Психологиядағы ХІХ – ХХ ғасыр шебіндегі теориялық тұжырымдамалар

 

  • Вундт идеясының Америкада дамуы туралы айтып беріңіздер
  • В. Джемс. психиканы бейімделу механизмі, сананы психикалық автоматизмдер туралы теориялық көзқарастары
  • Т. Рибоның психологиялық теориясы
  • В.М. Бехтеровтың объективті психологияны рефлексологияны жасау әрекеті
  • Н.Н. Лангеніңэксперименттік психологиялық зерттеулері мен теориялық тұжырымдамалары

 

Х ғ. 60 жылдарында психология дербес ғылым ретінде танылды. Вильгельм Вундт (1832-1920) 1879 жылы Лейпцигте Тұңғыш экспериментальды психологиялық лабораторияны ұйымдастырды. Вундт психологияны-сана құрылым ғылымы деді, бұл бағытты құрылымдық көзқарас деп атады. Зерттеуші нақтылы сыртқы жағдайларды жасай отырып, осы кездегі үрдістер ағымын бақылайды. Алайда, адамның өзін-өзі, жеке ішкі күйлерін, сезімдерін, ойларын бақылауы түріндегі бұл бақылаулар интроспекция («ішке үңілу»), өзін-өзі бақылау әдісін қолданды. Мұндай бақылауда басты ғылыми талап-обьективтілік болмайды. осының нәтижесінде ХХ ғасырдың басында, біріншіден, ғылыми обьективтік білімнің дамуы сұрауларының салдарынан және әлеуметтік – экономикалық талаптардың салдарынан, екіншіден, — интроспективтік психологияның дағдарысқа ұшырайтыны белгілі болды.

У. Джемс американдық психолог «Функционалдық көқарас». «Сана ағымы» деген теориясы бар. Сана функциясының адам өміріндегі ролі зерттеуді жалғастырды. Олар: интроспекция, өзін-өзі бақылау, уақытша міндетті шешу фиксациялық әдістерін қолданды. Джемс «үздіксіз сана» түсінігі- мазмұны мен күйінің үздіксіз өзгерісі сана қозғалысының процесі.

Эббингауз (1850-1909)  ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басында, белгілі неміс психолог Г. Эббингауз психологияның тарихы қысқа, ал тарих алдындағы кезеңдері ұзақ деп психология туралы қысқа да нұсқа айтты Бұл жерде, тарих ретінде, философиядан бөлініп табиғи ғылымдарға жақындау және жеке эксперименттік әдістерді ұйымдастыру кезеңі деп аталған психиканы зерттеудің кезеңі айтылған. Эббингауз – есті зерттеу ғылымы психологиясында ең бірінші болып табылады. Ең алғаш эксперименталды әдісті қолданды.

Спенсер Жаратылыстану ғылымының ХІХ ғасырда одан әрі дамуында Ч. Дарвин жасаған эволюциялық ілім аса маңызды кезең болды, адам соған сәйкес органикалық дүниенің дамуының тұтас жүйесіне енді. Психикалық өмір эволюция нәтижесі деп танылды. Дарвинмен қатар бұл ойды Г. Спенсер де (1820-1903) айтты және дамытты және Рибо, Бине т.б. дамытты. Ағылшынның ұлы ғалымы Ч. Дарвин (1809-1889) —  біздің арғы тегіміз адам тектес маймылдардан пайда болғанын дәлелдегенімен, мұндағы еңбек процесінің шешуші рөлін көрсете алмады.

Отандық ғылымының негізін салушы психолог Сеченов И.М. (1829-1905)- «Рефлексы головного мозга» кітабында (1863) негізгі психологиялық процесс физиологиялық трактовкадан алады.

Психикаға деген материалистік көзқарастың дамуы ағылшын сенсуалистері: Т. Гоббс (1588-1679), Д. Гартли (1705-1757), Д. Пристли (1733-1804), және француз энциклопедистері: Д. Дидро (1713-1784), П. Гольбах (1723-1789), К. Гельвици (1715-1771) еңбектерінде айқын аңғарылады.

Психология-мінез-құлық туралы ғылым. Бихебиоризм (ағылшынша-«мінез-құлық») бағытының негізін салушы американ психологы ^ Дж Уотсон (1873-1958). 1913 жылы Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді. Оған психика да емес, сана да емес, сырттан бақыланбайтын, адамның қозғаушы жауап қайтаруларының жиынтығы ретінде түсіндірілетін мінез-құлық енді. Субьективтік әдістің (интроспекцияның) орнына – обьективті әдісті пайдалануды қажет деп жариялады. Қоршаған ортаға бейімделуші тіршілік иесінің мінез-құлқын зерттеуді психология міндеті деп білді. Бір онжылдың ішінде ғана бихевиоризм бүкіл әлемге таралды және психология ғылымының ең басты ықпал етуші бағыттарының біріне айналды. Расында да, мінез-құлықты бақылай отырып, біз шындығында обьективті фактілерді зерттейміз, бірақ мұндай обьективтік алдамшы немесе біздің әрбір қылығымыздың, мінез-құлық актілеріміздің артында біздің ойымыз, сезіміміз, тілектеріміз тұрады. Ойды, сезімді, ниетті білмей тұрып, мінез-құлықты білу мүмкін емес. Зерттеу пәні өзгерді (сананың орнына мінез-құлық алынды), сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды. «Сана», «түйсік», «қабылдау», «ерік» деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды. «Стимул» (сыртқы орта қоздырғышы), «реакция» (организмнің қозуға қайтаратын жауабы) және стимул мен реакция арасындағы «байланыс» (ассоциация, коннексия) негізгі психологиялық ұғымдарға айналды. Сондықтан да бихебиоризмді көбінесе стимул-реактивті теория немесе С-Р ассоциационизмі деп атайды, адам мінез-құлқында туа біткен ештеңе жоқ және оның кез келген көрінісі – сырттан ынталандырудың өнімі деп айтты. Ол мінез-құлық ұғымына бір жақты ғана мағына берді, яғни ғылымды «психикасыз психологияға» айналдырды.

Гештальт психология Германиядағы психикалық мектеп. Оның негізін қалаған Макс Вертгейлер (1880-1943) жәнет В. Келер (1887-1967), К.Коффка (1886-1941) Ассоциативті психологияға қарсы болды. Мақсаты: жеке психикалық процестің құрылымын тәжірбие жүзінде зерттеу. гуманистік бағыттың негізі болып табылады. тұлғалық қасиеттерінің өсуіне негізделеді. Гештальт деген сөзді неміс тілінен аударғанда «форма» сөз, яғни барлық ұсақ бөлшектердің бірігуі және органикалық бүтінді құрайды.

Психоанализ (З.Фрейд, А. Адлер, К. Юнг, К. Хорни)

Гуманистік психология (А. Маслоу, Роджерс)

Когнитивті психология (Дж. Брунер, Д. НОрман, Л. Фистингер).

Интерактивная психология (Э. Берн). адамды зат ретінде қарастырады, адамдармен өзара әрекет, қарым-қатынас негізгі мінездемесі болып табылады. Психологияның мақсаты-қарым-қатынас, өзара қатынас, қақтығыс, өзара әрекеттестіктің заңдылығын үйретеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *