- Абстракция – заттар немесе құбылыстарды зерттеу мақсатындағы оның белгілі бір белгілері мен қасиеттерін ойша бөліп алу.
- Психология – психиканың даму заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, ғылыми теориялық ұғымдардың қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.
- Психика – тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі ағза мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі.
- Адаптация – сыртқы орта заттары мен құбылыстарының ерекшеліктеріне сезім мүшелерінің бейімделуі.
- Анимизм – жан мен рухтың ауыспалылығы және олардың объективті тірлігі туралы ежелгі ілім.
- Ассоциация – психикалық құбылыстардың өзара байланысы.
- Аутагенді жаттығулар – адамның өз психикалық құбылыстары мен әрекет қылығын басқаруға бағытталған өзін-өзі сендіру, бағыттауға арналған арнайы жаттығулардың комплексі.
- Сана – психиканың жоғары деңгейде дамуы.
- Бейсана (астар сана) – адамның психологиялық қасиет, процесс және кейіпінің санадан тыс көрнісі.
- Методологиялық принцип – детерминизм принципі, сана бірлігі мен әрекеттің дамуы.
- Жеке тұлға — әрекеттің субъекті мен объектісі ретінде.
- Топ – қоғамдағы адамдардың белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай және бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі.
- Темперамент – жүйке жүйесінің тума қаситтерінен туындайтын ерекшелік.
- Индивид — әлеуметтік қарым-қатнас объектісі және саналы әрекет етуші.
- Индивидуалдық – психикалық, физиологиялық, әлеуметтік ерекшеліктердің жиынтығы, нақты адамның ерекшелігі.
- Ассоциация – ол байланыс елестеуі, олардың арасындағы сыртқы механикалық байланыстар.
- Экстриоризация — әрекет барысында белгілі бір қиындықтардың туындауы.
- Анализатор – тітіркендіргіштерге орай рефлекторлы түрде қайтадан өзгеріп, жасалып отыруы.
- Символ – белгі.
- Ретикулярлық формация – импульстардың төменнен жоғары ми алаптарына жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алуы.
- Рефлекс – Сырттан және іштен келетін тітіркендіргіштерге ағзаның жауап беру реакциясы. Латын тілінен аударғанда “бейнелеу” деген мағынаны білдіреді.
- Тест – сынақ. Психологияда адамның дара басындағы психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін белгілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс.
- Стимул – қозғаушы, жандандырушы әсер.
- Динамикалық стереотип – шартты рефлекторлық байланыстардың жасалуы және оның тұтастық жүйесінің құрылуы.
- Интериоризация, экстериоризация – сыртқы болмыс әрекеттерінің ішкі идеалық факторларға, ал адамның ішкі ақыл-ой әрекетінің сыртқы іс-әрекеттерге айналуы.
- Дедукция – жалпыдан жекеге қарай дамитын ой қорытындысы, логикалық ойлау формасы.
- Индукция – жекеден жалпыға қарай дамитын логиклық ой қорытындысы.
- Аналогия – жекеден жекеге қарай дамитын продуктивті ой қорытындысы.
- Инстинкт – ағзада туа берілетін шартсыз рефлекстер негізінде сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету құлқы.
- Перцептивті әсер – қабылдау поцесіне қатысты әсерлену түрлері.
- Иллюзия – латын сөзі, мағынасы – алдану. Алдануда қабылданған нәрселер мен заттар бір-біріне сәйкес келмей, бұрмаланады.
- Галлюцинация – қиялдану, шатасу деген түсінікті білдіреді. Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған теріс, бұрмаланған бейнелердің тууы.
- Апперцепция – латын сөзі, қазақша “жан толқуы”.Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл күйінің айқын көрінісі.
- Генетикалық әдіс – генетика – шығу тегі “төркін” дегенді білдіреді. Бұл- психскалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін әдіс.
- Анимизм-(латын тілінде-жан, рух)-жан мен рухтың бар екеніне мәлім, дін элементі.
- Антропология-адамның шығу тегі мен эволюциясы туралы ғылым. Жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың ортасында қалыптасты.
- Ассоцианизм-екі немесе одан да көп психикалық құрылымдарда туындаған психологиядағы байланыс. Ассоциация кеңістік, уақытқа, ұқсастық бойынша деп бөледі. Терминді 1698 ж. Дж. Локк енгізді.
- Волюторизм (латынша-ерік) терминді 1883 жылы Ф.Тенис енгізген философиядағы еріктік тұрмыстың жоғары принциптерінде қарастыратын философиялық бағыт.
39.Гилозоизм (грек тілінде-материал, өмір)-материяны жанды деп қарастыратын философиялық ілім. Термин ХVIІ ғасыр енді. Гилозоизм ерте ғасыр философиясына тән.
- Гомеостаз (грек тілінде-қозғалыссыз, күй)-организмнің негізгі физиологиялық фукнциясының тұрақтылығы мен ішкі орта қасиетінің динамикалық тұрақтылығы.
41.Логос—ертедегі-грек философиясының негізгі түсінік терінің бірі. Бір мезгілде «сөз, тіл, мағына, түсінік» дегенді білдіреді. Геркалит енгізген.
- Монизм- (грек тілінде біреу, жалғыз). Монизмге қарама қарсы-дуализм.