Қазақстан Республикасы мектептеріндегі тарихтан білім берудің қазіргі құрылымы

 

1.Қазақстан Республикасы мектептеріндегі тарихтан білім беру мазмұны.

Тарих пәні бойынша оқу жоспары.

Тарих пәні бойынша оқытуды ізгілендіру.

12  жылдық білім беруге  көшу, тарихтан білім беру мазмұны.

      Қазіргі қоғам оқытушылардан үздіксіз, жүйелі де берік білім беруді іске асыру міндетінің орындалуын талап етуде. Әр оқытушы осы бағытта оқу үрдісінің жалпы мазмұнын білу, кәсіби терең білімнің болуы және білім беру құжаттарымен жұмыс істей білу талаптарын орындап, іске асыра білуі шарт

 Білім берудегі негізгі міндеттердің бірі – білім беруді жетілдіру, талапқа сай оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру. Білім беру – оқушылардың ғылыми білімдер жүйесін меңгеру, танымдық дағдысы мен ынтасын, дүниеге көзқарасын қалыптастыру, шығармашылық қабілеті мен күшін, адамгершілік қасиеттерін дамыту үрдісі.

      Білім беру мазмұны – оқу іс әрекетінің нәтижесі, оқуды аяқтауда талап етілетін нәтижелер. Ғылыми білімдер, дағды мен ынта, дүниеге көзқарас, таным, шығармашылық іс тәжірибелердің оқушылардың оқу арқылы меңгеруі, қоғамдың іс тәжірибенің ұрпаққа берілуі.

Білім беру мазмұнының бағыттары : білім, іскерлік, дағды.

Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар :

Білім беру мазмұны қазіргі білім беру деңгейіне сай болу керек.

Білім беру мазмұны оқушылардың психологиялық мүмкіншілігі мен дамуына сай болу керек.

Жеке адам білімді қажет етуі, таңдауы керек.

Білім беруді анықтайтын құжаттарға: білім стандарты, оқу жоспары, оқу бағдарламалары, оқулықтар жатады. Оқу үрдісін ұйымдастыратын әрбір оқытушы аталған құжаттармен жұмыс істей алуы керек. Себебі олар білім алудың негізгі құралдары болып табылады.

        Білім беру стандарты дегеніміз – Республикадағы білім саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық мәнді құжат. Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 бабы, 4 тармағында Былай деп жазылған : « Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті қалыптарын ( стандарттарын ) белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі сол қалыптарға сай болу керек.».Мемлекеттік білім стандартын енгізу « Білім туралы» Заңға да сәйкес келеді.

Оқу жоспары дегеніміз – пәндер бірізді жүйелі құрылып, оны оқыту мерзімі, әр пәннің сағат саны көрсетілетін нормативті құжат.

Оқу жоспары :

оқу жылының, тоқсандардың демалыс күндернің мерзімін,

оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін,

әрбір оқу жылы бойынша оқу тәртібін және ретін,

әр пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін мемлекеттік құжат.

Оған сәйкестендіріліп:

-типті оқу жоспары,

— оның негізінде оқу жұмыс жоспарлары жасалады.

Оқу жоспары – білім стандартының ең басты межесі, ол білім беруде,

білім мазмұнының төменгі шегін ( min )

оқуға бөлінген уақыттың төменгі шегін

оқушы жүктемесінің жоғарғы шегін ( max ) анықтап береді.

Барлық пәндер мазмұнына ұлттық мәдениет пен педагогика тәжірибелерін енгізуді,

Білімді ізгілендіруді,

әр пән бойынша оқытудың әдістемелік жүйесін жаңартуды,

әр пән немесе курс бойынша оқу-әдістемелік кешендер жасауды көздейді.

Оқу жоспары екі бөлімнен тұрады : инвариантты, вариативті. Инвариантты оқу жүктемесінде міндетті оқитын білім мазмұнының бөлігі шоғырланған, яғни негізгі міндетті оқитын оқу пәндері мен оған бөлінген сағат сандары көрсетіледі. Вариативті оқу жүктемесінде оқу орнының мүмкіндіктері, оқушылардың қараулары бойынша таңдау сабақтары қарастырылады.

Базистік оқу жоспары негізінде білім беру мекемелерінде оқу жұмыс жоспарлары жасалады. Онда ағымдағы жағдайлар, әр топтардың ерекшеліктерін ескере отырып жасалады. Оны оқу ісінің меңгерушісі, бөлім меңгерушілері жасайды. Ол әр мамандыққа ондағы топтарға негізделіп жасалады. Онда, оқылатын пәндер тізімі, сағат саны, оқу мерзімі, оқу апталары, теориялық, практикалық сағаттар, курстық, бақылау жұмыстары, оларға бөлінген сағат көлемі, бақылау түрлері, оларға бөлінген сағат мөлшері іс-тәжірибе көлемі, уақыты, каникул уақыты көрсетіліп, қарастырылады. Оқу жоспары негізінде білім мекемелерінің ішкі оқу-тәрбие жоспарлары жасалары.

12  жылдық білім беруге  көшу, тарихтан білім беру мазмұны.

Тарихи білім беру қазіргі қазақ қоғамын демократияландыру басымдылық маңызға ие болады, өйткені тарих ғылымы бүгінгі күннің ақиқатымен тығыз байланысты. Мемлекеттік тэуелсіздіктің қалыптасуы кезеңінде қазақ қоғамын демократияландыруды тереңдету меен ілгерлік өзгерістер тарихи білім мазмүнын, оқу материалын іріктеудің негізгі принциптерін өзгертуді талап етеді. . [11.4.] Тарих білім мазмүлын өзгертудің негізгі бағыттары мыналар:

тарих процесті оқып — үйренуге формациялық жэне өркениеттік
түрғыдан қүрауды оңтайлы үштастыратын тарихты оқып — үйренудің
негізгі эдіснамалық түжырымдамасын жасау;

Қазақстан   тарихын   жэне   дүниежүзік   тарихан   қатар   жүретін
пропедевтикалық курстарды енгізу;

мәдениет, дэстүрлер, этногенез, қоғамының рухани өмірінің тарихы
бойынша тарауларды кеңейту;

мектептік   курстарға   дүниежүзілік   тарихи   дамудың   жэне   отан
тарихының жалпы процестерін сипаттайтын тараулар енгізу;

Шығыс елдері тарихи бойынша тарауларды кеңейту;

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *