Отандық және шетелдік еңбек психологиясына шолу
Келер жүз жылдықта шынайлылықты зерттеу онтологиясының өзгеруіне алып келеді. Бұл феноменнің сымдарына жатқызуымызға болады:
- еңбек субьектісі: қызметкер- жұмысшы- маман- кәсіпкер –күшті кәсіпкер;
- қосылған еңбек субьектісі: қызметкерлер- кадрлар- персонал- адмдық ресурстар және т.б.
Пәннің өткен және тарихының актуалды жағдай ретіндегі эволюциялық стадиясын көрсету жеткіліксіз. Сол себепті үш тарихи стадияны көрсетеміз:
- еңбек психологисының классикалық түрі (XIX ғасырдың соңы мен XXғасыр бірінші жартысы)- адамның еңбек қабілеттілігін өлшеу міндеттерінің шешімін сипаттайды (кәсіби таңдау, іс-әрекетке дайындығының бағасы).
Еңбек психологиясның классикалық емес түрі (XX ғасырдың екінші жартысы)- гуманистік парадигма критерилерінің кірісуімен, психологиялық мәнділіктің қалыптасуы міндеттеріне бағытталумен (кәсіби дайындық, кәсіби қажеттілік, іс-әрекеттің индивидуалды стиліиен) сипатталады.
- еңбек психологиясынның постклассикалық емес түрі (XX ғасырдың басы мен XXI ғасыр)- жаңа методологиялардың белсенділігі мен көп жағдайда синергенетиканың көрінуімен, заттық пәндер аймағына жаңа сапалы фрагменттердің енгізілуімен сипатталады. Ережеге сай, оларға эффективті субьективті шындық, обьект пен субьектің қатынасын көрсететін: адам-машина кешенінің қалыптасуынан көрінетін еңбек мағынасы, кәсіпкерлік, кәсіби идентификация, кәсіби қалыптасудың дағдарыстары, жүйелік қасиеттер болып табылады.
Шетелдегі еңбек психологиясының тарихы
Психологияның өзіндік пән ретінде қалыптасуына 1879 жылғы атақты неміс психологы В.Вундттың басшылығымен Лейпциг университетінде дүние жүзінде тұңғыш ашылған эксперименталды психологиялық лабороториямен байланыстырады. В.Вундттың жеке психикалық фукцияларды зерттеуі аналитикалық зерттеу әдістерін жасалуына себеп болды, сонымен қатар кәсіби жарамдылық бағасының негізгі амалдарын анықтады.
Еңбек психологиясы қалыптасуының негізгі детерминантты үштігін көрсетеміз: әлеуметтік тапсырыс мазмұны, психотехникалық амалдардың дамуы, өндірісті басқаруды оңтайлы ету. Әлеуметтік тәжірибе мен еңбек психологиясының потенциалды мүмкіндіктері сферасының даму аспектісінде, ғылыми өзіндік және қосалқы пән ретінде оның қалыптасуы қоғамдық өндіріс пен мемлекеттік реттеу жұмысшылар мен жалданған жұмысшылардың қатынасының дамуымен дайындалған.
XIX-шы ғасырдың екінші жартысында сәйкес заңдылықтар базасы жетілдірілді. Европаның дамыған елдерінде еңбек жайлы заңдылықтар оның гигиенасының қауіпсіздігі, балалар еңбегін қорғау, зақым болған жағдайда еңбектенушілерді қорғау: Швейцарияда- 1877 жылы, Англияда- 1878ж, Австрия- 1883-1885 жылы, Швецияда- 1885жылы, Италияда- 1888жылы, Бельгияда- 1889 жылы, Германияда- 1891 жылы, Норвегияда- 1892 жылы, Францияда- 1896жылы, Ресейде- 1903 жылы енгізілді.
Фабрикалық заңдылықтар мен заңның енгізілуі жұмысшылар мен еңбек етушілер қатынасының мемлекеттік құралы ретінде қызмет етті. Заң әр кезде эффективті болған жоқ, бірақ қоғамда ақырындап жаңа жүйе құндылықтары қалыптасты. Адамдардың еңбек қатынасындағы әлеуметтік перспективалары кеңейді, және ол жаңа гуманитарлық пәндердің заттық аймағының қалыптасуына себепші болды.
Еңбек психологиясының жекелей пән ретінде қалыптасуына, өнеркәпіс өндірістерінің шоғырлануы мен өз бетімен дамуы мен дайындығы, өнеркәсіп технологияларының, жаңа кәсіп пен транспорт түрлерінің пайда болуы себеп болды. Келесі үштік детерминанттынан тұратын- XX ғасырдағы психотехникалық амалдардың дамуын қарастырамыз.
Альфред Бине (1957-1911)- Франциядағы экспериментальды психологияның негізін салушы, индивидуалды айырмашылықтар психологиясы жаңа пәннін қалыптастырушы. 1896 жылы «Индивидуалды психология» атты А.Бине мен В.Анридің еңбегі шықты, В.Штерннің ойынша осы еңбек жаңаин кәсіби облыстағы бағдарлама болды. 1905 жылы А.Бине дәрігер Т.Симонмен бірігіп «инттеллектуалды дамудың метрлік шкаласының» бірінші вариантын жасады. Бұл қалыпты мектептердегі ақыл-ойы кем балаларға және дарынды класстардағы балалардың қабілеттілік бағасы негізінде іріктеуге арналған. Бұл әдістің ақыл-ой жасының бағасының дамуы Л.Терменнің ақыл-ой қабілеттілік коэффициенті атауын алды, ал кейіннен- интеллект коэффициенті (IQ). 1916 жылы Л.Терменнің Стэнфорд университетіндегі жасалынған нұсқысы Стэнфорд- Бине шкаласы деген атақ алып, басқа елдерге тарады. 1911 жылы В.Штерннің «Дифференциалды психология және оның методологиялық негізі» атты кітабы шығады, автор онда адамдардағы «ғылымды психикалық функциялар мен қаситтердегі қалыптасқан айырмашылық » деп қарастырады.
Еңбек психологиясы біріншіден, индустриалды психотехника (өнеркәсіптенген, кәсіби психология) белсенді дамып келе жатқан, жұмысшы деген тікелей орындаушының іс-әрекет жоспарын зерттеу. 1900 жылы Вильгельм Штерн қосалқы психологияны анықтау үшін «психотехника» яғни, «болашаққа бағытталған, қоғамдық өмір міндеттерін шешуге ұмтылған» терминін ұсынды. Өз кезегінде индустриалды психотехниканың қалыптасуы еңбек психологиясы мен дифференциалды психологияның дамуына стимулдады. Психологиялық кәсіби іріктеу психотехниканың орталық бағытталуының бірі болды.
Психотехниканың негізін салушылардың бірі Г. Мюнстенберг былай жазған: «психотехника- мәдени міндеттерді психологияны практикалық қолдану туралы ілім». ХХ-шы ғасырдың 20 жылдарында ғалымдар психотехниканың үш негізгі мәселесін ажыратқан:
- Кәсіптік іріктеу мен кәсіптік кеңес беру арқылы сәйкес келетін адамдарды іріктеу;
- Еңбектің ең жоғарғы өнімділігіне жету;
- Қалаған психологиялық жетістіктерге жету.
Бұл ғалым психотехниканың кілттік міндеттерін, профессиография әдістері мен принциптерін анықтаған, кәсіби іріктеудің орындалуына, кеңес беруі мен бағытталуын нұсқаулық етуші. 1908 жылы Бостонда дәрігер Ф.Парсонс жастардың мамандық таңдауы бойынша бірінші кеңес беру бюросын ашады. Жеткіншектер мен жас адамдарға негізгі индивидуалды кеңес беру ғылыми әдістер болмады, ол зерттеушінің интуициясы мен өмірлік тәжірибесі арқасында адамдардың индивидуалды ерекшеліктерін бақылау болды. Бірнешеден кейін Ф.Парсонс Г.Мюнстербергке бұл ғылымның негізіндегі іс-әрекеттің жасалына көңіл аудартады. Осылайша кәсіби сферада жаңа – кәсіби бағытталу бастамасы қойылды.
XX ғасырдың басында А.Бине, Г.Мюнстерберг, В.Штерн және басқалары жаңа интегралды пәннің қалыптасуын әдістік және әдістемелік сілтемелер дайындайды, шындығында, кәсіби іріктеулер міндеттерін табысты шешу үшін.
Үшінші үштік детерминантын пәннің қалыптасуы тізбегінде қарастырамыз. Өндірістің тез қарқынмен кеңейуі, өнім бағасының төмендеуі ғылыми білім бағытталуын талап етті. Ғылыми басқарудың пионері болып американдық инженер Фредерик Уинслоу Тейлор болды. 1895 жылы ол басқару әдістерін жасауға кірісті, оларға жүйелі міндеттер, негізінде аталған «Тейлор жүйесі» кейіннен, ғылыми менеджмент атауын берді. Ол бірінші болып өзіне белгілі болған өндірістік басқаруды жүйеледі және бөлді, және жаңа амалдар ұсынды. Ф. Тейлор өндірістік жағдайлардағы адамдарды басқару мәселесінің ғылыми негізін ең алғаш көтерген. Оған дейін техниканы басқару мен фабриканы басқару мәселелері айтылған. Тейлордың эволюциялық қөзқарасты үш кезеңге бөлеміз:
- ақы төлеу жүйесі – жұмысшының әрекетіне қарай жалақысы сайболуы, негізгі әдісі – жұмыс уақытының хронометражы.
- жұмыс өнімділігін емес, керісінше, жұмыс әдісін бақылау — өте ауыр жұмысқа максималды жалақы көлемі, өте жеңіл жұмысқа – минималды жалақы көлемі төленуі.
- «функционалды әкімшілік» жүйесі – басқарудың бір ортаға шоғырлануы.
Тейлор жүйесінің негізгі міндеті — әр жұмысшы жағдайының максималдығын кәсіпкердің максималды түсетін пайдасымен байланыстыру. Тейлор жүйесінің негізгі төрт қағидасы бар:
- Барлық жұмысшылардың іскерлік пен дағдыларын топтастыру жәнежинақтау;
- Ғылыми ұстанымдар негізіне сәйкес белгілерді мұқият іріктеу;
- Жұмысшылар мен әкімшілік жүзеге асыру, мысалы: тез істелген жұмыс үшін күнделікті мен жакапкершілігін тендей етіп бөлу;
Тейлор жүйесі жұмысты ұйымдастыру мен басқарудың тиімді әдістері, қағидалары мен қөзқарасы, тейлоризм әлеуметтік құбылыс, ғылымның алдыңғы жетістіктерін қолдана отырып жоғарғы өнім пайда алу.
Кейінгі еңбек әрекеттерін зерттеу бағыттарын жас жұбайлар Фрэнк Банкер Джилберт (1969-1924) пен Лилиан Джилберт (1878-1972) жүргізді.Бастапақыда Ф.Тейлормен тығыз қызметтестікте Ф.Джилбрет циклографикалық және хронографиялық әдістерін жасады. 1920 жылдары олардың классификациясын жасады, жасалатын операциялардың барлық детальдары көрінетін технологиялық картаны жасады. Жұбайымен бірігіп жұмыс микор қозғалысының мәселесін, еңбек шаршауын зерттеген, өнімді басқару эффективтілігінің негізгін қалады.
XX ғасырдың басында Генри Форд массалық өнеркәсіпті ұйымдастырудың тәжірибешісі мен беделді теоретикігі болды. Ол кәсіби дайындық жүйесін ұйымдастырды, жұмысшылардың өмір жағдайларын белсенді өзгертті, мектептер мен ауруханалар салды.
Классикалық мектепті басқарудағы адам мотивациясының еңбекке және тұлғалық түсініктері, адамдық қатынастар мектебінің қалыптасуына алып келеді. Еңбек психологиясы қалыптасуына басқа да көзқарастар, пікірлер, концепциялар ықпал етті. «Еңбек мотивациясы» концепциясы – Э.Мейо, А.Маслоу еңбек мотивациясын айқындауды былайша ажыратады:
— Физиологиялық және жыныстық қажеттілік;
— Экзистенциалдық қажеттілік;
— әлеуметтік қажеттілік;артық болу қажеттігі;
— жоғарғы рухани қажеттілік.
1950-1960 жылдары теориялар жүйесі мен функционалдық-құрылымдық әдістер анализінің қалыптсауы мен бағытталуына «әлеуметтік жүйе мектептері» идеясы әсер етті. Оның жетекшілері болып- Ч.Бернар, Г.Саймон, Ф.Селзник табылады, олар «индивид», «формальды құрылым», «формальды емес құрылым», «статустар», «ролдер», «физикалық және әлеуметтік орта» компоненттерін ұйымдастыру жүйесі ретінде қарастырады.
1960-1970 жылдары қазіргі уақытта қолданылатын жағдайлық амалдар ұйымдастырылады. Оның лидерлері болып Р.Моккер, Дж. Вудсворд, Д. Ломбард табылады, олар жағдайлық ролдердің идеяларын, басқарудағы факторлерін дамытты. Олардың пайымдауларынша, ұйымдастыруды басқару мен өндірістік процесстерді қолдануда бірлік ережелер жоқ.
1930 жылдардың соңында техника потенциалы сәйкесінше, олармен басқаратын, адамдардың жауапкершілігі мен ролі көбейеді. Осы жоспарға сай кәсіби жарамдылық, мамандарды дайындау, олардың іс-әрекетінің сенімділігі сұрақтары актуалды болып келеді. Инженерлік психология- жаңа пәннің негізі қалыптасады. 1950 жылдағы кәсіби іс-әрекетті зерттеудің сандық әдістері, зерттеу операциялары деген жеке бағытпен бірігеді. 1920 жылы Женеведе бірінші Халықаралық психотехникалық конференция өтті, онда Халықаралық психотехникалық ассациация ұйымдастырылды. Оның президенті болып 1920 жылдан 1941 жылғы дейін Э.Клапаред болды.
Ресейдегі еңбек психологиясы
Пәннің эволюциясын үштік триадасында: шетелдік, кеңес еңбек психологиясы, кәсіби терең (авиациондық) қарастырамыз. Біріншіден Ресейдегі еңбек психологиясы шетелдің индустриалды психологиясы сияқты дамыды. Физиология мен еңбек психологиясының зерттеу аймағында қалыптасуы И.М.Сеченовтың атымен, оның еңбек дағдылары, белсенді демалыс қызметі үшін еңбек қабілеттілігін қалыпқа келтіруін зерттеумен байланысты.
XX ғасырдың бірінші периодын ғылыми және практикалық тәжірибенің жинақталуымен сипаттауға болады. Мәскеу мен Петербург қаласындағы Тарту мен Симферополя университеттері мен Петербургктегі әскери-медециналық академияларында диагностикалық әдістерді зерттеу жүргізіліп, жасалды. Нобель сыйлығының иегері академик физиолог И.П.Павлов іс-әрекеттің жоғарғы жүйкесін эксперименталды зерттеуге кірісті.
Еңбек психологиясындағы ғылыми және практикалық жұмыс аймағы азаматтық соғыс аяқталғаннан соң едәуір жандандырылды. Өндірістік еңбек өрлеуінің мәселесі, экономиканың қалпына келуі, елдердің өмір сүруі мен мемлекет тәуелсіздігінің сақталуы проблемасы болды.
1921 жылдың өзінде Ресейдегі еңбек психологиясы өзін кемелденген ғылым ретінде мақұлдады. Сонымен қатар еңбек психологиясына еңбегі сіңген ресейлік ғалымдарды атай аламыз, олар: В.М.Бехтерев, Н.А.Бернштейн, С.Г.Геллерштейн, И.Н.Шпильрейн. 1920-1930 жылдары ғалымдар қолдауы мен энтузиазмдарынның арқасында еңбек психологиясында едәуір табыстар анықталды. Орталық еңбек институтының ұйымдастырушысы мен директоры Алексей Капитонович Гастев болды. Оның жетекшілігімен өндірістік ұйымның экспреттік жүйесі, еңбек постының және жұмыс орнының проективті ұйымдастырылуы қалыптасты. Психотехника Қарулы Күштердегі елдерде қолданды: әскери топтың әртүрлі прфессиографиясының міндеттері шешілді, күрес қабілеттілігінің бір бөлігін таңдау, комқұрамды іріктеуге, әскери мамандыққа кәсіби іріктеу (ұшқыштар, атқыштар, радиотелеграфистер), әскери мамандарға оқыту әдістерін қолдану.
1933 жылы психотехнология өнеркәсіп салаларында – металлургия, машина құрастыру, таулы және нефттік, байланыс, тігін өндірістерінде қолданулар пайдаланылады. 1930 жылдары кәсіби кеңес беру мен кәсіби іріктеу сұрақтарына 141 ғылыми-практикалық бөлімшелер жасалынды. Көпсандық психофизиологиялық лабораториялар кәсіби жұмыс қабілеттілігі, жұмыс режимі мен құралдардың рационализация, еңбек қалыптарын негіздеу, травматизмнің өнеркәсіптік профилактикасын зерттеумен айналысты.
1970-1980 жылдары жоғарға оқу орындарында, министрлікте, ведомостерде құрылымдық бөлімшелер пайда болады, мамандарды кәсіби іріктеуі, олардың дайындықтары, жұмыс орындарының эргономикалық проективтілігі, олар практикалық міндеттерді шешуге және әдістер жиынтығы мен мәселелерді зерттеуге бағытталған. 1980 жылдың соңы мен 1990 жылдары Ресейде бірінші психологиялық қызмет пайда болады, ол өзіне қатысты жекелей тәжірибелік психологиялның тууына себеп болады.
Авиациялық психологияның тарихы
Еңбек психологиясының бір саласы болып келетін Ресейдегі авиациондық психологияның қалыптасу тарихына қарастырамыз. 1909 жылғы ұшқыштың өлімінің жағдайын талдай келе, Бүкілресейлік ұйымның әуеклубы дүниежүзінде бірінші болып ауаменжүзушілерді іріктеу сұрағын қойды. 1909-1912 жылы әскери-меденициналық академияда В.М.Бехтерев, В.В.Абрамовтың клиникасында ұшқыштарға психологиялық әдістерді қолданудың психологиялық-клиникалық зерттеуін жүргізді. Авиацияны құрастырушы және теоретик Н.Е.Жуковский бірінші болып психологиялық факторлардың роліне, кандидаттың кәсіби жарамдылығының шектелуіне мән берген.
1917 жылы Петроградта пилоттардың іс-әрекетінің аранайы зерттеуі мен авиацияға психологиялық іріктеудің әдістемелік қамтамасыз ету комиссиясын қалыптастырады. Үш жылдық зерттеу негізінде авиация дәрігері С.Е.Минц «психотехникалық зерттеу жолы» арқылы кандидаттарды іріктеу қажеттілігінің керек екендігіне алып келеді.
1920 жылдыра психотехникалық бөлімшелердің салаларында қалыптасады: транспорттардағы Орталық психофизологиялық лабораторияда, почта және телераф орталық психотехникалық лабороториясында, Қызыл армияның крестьяндық жұмысшыларының Орталық психофизиологиялық лабороториясы қалыптасады.
Авиациондық мектепке психологиялық іріктеу үшін мынадай критерийлер кіреді: ойлау логикалығы, реакция жылдамдығы, реттеу, зейінің тұрақтылығы мен көлемі, көзөлшемі, жігерлік, батылдық, икемділік тағы басқа сапалары.
1946 жылы кәсіби жарамдылықтың анықталған тәжірибесін талдай келе, С.Г.Геллерштейн екі генералды бағытты: синтетикалық және аналитикалық көрсеткен. Бірінші бағыттағы әдістер әртүрлі тренажорларды қолдануға ұйғарылады, екінші әдіс жеке референтті көрсеткіштердің әдіс бағасына сәйкес табысты іріктеуіне бағытталған. Екінші бағыт арнасында К.К. Платонов 1947 жылы табысты және табысты емес ұшқыштардың, үлгеретін және үлгермейтін курсанттардың индивидуалды ерекшеліктеріне зерттеу жүргізеді. Ғалымдармен алған сенерліктей көрсеткіштері бойынша «Курсанттар мен ұшқыштардың индивидуалды-психологиялық сапалығын зерттейтін әдістемелік нұсқау» жасалынды. Ол 1951 жылы шығарылды.
|
Бағыттар
|
Қосымша аймақтар
|
|
Әуемедициналық психологиясы |
Әуедегі қозғалыс басқармасы диспечері мен жаздық құрамдарға дәрігерлік-жаздық экспертиза мен медициналық бақылау. |
|
Әуепедагогикалық психология |
Диспечерлер мен басқа да авиациялық мамандарды оқыту, қайталау жаздық құрамды жетілдіру; ұшуды орындау сапасын талдау және бақылау. |
|
Әуе қозғалысы мен ұшу басқармасын ұйымдастыру психологиясы |
Әуе қозғалысы мен ұшуды жоспарлау, ұйымдастыру және жетекшілік ету; |
|
Инженерлік-әуе психологиясы |
Жабдықтау, құрастыру, эксплутация және авиациондық техникаларды жетілдіру, ұшуды аранайы аппаратуалармен жабдықтыру. |
Қысқа период ішінде авиациондық психологияның даму шеңберінде өзіндік бағытталулар пайда болуда, жаңа интегралды ғылыми пәндердің қалыптасуы байқалады, олар К.К.Платоновтың кесте түрінде берілген (К.К. Платонов бойынша ) авиациондық психологияның негізігі бағыттары.
Қоғамдағы даму беталыстары, еңбек субьектісінің көрінісі мен қоғамдық. XV-XVII ғасырда Еуропада әлеуметтік даму типті қалыптасты, бұл техногендік қоғамның қалыптасуна ықпал етті, сонымен қатар басқа елдердіңі тарихи қоғамына әсер етті. Техногендік цивилизация 3 стадиядан өтеді:
- индустриалдылық алдында
- индустриалды
- индустриалдылықтан соң.
Бұлардың маңызды тарихи матрицасы болып техника мен технологияның дамуы негіз болады. Даму тек инновациялық сферадағы тура өндіріс арқылы өтпейді. Барлық ғылыми білімнің генерализациясындағы техника-технологиялық процесстерден болады. Шетелдерде екінші және үшінші мыңжылдықта ғылыми-техникалық прогрессте маңызды глобалды дағдарыс болған. Бұндағы ең бірінші глобалды проблема болып, ғалымдар пайымдауынша, адамдық тұлғалықты, адамды биоәлеуметтік құрылым ретінде сақтап қалу деп санады.
XX ғасыр арсындағы жекелей ұйымдардың масштабтарындағы тарихи беталысты қарастырамыз, ғалымдар мен тәжірибешілер көрсеткендей, қазіргі кәсіпорындардағы іс-әрекет табысының негізгі болып:
- Барлық кәсіпорын бөлімдерінің нарықтық мінез-құлыққа бағытталуы (технология, өнімдер дизайны, жұмысшыларды алу мен іріктеу, өткен тәжірибеде қызметкерлердің идеясы мен талаптарын қолдану).
- Партнерлік қатынас пен қызығушылық балансын орнату (қызметкерлермен, клиенттермен, шектестіктер мен және басқада ұйымдармен).
- Қызметкерлердің іс-әрекетіндегі жалпылай және индивидуалды эффективті шарттардың көтерілуін қалыптастыру (персоналды компьютерлер, ноутбуктер, автомобильдер, икемді графиктер, жұмыстар).
- Орталықты басқару, барлық жұмыскерлер сандары үшін өкілеттілікті басқаруды кеңейту.
Осы арнада бұл негіздердің шыңдалуын саяси кадрлерінде былай пайымдайды:
- іріктеу мен жұмысқа алудың негізгі қатынасы, қызметкерлерді оқыту мен бағалары.
- еңбек келісімін қоытындылау.
- жұмысшылардық тілектері мен индивидуалды қалаулары, карьерлік өсудің перспективаларына, келешектегі іс-әрекет сипаттамаларына ақпараттанған келісімді адекватты құқықтары.
Тарихи беталыстарға сай қоғамдық өнеркәсіптің дамуы мен оның барлық құрамы өзгерді. Сол себепті XX-шы ғасыр шегінде өнеркәсіп орындарында, мемлекеттік және жекеменшіктерде приципиалды түрде барлық қоғамдық доминанттар өзгерді. Жалпы беталыстар былайша тізбектеледі: «кірісті алу- нарықтық тойым- нарық сегменттерін басып алу- типтік тұтынушыға бағытталуы- имидждің қалыптасуы (тауар, шарттар)- тұтынушының субьективті күтулерін қалыптастыру мен есепке алу».
XX ғасырда психология дамуының салдарынан, кадрлік технология класстарының жалпы қалыптасуы себеп болды. Дж.Ньюман мен Б.Мейсон кадрлік менеджменттің қалыптасуына үш тарихи моделдерді ұсынады:
- Коллективте психологиялық климат пен еңбек гигиенасына қамқоршысы, психология мен әлеуметтік өндіріс аймағында дайындығы бар, жұмысшыларына қамқоршы ретінде, персонал бойынша менеджер.
- Қызметтік араласуларды ескеруші, келісім шарттары бойынша жұмысшыларына администірлік бақылауды қалыптастырушы, еңбек келісімнің маманы ретінде, персоналы бойынша менеджер.
- ұйымның көпуақыттық стратегиясын реализациялаушы және жобалауда басқарушы орынын ойнаушы, жоғарғы жетекшілік құрамына кіретін, кадрлік потенциалдың кәсіби құрылымына және адекватты ұйымдастыруды қамтамасыз ететін кадрлік потенциалды ұйымдастырушы архитектор ретіндегі менеждер.
Жалпы кадрлік саясаттың мазмұны, оның кілтітк қызметі мен кадрлік құрылымның бөлімшелері көкейкесті өзгеруде. Паралеллді ұйымдар түсінігінің мәні, компаниялар, кәсіпораындар, фирмалардің өзі векторлық тізбек бойынша өзгеруде:
- автаномды өзіндік қамтамасыз етуден – жеке адамдар мен серіктес шекараласытыққа және ішкі ұйымдар мен көрсетілмеген кәсіпорындар мен фирмаларға дейін.
- ирархиялық және орталықтандырылған құрылымнан- пластикалық орталықтануға дейін;
- патриархалдық басқару моделінен- жұмысшылардың көп сандық өкілетті өкілденіуне дейін;
- өнімдердің төмен және жоғары көлемге бағытталуынан- сапаға, жаңаға, жылдамдыққа бағытталу;
- субьктінің қатесіз жұмысынан- оның икемді процесстері мен өлшенетінін оңтайлы етуге дейін;
- жабық ұйымдардан- қоғамдағы ашық қатынастар жүйесіне дейін;
- еңбек субьектісінің еңбек қызметінің шектелуінен- адам потенциалының тұлға, индивидуалдылық ретінде дамуына дейін.
Жалпылай келе, ғылыми-тәжірибелік міндетттердің үштігін көрсетеміз (пәндер шеңберінде):
- іріктеу;
- дайындық;
- психологиялық еріп жүру (сопровождение).
Сонымен қатар, әлеуметтік міндеттердің үштігін көрсетуге болады:
- ең жарамды психотехникалық амалдарды іріктеу ;
- персонал іс-әрекетін оңтайлау мен өнеркәсіпті басқару;
- адамдық ресурстарды жедел реттеу.