Психология тарихындағы ғылыми таным әдістеріне талаптар және оның таралуы

 

Жоспары:

  • Психологиядағы жаратылыстану – ғылымының әдіснамасындағы алғашқы дағдарыс ретіндегі интроспективті психологиялық дағдарыс туралы түсінік
  • Санадағы табиғилық тәсілді сынау және ақиқат мәселесі
  • Пәнді зерттеу және обьектіні моделдеу мәселесі

Ғылым алдымен зертеу болып табылады, сондықтан ғылымның пәнін анықтау, оның сипаттамасын жоққа шығармайды, оған оның әдістерін анықтау да енеді. Әдістер – ғылым пәнін таныстыратын тәсілдер. Психология – жеке әдістері немесе әдістемелері бар бітұтас жүйе. Ғылым әдістері заңдылықтарды вшвды, бірақ олардың өздері ғылым пәнінің негізгі заңдылықтарына сүйенеді.

Психология жеке ғылым ретінде қалыптасқаннан бері психологияның эмпирикалық әдістерінің тобы негізгі болып саналады. Эмпирикалық әдіс өзіне бақылау және өзін-өзі бақылау, эксперименталдық әдістерін енгізеді.

Бақылаудың психологияда екі негізгі түрі болады: өзін-өзі бақылау немесе инторспекциялық және сыртқы, немесе объективтік бақылау. Дәстүрлі инторспекциялық психология өзін-өзі бақылауды психологиядағы жалғыз немесе негізгі әдіс деп есептейді. Бұл психиканы өзіне тұйықталған ішкі әлемге айналдыратын жалпы принципінің зерттеу әдістерінде қолданумен байланысты болады.

Өзін-өзі бақылау арқылы өз психикасын тану, қалау да болмасын сыртқы әрекеттің бақылауы арқылы, жүзеге асырылады. Сонымен, өзін-өзі бақылауды психологиялық танымның негізі немесе жалғыз әдісіне айналдыру орынсыз болып табылады.

Эксперимент — себеп-салдар байланыстарын қалыптастыру мақсатындағы зерттеу әрекеті. Оның мәні мынады: зерттелетін құбылысты өзі тудырады және оған белсенді ықпал етеді; эксперимент жасаушы құбылыс жағдайларын өзгерте алады; эксперимент нәтижелерді бірнеше рет шығара алады; эксперимент математикалық формулалар арқылы белгіленетін санды заңдылықтарды орнатады.

Эксперимент психология әдісі ретінде психофизика мен психология саласында пайда болып, психологияда кең таралды. Эксперименттің қолданылуы қарапайым түйсік үрдістерінен бастап жоғарғы психикалық үрдістерге дейін таралады.

Әңгімелесу әдісі зерттелінетін мәселені толықтыру үшін қолданылатын қосымша амал. Әңгімелесу зерттеу міндеттеріне байланысты жобалы түрде ұйымдастырылуы қажет. Әңгімелесуде қойылатын сауалдар, зерттелетін үрдістің сапалық ерекшеліктерін анықтауға бағытталған тапсырмалар түрінде болуы мүмкін. Алайда мұндай тапсырмалар неғұрлым табиғи, әрі стандартты емес болуы қажет. Әңгімелесу жобалы бола тұрып, стандартты сипатта болмай, ол әрқашанда неғұрлым идеялы болып, басқа объективті әдістермен үйлесуі керек.

Сауалнаманың мақсаты сыналушылардың объективтік және субъективтік айғақтар туралы ақпарат алу. Психологиялық зерттеулерге қойылатын сауалнама әдістері екі негізгі түрге бөлінеді: бетпе-бет сауалнама алу – белгілі бір жоба бойынша зерттелуші жүргізетін сұхбат; сырттай сауалнама — өз бетінше арналған анкеталар. Ауызша сауалнама алу психологиялық зерттеулерде дәстүрлі қолданылатын әдіс болып саналады.

Тест деген ағылшын сөзі сынақ деген мағынаны білдіреді. Бұл ұғымды америкендық ғалым Дж. Кэттел өткен ғасырдың аяғында енгізді. А. Бине мен Т.Симонмен бірге балалардың ақыл-ойының дамуын анықтау үшін өз жүйесін жасаған кезден бастап тестілер тәжірибелік мағынаға ие болып кең тарала бастады. Тест әдісі бастапқыда бірқатар теріс көзқарастар туғызды. Олардың біреуінің мәні мынада: егер екі адам бірдей тестіні шешссе немесе шешпесе, онда бұл айғақтың психологиялық мәні әртүрлі болуы мүмкін – бірдей жетістік әртүрлі психологиялық жетістік- түрлі психологиялық үрдістер салаларынан болуы мүмкін.

Тесттің диагностикалық құндылығы ғылыми эксперимент деңгейіне және құндылығы ғылыми эксперимент деңгейіне және психологиялық айғақтың растығына байланысты болады. Жеткілікті негізделмеген және тексерілмеген психологиялық тестілер педагогикалық тәжірибені шығынға ұшырататын маңыздық  қателіктердің себебі болуы мүмкін.

 

 

Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар:

  • Психологиядағы жаратылыстану – ғылымының әдіснамасындағы алғашқы дағдарыс ретінде
  • Санадағы табиғилық тәсілді сынау және ақиқат мәселесілелері
  • Пәнді зерттеу және обьектіні моделдеу мәселесі қандай

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *