- Индивидуалды сана ақиқаттар жүйесі ретінде
- Әдеттегі ақиқат құрылымы
- Индивидуалды сананы экспериментік зерттеу міндеттері
- Ойлау психологиясындағы іс-әрекет тәсілінің дамуы
- Іс-әрекеттің жүйелік қасиеттері мен сипаттамаларының өзарабайланысы
- Тұлға іс-әрекет субъектісінің жүйелі «жоғарысезімтал» қасиеті ретінде
Тұлға деген сөзді І. Кеңесбаев қазақ тілінде батырлықты, ел қорғаны, басқаның сүйеніші, таянышы болғанды белгілейтін ұғым деп анықтаған. Тұлға орыс тіліндегі “индивидуальность” ұғымына сәйкес келеді деп анықтауға толық негіз бар.
Азамат ұғымын пайдалана отырып, философия адамның тәрбие, өзіндік тәрбие, рухани-практикалық іс — әрекет нәтижесінде қалыптасқан әлеуметтік қасиеттерін түсіндіреді. Өзіндегі дара, жеке индивидуалдық болмысына қарамай, шындық қисынына сәйкес әрекет ету мүмкіндігіне сүйене отырып, адам өзін — өзі қалыптастыру қабілетіне ие бола алады. Өзін ерікті, шығармашылық сипатта қайта құра алады, қалыптастырады, кемелдендіреді.
Адам — бұл, ең алдымен, тірі жүйе, ол руханилық пен биологиялық негіздердің бірлігі болып табылады. Бұл жүйеде адамның биологиялық түр ретінде өмір сүруін қамтамасыз ететін организмдік — құрылымдық негіз бар, оған адамның әртүрлі органдары кіреді. Психикалық деңгей — бұл адамның орталық жүйке жүйесінің іс — әрекеті. Оның сана — сезімдік деңгейі әртүрлі күрделі ойлау процестерінің түрінде көрініс табады.
Адам табиғатынан белсенді, іс — әрекетке бейім. Ол өзінің өмірі мен тағдырын өзі жасайды. Әртүрлі түрдегі іс – икем әрекетке икем. Әртүрлі түрдегі іс-әрекет (еңбек ету, саясат, таным, тәрбие) адамның жаңа әлемді тудырушы ретіндегі тіршілігінің негізгі тәсілі болып табылады. Осындай белсенділігі арқылы ол өзінің өмірде бар екенін, осы өмірдегі тіршілік иесі екенін басқаларға білдіруді мақсат етеді. Адамның мүмкіндігі өте мол. Адам өзі де, өзімен бірге қоршаған ортаны да өзгертіп отырады, үздіксіз өзгеріп, дамып, құбылып тұратын жаратылыс әлемін жүйелейді, тәртіпке келтіреді, тұрақты, маңызды құбылыстарды саралайды, таразылайды, сезіне отырып, сыр-сипатына үңіледі, зерттейді, таниды. Осы толғау, таңдау ерекшелігімен-ақ адам баласының айқын мақсаты, табиғатқа “өзіндік қатынасы” (Л.Толстой) көрінеді.
Іс-әрекет адамдардың негізгі тәрбиешісі, жол бастаушысы. Іс-әрекет арқылы ғана адам жанға айналды. Ол – мәңгі бітпейтін, аяқталмайтын, мүмкіндік, өйткені, ол әр уақытта ізденіс үстінде, ұдайы тынымсыз іс-әрекетте. Ғаламның суық та, қатал, әрі үйлесімді заңдылықтары адамның рухани энергиясымен жылына бастады, түрлене, құлпыра түсті.
Француз психологы Пьерон (1881-1964) егер біздің планетамыз апатқа ұшырап, соның нәтижесінде барлық ересек адамдар өліп, тек кішкентай балалар тірі қалса, онда адам тегі өзінің өмір сүруін тоқтатпағанымен, адамзаттың мәдениет тарихы өзінің бастауларына қарай кейін шегіріліп тасталған болар еді, өйткені мәдениетті қозғалысқа түсіретін, оған адамдардың жаңа ұрпақтарын жеткізетін, оларға оны ұдайы өндірудің құпияларын ашып беретін ешкім болмас еді дегенді айтты.
Сана, оның мәні мен ерекшеліктері Көне заман философиясында сана деп адамның өмірінде аса маңызды роль атқаратын ішкі әлем-жан есептелінді. Орта ғасырларда сана мен ақыл құдайдың маңызды атрибуттары ретінде, ал қайта өркендеу дәуірінде табиғаттың қасиеті деп қарастырылды.
Орыс философиясында сана мен психика теориясына И.И. Сеченов, В.М. Бехтерев, И.П. Павлов үлкен үлес қосты. Олар сананы адамның іс-әрекетінде қоғамдық қатынастарды айқын бейнелейтін әлеуметтік феномен деп анықтады. Сана дегеніміз — тек адамға ғана тән сыртқы дүниені бейнелеудің жоғарғы формасы. Сана-объективті Әлемнің субъективті образы. Сана, ең алдымен, адамның табиғатқа, қоғамға, басқа адамға, сонымен қатар‚ өз-өзіне деген қатынасы. Сана-болмысты түсіну, ұғыну, бейнелеу. Ол болмыстан келіп шығады. Сана тек қоғамда ғана қалыптасады. Өйткені адамның шын мәніндегі адам болуы оның қоғамдық қатынастарды толық меңгеруімен тығыз байланысты. Сана-мидың негізгі функциясы. Мидың дамуымен сананың, психиканың дамуының арасында өте тығыз байланыс бар. Ми — сыртқы әлемді бейнелейтін және адамның күрделі тәртібінің бағдарламасын қамтамасыз ететін өте күрделі жүйе. Сондықтан да оның қызметінің кейбір бөліктерінің, әсіресе бас ми қабатының қызметі бұзылса адамның санасында, тәртібінде психикалық функцияларында күрделі ауытқушылықтар болып тұрады. Ми қызметі — адам санасының физиологиялық негізі.
Әрекет, белсенділік — бұл заттарды қабылдау мен қоғамда жинақталған тәжірибені меңгерудің белгілі еңбек дағдыларын игерудің негізгі шарттары. Практикалық дағдылардың жетілу жолында адамдар ойлау операциясын өндіру бейімділігін дамытады. Ойлау қабілеті дегеніміз -адамның сыртқы дүниеге деген белсенді қатынасының нәтижесі.
Адамның әлеуметтік тәжірибені игеруінің маңызды құралы — сөйлеу. Тіл — “екінші сигналды жүйе” (И.П.Павлов). Тіл-адам ойлауының білдіру тәсілі, немесе Гегельше айтсақ, ойлаудың тәні. Тіл арқылы адам өзінің сезімдік қабылдау процесінен шығып, объективті дүниені түсінуге, оның мәнін ұғуға ұмтылды. Тіл өзара ұғынысу, араласудың маңызды құралы болды, сонымен қатар, басқаның да ойын қабылдап, өз пікіріңді, түсінігіңді жеткізуге мүмкіндік жасады.
ХХ ғасырда ғылыми-техникалық есептегіш машиналар пайда болды, олар біраз күрделі ойлау операциясын іске асыра алады. “Жасанды интеллект” бола ма деген сұрақ туындап, машинаның ойлау мүмкіндігі, оның адамды ауыстыруының өрісі туралы мәселелер қойыла бастады. Электронды есептегіш машиналар көптеген операцияларды адамнан да тез орындай алады. Дегенмен, машина адамды еш уақытта толық алмастыра алмайды. Сезім байлығы-адамның рухани өмірінің жоғары әрі жан-жақты дамуының қажетті шарты. Сезім жұтаңдығы мен кедейлігі ұсақ, сүреңсіз, отбасы-ошақ қасындағы адамдарға тән. Адамның санасының қалыптасуында өзіндік сананың маңызын арнайы атап өткен жөн. Өзіндік сана адамның өзін-өзі түсінуін, дамытуын, сонымен қатар, айнала қоршаған дүниеге деген қатынасын, алдына қойған мақсаттарын, өзінің дүниедегі, қоғамдағы орнын бағалауды негіздейді. Өзіндік санасы арқылы адам өзінің коллективтегі орнын тауып алады, өзінің іс-әрекетін ұйымдастыра алады. Өзіндік сана дегеніміз — адамның өзін-өзі танып, білуінің деңгейі. Сана, өзіндік сана туралы айта отырып, қоғамдық сана ұғымын да анықтауымыз қажет. Өйткені‚ қоғамда олар бір-бірімен біте қайнасқан. Өзіндік сананың қалыптасып, дамып жетілуінде қоғамдық сананың да ықпалы өте зор.
Қоғамдық сана дегеніміз — бұл адамдардың өзінің материалдық болмысы мен өмір сүру жағдайы туралы сезімдері мен көзқарастарының, дағдылары мен идеалдарының, ілімдері мен теорияларының күрделі жүйесі. Қоғамдық болмыс дегеніміз — қоғамдағы барлық материалдық қатынастардың жиынтығы. Қоғамдық болмыстың өзегі-экономикалық қатынастар. Соның негізінде және төңірегінде қоғамның басқа қатынастары өрбіп отырады. Қоғамдық болмысқа әлеуметтік-таптық, ұлттық, экологиялық, саяси, тұрмыстық қатынастар кіреді. Қоғамдық сана-қоғам дамуының керемет рухани күші. Тарих көшінің кейбір дәуірлерінде ол күрделі өзгерістерге жетелейді. Қоғамдық сананың күші оның функцияларында көрініс береді..
Адам өмірінде бейсаналық та үлкен роль атқарады, оның реттеуші ролінсіз адам мүмкіндіктері әлдеқайда жеткіліксіз болар еді. Біз өзіміздің кейбір аса маңызды әрекеттерімізді түсінеміз, ол көптеген қосалқы әрекеттерімізді реттеу санадан тыс іске асып отырады. Бейсаналық, адамның мінез-құлқын реттей отырып, оны шығармашылық жаңа мәселелерді шешуге жетелеп отырады. Бейсаналықтың шындықты танудағы маңызын да естен шығармаған жөн. Адам өзінің өмірі бойында сыртқы әлемнен көп мөлшерде ақпарат алып отырады. Көптеген психологтардың айтуы бойынша, адам өзінің есіне, жадына енген нәрсенің ешқайсысын ұмытпайды. Кей жағдайда қажетті информацияны еске түсіре алмауымыздың негізгі себебі — жаңа ақпарат бұрынғыны көлеңкелеп, ығыстырып жіберуі. Ал ол күтпеген жағдайда адамның еркінен тыс көрініс беруі мүмкін. Адамның есінде ақпараттың сақталуы бейсаналық процесс болып табылады.
Адамда сананың болуы оны әлемде ақылды және шығармашылық іс-әрекетке қабілетті жан екенін сипаттайды. Сана адамның дүниені танушы және өзін-өзі танушы субъект ретінде қалыптасуының негізі, тірегі болып табылады.
Іс-әрекеттің үш түрін бөліп көрсетуге болады: ойын, оқу және еңбек. Олар өздерінің нәтижелері, ұйымдастырылуы, мотивациялық ерекшеліктері бойынша айырықшаланады. Ойын психология үшін өте қиын әрі маңызды проблема болды. Ойын іс-әрекет ретінде тұлғаның қоршаған шындыққа нақтылы бір қатынасын көрсету болып табылады. Әлемді бейнелей отырып, оны түрлендіру қабілеттілігі – адам ойының мәні. Адамның бұл қабілеттілігі бірінші рет ойында пайда болады және ойында қалыптасады. Ойын әрекеті бұл тікелей қызығушылық тудыратын әрекет. Ойында мақсаттары маңызды әрекеттер жасалады. Баланың ойын әрекеті сөйлеуді меңгерумен тығыз байланыста дамиды. Балалардың өсіп-жетілуіне орай ойын да өзгереді. Сәби өмірінің алғашқы екі жылында қимылдарды игереді. Бұл функционалдық ойындардың пайда болуына жеткізеді. Ұжымдық ойын баланың қарым-қатынас шеңберін кеңейтеді. Ол ойын үстінде өзіне қойылатын талаптарға, ережелерге бағынуға дағдыланады.
Оқу іс-әрекетінің негізгі түрлері алмаса отырып, әрбір адамның өмірінде жүзеге асырылып, ойыннан кейін болып, еңбекке даярлайды. Жалпы мақсаты бойынша еңбекке жақындап, ойыннан ерекше түрде айырықшаланады: оқуда еңбек сияқты тапсырмаларды орындау, тәртіпті сақтау керек және оқу жұмысы міндеттерден құралады. Оқудың негізгі мақсаты – бұл болашақ өзіндік еңбек әрекетіне дайындау, ал негізгі амалы — адамның алдыңғы еңбегі жасаған қорытынды нәтижелерді меңгеру.
Оқу мыналардан құралады: қоршаған заттар мен құбылыстардың ерекшеліктері туралы ақпараттарды меңгеру (білім); іс-әрекеттің негізгі түрлерін құрайтын амалдар мен операциялар (бейімділік); іс-әрекет мақсаттары мен жағдайларына сәйкес амалдар мен операцияларды дұрыс таңдау үшін, көрсетілген ақпаратты пайдалану әдістерін меңгеру (икемділік). Оқу іс-әрекетін қалыптастырудың бірінші басты шарты – балада белгілі бір білімді, икемділікті және дағдыны меңгерудің саналы мотивтерін қалыптастыру.
Адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі еңбек болып табылады. Еңбек жалпы психологиялық емес, әлеуметтік категория. Еңбек іс-әрекетінің психологиялық жағының ерекшелігі: еңбек өзінің объективтік қоғамдық мәні бойынша, қоғамға пайдалы өнімді жасауға бағытталған іс-әрекет болып саналады. Еңбек әрекетінің барлық бөліктері оның соңғы бөлігіне, қорытынды нәтижесіне бағынатындықтан еңбек іс-әрекетінің мотивациясына арнайы сипат беріледі: іс-әрекет мақсаты оның өзі емес, оның өнімі болып табылады. Еңбек дегеніміз – адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет. Еңбекте адамның қабілеті мен мінез-құлқы, жалпы жеке басының қасиеті ашылып, қалыптасады.
Отандық психология ғылымында А.Н. Леонтьевтің “Адам мотивациясының іс-әрекеттік тегі” теориясының маңызы зор. Бұл теоия адамның мотивациялық сферасының өзгеру динамикасы мен шығу тегін түсіндіруге бағытталған.
Психиканың даму анализі, адам санасының гензистегі қалыптасуға көзқарасынан мотивация проблемасын шеше отырып ол былай дейді: “Адам өзінің жеке адам ретінде қалыптасуының психикалық көрінісін өзінің мотивациялық сферасының дамуынан табады”. Мотивация 2 топ моттивтерден құралады: мағына-мотивтер және стимул-мотивтер. 1-ші топ мотивтері іс-әрекеттің жеке адамдық мағынасын анеықтайды. 2-ші топ мтоивтері де іс-әрекетті себептендіреді, оның орындалуының стимулдары ретінде көрінеді.
А.Н. Леонтьев бойынша іс-әрекет схемасы, қажеттілік – мақсат, таңдау – қажеттіліктің қанағаттануы. Ол мақсатты, қажеттілікті туғызатын іс-әрекет мотивінің пайда болуының қажетті шарты ретінде анықталады.
А.Н. Лонтьев теориясы бойынша, адамның мотивациялық сферасы оның басқа да психологиялық ерекшеліктері сияқты өзінің практикалық іс-әрекетінен басталады. Адам жүріс-тұрысының қозғаушы күші осы іс-әрекет барысында жүзеге асатын қажеттіліктермен сипатталады. Бұл теория бойныша, іс-әрекет құрылымы мен адамның мотивациялық сферасы изоморфизм қатынасына, яғни өзара сәйкестілікке негізделеді. Адамның мотивациялық чферасында болатын динамикалық өзгерістер өз кезегінде қоғамның обьективті заңдарына бағынатын іс-әрекет жүйесінің даму бағытына байланысты.