Тарихты оқыту әдістемесінің жоспарлары мен бағдарламалары

 

Тарих пәндері бойынша білім беру стандартының  мазмұны мен құрылымы.

Бағдарлама жасаудың концентратты, хронологиялық принциптері.

Бағдарламалардың компоненттері.

5-9,10-11 сыныптардың оқу бағдарламалары.

 

Білім стандарты деп – білім мазмұнының міндетті минимумын, оқушының оқу жүктеменің шегіне жеткен көлемін және оқушы дайындығына қойылар талап деңгейін белгілеп береді. Мемлекеттік білім нормасы ретінде қабылданатын, нақтылы тұлғалардың мүмкіндіктерін қоғамдық тұтынымға сай танытатын негізгі параметрлер жүйесін айтады.

Стандарттың қызметі :

Критерилік-бағалау қызметі. Оқыту мазмұнын, оқу жүктемесінің көлемін, білім нәтижесін, мұғалім мен білім беру мекемелерін аттестациялау барысында стандарт білім жүйесіне бағдаршы норматив ретінде қызмет атқарады.

Толыққанды білім қызметін қамтамасыз ету қызметі. Стандарт негізінде білім алуды қамтамасыз ететін, жеке тұлғаның толыққанды дамуына негіз болатын кәсіптік жүйеде білім алуға мүмкіндік беретін жағдайды қамтамасыз етеді.

Республикада білім кеңестігінің тұтастығын сақтау қызметі. Білім стандарттарының рольін орнықтырады, белгілеп береді. Кепілді білімді қамтамасыз етеді.

Білім беруді гуманизациялау қызметі. Білімді саралап отыруға жол ашады, әртүрлі деңгейдегі материалды игеруге, сол игергенін өз мүддесі мен бейіміне жаратуға мүмкіндік береді.

Басқару қызметі. Білім беру жүйесін бақылайды, барлық деңгейде орнықты шешім қабылдау үшін нақтылы дерек алап отыруды және білім нәтижесінің сапасын анықтап отыруды қамтамасыз етеді.

Білім сапасын көтеру қызметі. Стандарт белгіленген базалық деңгейге әр оқушының кепілді түрде қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Стандарт мынадай құрылымнан тұрады :

базистік оқу жоспары, яғни стандартты ұсынудың басты деңгейі.

Білім беру аясындағы базалқ стандарттар.

Бұл құрылымдар төменгі құжаттар арқылы жүзеге асады :

Түсініктеме.

Базистік оқу жоспары.

Базалық білім аясының стандарты.

Мемлекеттік стандартқа жетудің өлшеуіш жүйелерін саралауға қатысты жалпы мәселе.

Түсініктеме жалпы стандарт идеялогиясының негізгі тұжырымдамалық жай-жапсарын анықтап, оның құрылымы мен мазмұнын түсіндіреді.

Базистік оқу жоспары құрылым мен білім мазмұнына қатысты жиынтық дерек береді. Білім мекемелерінің нақтылы жоспарларын жасауға сай келетін негізгі кешендердің нормативтерін белгілейді:

білім стандартының республика мен оқу орыны арасындағы сәйкестігі.

Білімнің базалық және сараланған бөліктерінің арасындағы сәйкестік.

Білім берудің ұзақтығы.

Базалық білім аясындағы міндетті және факультативті сабақтардың апталық жүктемесі.

Білім аясының стандарттары білімнің міндетті мазмұнын және оқушылардың сол білімді игеру талабын анықтап береді.

Оқу жоспары дегеніміз – пәндер бірізді жүйелі құрылып, оны оқыту мерзімі, әр пәннің сағат саны көрсетілетін нормативті құжат.

Оқу жоспары :

оқу жылының, тоқсандардың демалыс күндернің мерзімін,

оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін,

әрбір оқу жылы бойынша оқу тәртібін және ретін,

әр пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін мемлекеттік құжат.

Оған сәйкестендіріліп:

-типті оқу жоспары,

— оның негізінде оқу жұмыс жоспарлары жасалады.

Оқу жоспары – білім стандартының ең басты межесі, ол білім беруде,

білім мазмұнының төменгі шегін ( min )

оқуға бөлінген уақыттың төменгі шегін

оқушы жүктемесінің жоғарғы шегін ( max ) анықтап береді.

Барлық пәндер мазмұнына ұлттық мәдениет пен педагогика тәжірибелерін енгізуді,

Білімді ізгілендіруді,

әр пән бойынша оқытудың әдістемелік жүйесін жаңартуды,

әр пән немесе курс бойынша оқу-әдістемелік кешендер жасауды көздейді.

Оқу жоспары екі бөлімнен тұрады : инвариантты, вариативті. Инвариантты оқу жүктемесінде міндетті оқитын білім мазмұнының бөлігі шоғырланған, яғни негізгі міндетті оқитын оқу пәндері мен оған бөлінген сағат сандары көрсетіледі. Вариативті оқу жүктемесінде оқу орнының мүмкіндіктері, оқушылардың қараулары бойынша таңдау сабақтары қарастырылады.

Базистік оқу жоспары негізінде білім беру мекемелерінде оқу жұмыс жоспарлары жасалады. Онда ағымдағы жағдайлар, әр топтардың ерекшеліктерін ескере отырып жасалады. Оны оқу ісінің меңгерушісі, бөлім меңгерушілері жасайды. Ол әр мамандыққа ондағы топтарға негізделіп жасалады. Онда, оқылатын пәндер тізімі, сағат саны, оқу мерзімі, оқу апталары, теориялық, практикалық сағаттар, курстық, бақылау жұмыстары, оларға бөлінген сағат көлемі, бақылау түрлері, оларға бөлінген сағат мөлшері іс-тәжірибе көлемі, уақыты, каникул уақыты көрсетіліп, қарастырылады. Оқу жоспары негізінде білім мекемелерінің ішкі оқу-тәрбие жоспарлары жасалары.

Оқу бағдарламасы – оқу пәні бойынша білімнің, біліктер мен дағдының көлемін, іс тәжірибелік және лабараториялық сабақтардың өтілу реттерін және олардың бөлінуін, пәндердің мазмұнын анықтайтын тараулар мен тақырыптардың оқытылу ретін анықтайтын, жеке оқу пәнін сипаттайтын  мемлекеттік құжат. 

Оқу бағдарламалары оқ жоспары негізінде құрастырылады.

Оқу бағдарламасының құрамы :

аталмыш пән бойынша оқытудың мақсатын, оқушылар білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптарды, олардың білімін бағалау жолдарын, оқытудың түрлері мен әдістері туралы нұсқауларды, бағдарламаның басты ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтайтын түсінік хат, пәннің мазмұнын анықтайтын тақырыптар мен тараулар, негізгі дүниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми проблемалар тізімі, әр тақырыпқа қажетті сағат мөлшері, әдістемелік оқу құралдары мен көрнекіліктер тізімі, ұсынылған әдебиет.

Сонымен оқу жоспарының негізінде әрбір жеке пәндер бойынша оқу бағдарламасы құрылады.Ол :

түсініктеме хат,

негізгі бөлім, мазмұны,

әдістемелік аппараттан тұрады ( әдістемелік нұсқаулар, пән аралық байланыс, лабараториялық, іс тәжірибелік сабақтар, оқу-әдістемелік құралдар )

Оқу бағдарламасы бағытына қарай екіге бөлінеді : жалпы білім беру және кәсіби білім беру бағдарламалары. Соның ішінде кәсіби білім беру бағдарламалары – арнайы мамандық бойынша бағытты білім беру, қазіргі технология, экономика, еңбек құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру мәселелерін қарастырады.

Қоғамның дамып, жаңаруына, ғылыми жаңалықтардың өсуіне байланысты оқу бағдарламасы қайта қаралады. Қазір орта кәсіби білім беру мекемелері 2002 жылы  Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің бастауыш және орта кәсіптік білім жөніндегі оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен бекітілген типтік оқу бағдарламалары бойынша жұмыс жасайды.

        Типтік оқу бағдарламасы негізінде жекелеме пән оқытушылары оқу-жұмыс бағдарламаларын және күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды жасайды.

Оқу-жұмыс бағдарламасы – тақырыптар мен тараулар негізінде,   білім стандартына сай оқушылардың білім, білік дағдысы, әдістемелік аппараттан тұрады. Оның құрылымы:

түсініктеме хат,

тақырыптық жоспар кестесі,

негізгі бөлім, мазмұны, онда тақырып аттары, рет саны, сағат саны, оның ішінде

теориялық және іс тәжірибелік сағат, сабақ түрі, пән аралық байланыс, қалыптастырылатын білім, білік дағдылар,  оқушылардың дербес жұмыстары, тақырып бойынша негізгі қарастырылатын мәселелер, негізгі ұғымдар, көрнекі құралдар, үй тапсырмасы, пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетіліп, жасалады.

Оқу-жұмыс бағдарламалары арқылы білім беруді әр пән оқытушысы үздіксіз, жүйелі, бірізді  іске асырады.

  Оқу бағдарламасы оқушыларға оқу әдебиеті арқылы жетеді. Оқу әдебиетіне оқулықтар, анықтамалар, қосымша кітаптар, есептер мен жаттығулар жинақтары, карталар, жұмыс дәптерлері жатады.

Оқулықтар –оқу бағдарламасы мен дидактика және әдістеме талаптарына сай, ғылыми-әдістемелік жағынан дұрыс жасалған, оқу пәнінің мазмұнын жүйелі баяндайтын оқу құралы, яғни білімнің жинақталған мазмұны.

Оқулық мынадай функцияларды атқарады:

информациялық функция – кітап мәліметтері мәтін түрінде ғана емес, фотосурет, сызба т.б. арқылы беріледі.

Оқытушылық функция – оқулық арқылы оқушы қажетті білім алады.

Басқарушылық функция – оқулық арқылы оқушының танымдық іс әрекетін басқаруға болады.

Орта кәсіптік білім беру жүйесінде оқушылардың негізгі оқу құралы оқулық қана емес, қосымша ғылыми-әдістемелік оқу құралдары болып табылады.бұл жүйеде оқушыдан қосымша іздену, өз бетімен жұмыс, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылдану т.б. талап етіледі. Сол арқылы кәсіптік баулу, бағыттау іске асады.

Білім беру мазмұнын анықтайтын құжаттар көмегімен білім беру іске асады, білім беру мазмұнының міндеттері орындалады. Ендеше білім беруде білім саласындағы негізгі мемлекеттік құжаттармен жұмыс істей білу әр оқытушының кәсіби міндеттерінің бірі. Олармен талапқа сай мақсатты жұмыс жасай алғанда қазіргі қоғам талап етіп отырған білім берудің міндеттерін іске асыратын боламыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *