қырынан үйренуі

Қабілет — іс -әрекетінің сәтті орындалуын қамтамасыз ететін жеке адамның психологиялық қасиеттерінің жиынтығы

Интеллектуалды қабілет – ақыл-ойдың айқындығы, логикалылығы, тереңдігі, кеңдігі, алғырлылығы, сыншылдығы.

Мотив (ниет) — белгілі бір іс-әрекетке итермелеуші күш.

Қажеттсіну — адамды белсенді іс-әрекетке келтіретін күш

Іс-әрекеттің мақсаты – іс-әрекеттің болашақ нәтижесін алдын ала санада болжау.

Интериолизация — сыртқы нақты іс-әрекеттің саналық ішкі әрекетке ауысуы

Экстериолизация — сырты заттасқан әрекетті әрдайым ішкі психикалық әрекеттің тысқы көрінісі.

Саналы іс-әрекеттің бірінші формасы — қару дайындаудың қажетті шарты бола тұра, болжау сананың ең алғашқы көрінісі.

Эргономика — еңбек әрекетіндегі адамды зерттейтін ілім.

«Эргатикалық» дегеніміз  берілен эргатикалық системаларды анықтайтын кез келген функция

Ф.Тейлор өндірістік жағдайлардағы адамдарды басқару мәселесінің ең алғаш ғылыми негізін жасады.

К.Моррель  жылы ағылшын ғалымдар тобын ұйымдастырып «Эргономикалық қоғам» құрды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *