Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихын оқытудың ерекшеліктері

 

 

Мақсаты. Негізгі идеялар мен түсініктер, материал мазмұнын ашу әдістерінің ерекшеліктері, курстың оқушыларды адамгершілікке тербиелеудегі ерекшеліктері, Қазақстан тарихы курсының  құрылымы мен білімдік тәрбиелік мәні, сипаттамасы,  хронологиялық рамкасы, құрылымы және кезендерге болінуі және тарихи үғымдарды қалыптастыру жайлы білімді меңгерту

 Жоспар:

  1. Негізгі идеялар мен түсініктер. Материал мазмұнын ашу әдістерінің ерекшеліктері.
  2. Курстың оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ерекшеліктері. Мектепте 8-9 және 10-11 сыныптардағы Қазақстан тарихы курсының құрылымы мен білімдік тәрбиелік мәні, сипаттамасы,  хронологиялық рамкасы, құрылымы және кезендерге болінуі.
  3. Қазақстан тарихын оқыту процесінде тарихи үғымдарды қалыптастыру.

 

Тарихи түсініктерді қалыптастыру. Тарихи пәннің көптеген пэндерден ерекшелігі — негізінен өте ертедегі фактілерді, оқиғаларды баяндайтындығында. Оларды қүр атап айта салсақ оқушыды ешқандай білім қалыптаспайд. Білімді қалыптастыру үшін өткен оқиғаның, фактінің бейнесін оқушының көз алдына келтіре отырып, оларда сол оқиға туралы түсінік қалыптастыруымыз керек. Ал, түсініктер сезу, сезіну арқылы қалыптасады, ол екі тэсілдің көмегімен жүзеге асады: көру арқылы — демек көрнекі, техникалық т.б. көрінетін күралдар көмегімен жэне мүғалімнің тарихи фактіні суреттей, сипаттай айтуымен. Бүл міндеті жүзеге асыру үшін қандай факті, оқиға туралы тарихи түсінік қалыптастыратынымызды біліуіміз кеерк. Тарихи түсініктер үш түрлі объектілер туралы қалыптасуы тиіс.

а) қоғамның өткендегі барлық тарихын, фактілерді қамтитын: материалдық
өмір — тү-рмыс (еңбек қүралдары, адамдар кэсібі, шаруашылықтың түрлі
салалары т.б.), элеуметтік — саяси өмір (эртүолі таптардың өкілдері: қүл, феодал,
капиталист, жүмысшы, мемлекттікң қүрылыс т.б.), тарихи қайраткерлер, соғыс
тарихының оқиғалары (қару — жарақ, шайқас алаңын әскрлердің орналасуы),
тарихи — мэдени өмір (халық тү-рмысы, өнер т.б.) т.б. туралы түсініктер.

э) тарихи уақыт туралы (тарихи оқиғаның белгілі бір уақытта болуы, оқиғалардың реті, үлақтығы) түсінік қалыптастыру қоғамның пәрмеңці дамуын түсінуге мүмкіндік береді.

б) тарихи кеңестік туралы (тарихи оқиғаны сол эрекет — қимыл болған жермен
байланыстыру, тарихи оқиғаны монолизациялау — жергіліктендіру…) тарихи
география — географиялық ортаның оқиғаның, қогамның, мемлекеттің т.б.
дамуына қалай эсер ететіні туралы түсінік қалыптастырады.

в)    тарихи қозғалыс.

Сонымен тарихты оқыту барысында үш түрлі түсінік қалыптастырады екен.

Осы түсініктерді қалыптастырудың әдістемесін білу де маңызды. Өйткені ол үшін көптеген эдіс , тэсілдер қолданылады: ауызша эдістермен қатар, көрнекі қүрал, эсіресі — бояулы суреттер, схемалар, кестелер, аппликациялар, сынып тақтасы қосымша эдебиет т.б. Бірақ та оларды қолдану: 5-6, 7-8, 9-11 сыныптарда түрлдіше.

Тарихи үғымдарды қалыптастыру. Кез келген пэнді, ғылымды білу, меңгеру деген, оның үғымдар жүйесін меңгғру деген сөз. Мектеп қабырғасында оқушылар тарих пэнін жеті жыл оқығанда оларды 300-дей үғым қалыптастырады. Әрине олар тек тарих пэнінің үғымдары емес. Тарихи білімді меңгеруде үғымдарды қалыптастыру маңызды орын алады.

Оқыту барысында тарихи түсінік те үғым да қатар қалыптаса береді. Бірақ айыр- машылығы мынада. Тарихи түсінік эр оқушыда түрліше қалыптасуы мүмкін, ал үғым бэрінде бірдей қалыптасады немесе қалыптасуы тиіс.

Дүниетаным — адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары. Дүниеге көзқарас — ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу.

Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын қүрметтеуге тәрбиелеу;

Тарих курстарының, демек, Қазақстан тарихының да сабақтарында оқытылатын тарихи материалдың бәрі дерлік тәрбиелік мақсатқа пайдалануға колайлы. Өйткені тарих адамзаттың басынан өткізген тарихи-мәдени тәжірибесін, алдымен күндылыктарын оқытып үйретуді мақсат етеді.

Қазакстан тарихының барлык сабактарының алдына белгілі бір тәрбиелік міндет қойылады десек, мұның өзі тарихшы мүғалімге үлкен жауапкершілік жүктеледі деген сөз.

Қазакстан Республикасы азаматтарын тәрбиелеу мәселесі казіргідей мемлекеттік деңгейде колға алынып отырғанда, бұл істе мектеп шешуші орын алатыны белгілі. Бұған барлык пәндер үлес косуға міндетті.

Мұндай маңызды міндетті ойдағыдай орындау, әрине, алдын ала дайындыкты талап етеді. Ол үшін мұғалім өзі сабақ беретін сыныбы аныкталысымен, сонда окытылатын тарих курстарының Мемлекеттік білім стандартымен, оку бағдарламаларымен, окулықтарымен, оқу-әдістемелік кешенімен, баска да құралдармен танысуы тиіс. Егер де сол сыныптағы тарих курсын окыту туралы әдістемелік кұрал болса, онда міндетті түрде курсты окытудағы тәрбиелік міндеттерді жүзеге асырудьщ әдістемелік жолдары немесе жеке сабактардың тәрбиелік міндеттерін жүзеге асырудың әдістемесі қарастырылады. Бұл құралдармен де жаксылап танысып алу кджет. Сабақтың тәрбиелік міндетін толық жүзеге асыру үшін мұғалімге қосымша материалдар пайдалануға тура келеді. Келесі жұмыс— кандай тақырыптарды өткенде кандай қосымша материал қажеттігін аныктап, оларды күнтізбелік жоспар жасағанда арнайы бағанада корсетіп кою.

Ең негізгі жұмыс жеке сабақ жоспарларын жасағанда және сабақты ұйымдастырып өткізгенде жүзеге асады. Сабақтың тәрбиелік міндетін аныктау өтілетін такырыптың мазмұнына байланысты. Кейбір сабакта тарихтың бірнеше жағы: мәселен, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалык жағдайлар, ал ұлт-азаттық козғалыс болса азаттық, тәуелсіздік жолындағы күрес, жеке кайраткерлердің қызметі баяндалады. Мұғалім сабактың тәрбиелік міндетін аныктағаннан кейін, окулыкта берілген материалды саралап, оның сол өткелі отырған сабактың тәрбиелік міндетін қаншалықты жүзеге асыруға жеткіліктігін шамалайды. Егер оқу материалы жеткіліксіз болса, онда қосымша материалды карастырады, оны негізгі оқу материалының кай кезеңінде, кай әдіс, тәсілдің кемегімен пайдаланатынын белгілейді. Қазақстан тарихыан косымша материалдың жеткілікті екенін мүғалімдер жақсы біледі.

Тарих сабағында окушыларды тәрбиелеудің арнайы немесе ерекше әдісі жоқ. Негізінен, бүрыннан белгілі окыту әдіс-тәсілдері: әңгіме, баяндау, әңгімелесу; картаны, түрлі көрнекті құралдарды, тарихи көркем әдебиетті, тарихи құжаттарды, өлке материалын пайдалану; интерактивті әдістер, оқулыкпен, мерзімді баспасөз материалымен жүмыс істеу сияқтылар пайдаланылады. Окушылардың өздігінше аткаратын жұмыстарын ұйымдастырып, ездеріне тәрбиелік мәні бар корытындылар жасату да тиімді.

Осы және басқа да әдіс, тәсілдерді тәрбиелік мақсатқа пайдалануга койылатын негізгі талап — қолданған әдісіміз окушылардың жүрегіне, сезіміне, ішкі жан-дүниесіне эсер етуі, оларды толғандырып, тебірентуі, олар өздерін сол баяндалып түрған оқиғаға катысып жүргендей сезінуі тиіс. Өтіліп жаткан тарихи фактінің, құбылыстың мазмұн-сипатына қарай оқушылар көңілденіп, шаттанып, оларда мактаныш сезімі байқалса немесе олардың қамығып, ренжіп, дұшпанға, шапкыншыға деген жек көру, тіпті, кек алу сезімі пайда болса ғана мұғалімнің тәрбиелік максатта қолданған әдіс-тәсілдері нәтиже берді деуге болады. Өйткені мұғалімнің майын тамыза айткан әңгімесі, тарихи романнан оқылған, баспасөзден пайдаланылған үзінділері, мұғалім әңгімесі бойынша экранда етіп жаткан кадрлар, сәулетгі ғимаратты суреттеп, сипаттаған көркем сөз, оқушылардың белгілі тарихи күжатпен ездігінше жүмыс істеп, өздерінше баға беріп, қорытынды жасауы, ақын-жыраулар, ауыз әдебиеті шығармаларынан келтірілген үзінділер, қайраткерлердің, ғалымдардын, үнтаспа аркылы берілген жігерлі сездері, т.б. окушыларға эсер етеді, оларда терең із қалдырады, оның үстіне осындай әдіс-тәсілдердің көмегімен түсіндірілген тарихи материал оқушылардың есінде берік сакталады.

Күнделікті окытылатын тарихи материалды алдын-ала, әрі қажетті дайындыкпен тәрбиелік максатка тиімді пайдалансақ, жұмысымыз нәтижелі болады. Мұғалім шәкіртімен тығыз ынтымактастык катынас орнатса, олардың жүріс-тұрысын, мінез-құлкын, білімнің өсуін, т.б. ерекшеліктерін үнемі назарда ұстаса, шәкірттерінің тәрбиесінде болып жаткан өзгерістерді өзі де байқайды. ¥стаз бұдан тиісті қорытынды жасай отырып, өзінің осы бағытта жүргізіп жатқан жүмыстарын одан әрі жетілдіре түседі.

Дәл казір мектепте тарихтан сабақ беретін тарихшы мұғалімді коғам кайраткері десе артық емес. Өйткені бір мұғалімнің алдынан бір оку жылында 200-250 окушы етеді. Ал елімізде жиырма мыңға жуык тарихшы мүғалім бар екенін ескерсек, олардан каншама мындаган жастар тәрбие алады. Бұл жастар — коғамның болашак құрылысшылары. Қоғамның тағдыры солардың қолында. Ендеше жас ұрпакты заман талабына сай тәрбиелі етіп дайындау — аса маңызды міндет. Үлы ғүлама ғалым Әл-Фараби айткандай тәрбиесіз білім адамзат жинаған кұндылыкка зиянын тигізеді. Жоғарыда айтылған, маңызды міндетті орындауға тарихшы мүғалім комакты үлес коса алады. Өйткені ол бүкіл адамзат жинаған өркениетті окытып үйретеді.

Тарих білім берудің құрылымы.

         5 сынып.

         Қазақстан тарихы (элементарлық курс)

         Жалпы тарих        (элементарлық курс)

6 сынып

Ежелгі Қазақстан тарихы

Ежелгі дүние тарихы

7 сынып

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы (V – ХVғғ.)

Орта ғасырлар тарихы (V – ХV ғғ.)

8 сынып

Жаңа замандағы Қазақстан тарихы (ХVІғ. – 1918ж)

Жаңа заман тарихы (ХVІғ.- 1918ж)

         9 сынып

Қазіргі заман Қазақстан тарихы (1918ж. – 1990ж.)

10 сынып

Қазақстан Республикасының тарихы (1991ж.–бүгінгі күнге дейін)

Қазіргі заман тарихы (1991ж – бүгінгі күнге дейін)

Қатар жүретін пропедевтикалық курстар отандық және дүниежүзілік тарих бойынша қарапайым түсініктер қалыптастыру міндетін орындауы тиіс. Бұл курстарда кейбір жаңа ұғымдар мен терминдер, тарихи уақытты өлшеу негіздері, Қазақстан мен шетелдер тарихының жекелеген тарихи оқиғалары мен құбылыстары оқытылады.

Ұғым – заттар мен құбылыстардың мәнді ерекшеліктерін, байланыстарын және қатынастарын, олардың қарама-қайшылығы мен дамуы үрдісінде бейнелейтін ой формасы, белгілі бір класқа жататын заттардың жалпы және тек соларға ғана тән ерекшеліктерін жинақтап көрсететін ой немесе ой жүйесі. Ғылыми ұғымдар заттар мен құбылыстардың мәнді және қажетті қасиеттерін бейнелейді, ал оны белгілейтін сөз бен таңбалар (формулалар) ғылыми термин болып табылады.

Ұғымдарды реттеу жолдары:

  • Зерттеу тақырыбына сай қажетті ұғымдарды жинақтау, оларды мағынасына қарай бөлу.
  • Олардың мән-мағынасын ашып, білу, түсіну.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *